Облыс әкімінің аптадағы жұмысы

                          ШҚО әкімінің жұмыс күндері

16-20 қазан 2017 ж.

16 қазан

1. Шағын аппарат жиыны

Нәтиже: Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарының барлық жобалары егжей-тегжейлі қаралды. Облысты газдандыру бойынша Еуразиялық қайта құру және даму банкімен бірлескен жобаны жүзеге асыру мүмкіндігі қарастырылуда.  

ЖЭО-1 жобасы бойынша жұмысты бітіру үшін 2018 жылы республикалық бюджеттен қаражат бөлу мәселесі шешіліп жатыр. 

Павлодар облысының үлгісінде мұғалімдер мен дәрігерлерге жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жоба дайындау туралы тапсырма берілді.

 

17  қазан

1. Селекторлы режимдегі ҚР Үкіметінің отырысы

Нәтиже: аймақтағы апатты жағдайдағы және үш ауысымда білім беретін мектептер туралы ақпарат дайындалуда. Сонымен қатар, ШҚО инклюзивті білім беру мәселесі зерделеніп, оқыту үрдісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану мүмкіндігі қарастырылуда.

2016 жылдың қыркүйек, қазан, қараша айларының экономикалық өсім деңгейінің салыстырмалы талдауы және 2017 жылдың қорытындысы бойынша облыс экономикасының өсімі бойынша алдын-ала күтілетін мәліметтер жасалуда.

2. «Нұр Отан» партиясы ғимаратында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау

Нәтиже: келесі жылы облыс орталығының 22-шағын ауданындағы 140 жер учаскесіне инженерлі-коммуникациялық желі тартылады. Сонымен қатар, Самсоновка ауылынан Жаңа-Троицкіге дейінгі 22 шақырымды құрайтын жолды жөндеу мәселесі қаралды.

 

17 қазан

1. Облыстық әкімдік жиыны

Нәтиже: сүт дайындау бойынша құрылған ауылшаруашылық кооперативтері жұмыстарының тиімділігіне талдау жүргізілуде.

Алматыға ШҚО сүт жеткізу мәселесі қаралуда.  

Облыстың өзге аймақтарынан Семейде бой көтеріп жатқан «AGROPORTAL» ЖШС комбинатын шикізатпен қамтамасыз ету бойынша жоспар дайындау барысы бақылауға алынды. 

Қысқы спорт түрлерінен ШҚО кәсіби клубын құру мәселесі қарастырылуда. 

Аймақтық индустриалды аумақтарына инженерлік инфрақұрылым тарту үшін 2018 жылы бюджеттен қаражат бөлу туралы тапсырма берілді. 

Егістік кешенін құру бойынша зауыт құрылысы жобасын жүзеге асыру аясында жұмыстар жалғасуда. 

Сібе көлінің жағалауынан берілген жер учаскелерінде құрылысты бастағанын растайтын құжаттардың бар-жоғы тексерілуде. Сонымен қатар, бұл мәселе Алакөл жағалауындағы жер телімдеріне де қатысты. 

Бұқтырма су қоймасының жағалауында орналасқан демалыс базаларын экологиялық талаптар мен мемлекеттік стандартқа сәйкестігіне тексеру үшін жұмыс комиссиясы құрылды.  

Үржар ауданы әкіміне Алакөл көлінің жағалауын абаттандыру бойынша жұмыстарды жалғастыру және Алакөл көлінің сол жақ жағалауын абаттандыруға жобаны дайындау тапсырылды. 

«Өскемен - Жалаңашкөл» бағыты бойынша (жазғы маусым кезінде – мамырдың аяғы мен қыркүйекке дейін) теміржол құрылымын іске қосу мәселесін қарастыруды жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына тапсырылды. 

 

2. Өскемендегі жаңа аулаларды аралау

Нәтиже: облыс әкімі Даниал Ахметов аулаларында абаттандыру жұмысы жүргізілген Питер Коммунарлар көшесіндегі үйлердің тұрғындарымен кездесті. Мұнда жаңа ойын және спорт алаңқайлары қойылған. Жүру жолағы мен көлік тұрағы кеңейтіліп, жарық тартылды. Жобаға 50 миллионнан аса теңге жұмсалды. Үш жыл ішінде Өскеменнің тұрғын үйлеріне қарасты 311 ауласын қалпына келтіріледі. Аймақ басшысы сондай-ақ, «Менің аулам» жобасы бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілген Космическая көшесін аралады.

 

3. Жарма ауданына жұмыс сапары

 

18 қазан

1. ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен «Жасыл экономикаға» өту бойынша Кеңес отырысы  

Нәтиже: жиналған қатты тұрмыстық қалдықтарды ұйымдастыру және оны ары қарай өңдеу мүмкіндігін зерделеуге қызығушылық білдіретін органдардың арнайы комиссиясын құру тапсырылды.   

 

2. «Туған жер» форумы

 

20 қазан

1. Өскемен мен Семейде әуежай құрылысы туралы жиын

Нәтиже: «ӘКК «Ертіс» ҰҚ» АҚ «Өскемен қаласының әуежайы» АҚ  және басқа ұйымдармен бірге 2017 жылдың қарашасында Өскемен халықаралық әуежайының ұшып келу терминалының құрылысы бойынша барлық жөндеу жұмыстарын аяқтау тапсырылды.  

Семей қаласының әкімі мен жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына 2018 жылдың шілдесіне дейін Семей әуежайының ұшу-қону жолағын, жермен жүру жолдарын, аэробекетті қайта құру жұмыстарын бітіру тапсырылды.