Жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі жастар арасында «Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін» Шығыс Қазақстан облысы әкімінің сыйлығына конкрус жариялайды. Конкурстық құжаттар Өскемен қаласы, Потанин көшесі, 27/1, мекенжайында орналасқан Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ кеңсесінде 2017 жылғы 17 қарашаға дейін қабылданады. Конкурстың ережесі http://www.dvpvko.gov.kz сайтында орналасқан. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің «Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін» атты жыл сайынғы сыйлықтарын табыстау туралы ереже. Анықтама телефоны: 8 (72 32) 610-942, 710-234.