Облыс әкімінің аптадағы жұмысы

ШҚО әкімінің жұмыс күндері

23-27 қазан 2017 ж.

 

23 қазан

1. Шағын аппарат жиыны

Нәтиже: «Менің мектебім» акциясы аясында «Парыз» қорына «Туған жер» форумында кәсіпкерлер жария еткен қаражаттардың аударылуы бақылауға алынды.    

 

24 қазан

1. Өскемен қаласындағы нысандарды аралау   

Нәтиже: Жібек Жолы көшесінен К.Маркс даңғылына дейінгі аралықтағы Сәтпаев даңғылын қайта құру бойынша жұмыстар жалғасуда, жобалық-сметалық құжатқа өзгертулер енгізілді.  

Жұмыс деңгейінің төмендігі мен бөлінген қаражаттың игерілмеу қаупі салдарынан Лопатино аралы маңындағы Ертіс өзені арқылы Ахмер аулынына дейін өтетін жолды қайта құруға бөлінген бюджет қаржысы Өскемендегі 200 төсек балалар ауруханасының құрылысы жобасына аударылды. 

Үлбі өзені жағалауы қорғанын абаттандыру және Крылов көшесі арқылы Үлбі өзенінен өтетін көпірдің жүру жолағын кеңейту бойынша шаралар қолға алынды.

Карбышев, Серікбаев, Потанин көшелерін кеңейту бойынша мәселе қаралды. 

2. Концессиялық жобаларды жүзеге асыру бойынша жиын

Нәтиже: Семей қаласындағы Қарағайлы шағын ауданында 320 орындық және «Ұшақтар» ауданында 280 орындық балабақша құрылысы бойынша іс-әрекет алгоритмі дайындалуда.

Өскемен мен Семейде орнату жоспарланған шамдардың кепілдік мерзімін 10-нан 15 жылға дейін ұзарту мәселесі қарастырылды.

Астана үлгісінде «Қауіпсіз ақылды қала» жобасын жүзеге асыру бойынша ұсыныстар енгізілді. 

3. «Нұрлы жол» және «БЖК-2020» бағдарламалары аясында бөлінген қаражаттарды игеру бойынша жиын

Нәтиже:  Шүлбі кентінің тазартқыш ғимаратындағы су тарту жүйесін қайта құру бойынша жұмыстарды орындау кестесі дайындалды.

Жыл соңына дейін «Семей қаласының Қайнар ауылынындағы су тарту желілерін қайта құру», «Риддер қаласындағы 1,6,7 шағын аудандардағы жылу беру желілері үшін циркуляция сорғысы стансасы», «Семей қаласындағы су тарту желілері мен «Затон» су тоғанын қайта құру» нысандары бойынша бөлінген қаражаттар игеріледі.   


25 қазан

1. Бюджеттік бағдарламалар қаржысын әкімшілері мен қала және аудан әкімдерінің игеруі бойынша жиын

Нәтиже: жаңа заман талабына сай құрал-жабдықтарды орнату үшін мектеп кабинеттерін дайындау кестесі жасалды. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» стандартына сай келетін жиһазды жеткізушілердің ішіндегі үздіктері бойынша ұсыныстар енгізілді. Журналистер мен депутаттардан құралған қоғамдық бақылау облыс мектеріне жаңа жабдықтарды жеткізу және құрастыру жұмысын қадағалайтын болады.  

 

26 қазан

1. МЖС жобалары бойынша «Shapoorji » (Үнді) компаниясымен кездесу

Нәтиже: мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында бірнеше жобалар бойынша іс-әрекет алгоритмі дайындалуда:

- «Өскемен қаласында Виноградов көшесі арқылы Ертіс өзенінен «Өскемен-Таврия» автомобиль жолына шығатын көпір өткелі құрылысы»;

- «Күршім ауданындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір өткелін салу және пайдалану»;

- «Өскемен қаласында 300 төсек көпсалалы аурухана салу және пайдалану»;

- «Семей қаласында 200 төсек қалалық балалар ауруханасын салу және пайдалану».

 

27 қазан

Астана қаласына жұмыс сапары