Облыс әкімінің аптадағы жұмысы

20 желтоқсан

  1. Облыс әкімдігінің отырысы

Нәтиже: Бос жер телімдері мен инженерлік коммуникациялардың Интербелсенді картасын жасау арқылы Бизнестің ары қарай дамуын қолдау бойынша бағдарламаны әзірлеу тапсырылды;

- бизнесті жүргізу жеңілдігі рейтингісі бойынша мақсатты индикаторлардың орындалуы бақылауға алынды;

 - Алакөл көлі, Бұқытрма су қоймасы жағалауларында орналасқан демалыс базаларынан салық жинау бағдарламасын әзірлеу басталды;

- концессиялық жобаларды іске асыруға жекеменшік инвесторларды тарту бойынша Іс-қимыл жоспары әзірленді

 

  1. 2.       Қалалар мен аудандар әкімдерімен кеңес

Нәтиже: Қалалардың, аудан орталықтарының және шалғайдағы елдімекендердің Интернет желісіне қолжетімділігі сапасына талдау жүргізу, Интернет желісіне қолжетімділікті барынша қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар енгізу тапсырылды;

  - қалалар мен аудан орталықтарының орталық бөліктерін абаттандыру және жарықтандыру бағдарламалары әзірленді

 

  1. 3.       Облыс әкімі ҚР Үкіметінің селекторлық режимдегі отырысына қатысты

 

21 желтоқсан

 

Облыс әкімі Өскемендегі Құқықтық қызметтер орталығының ашылуына байланысты іс-шараға қатысты

Нәтиже:  Бір терезе принципі бойынша орталық жұмысы басталды. Азаматтарға арналған барлық құқықтық қызметтер осы орталықта орналасқан.   

 

22 желтоқсан

 

  1. 1.       2018 жылы АӨК нысандарын шағын неиселендіру бойынша индикативті жобалар және ауыл шаруашылық кооперативтерін 2017 жылғы көлемде шағын несиелендіру бойынша кеңес

 

Нәтиже: «Ауыл шаруашылығын қаржылау қолдау қоры» АҚ және «Аграрлық несиелік корпорация» АҚ талаптарына сәйкес шағын несиелер алуға арналған әрбір кооперативтің құжаттама әзірлеу бойынша іс-қимыл алгоритмі ұсынылды;

- «АШҚҚҚ» АҚ және «АНК» АҚ талаптары бойынша әрбір кооператив (2018 жылға арналған индикативтік көрсеткіштер бойынша 27 кооператив) бойынша қажетті құжаттамалардың толық жиынтығы туралы ақпарат ұсынылды;

- «Сүтті және етті мал шаруашылығын дамыту бойынаш қысқамерзімдік шаралар туралы» бағдарлама әзірлеу тапсырылды;

 2. Облыс әкімі ҚР Президенті және облыс әкімі атынан ұсынылған балалардың жаңажылдық Шыршасы мерекесіне қатысты.

Нәтиже: Балаларға сыйлық ретінде 450 дана ноутбук таратылды.