Облыс әкімінің аптадағы жұмысы

ШҚО әкімінің жұмыс күндері

9-14 қазан 2017 ж.

 

9 қазан

Кеңейтілген аппарат жиыны 

Нәтиже: Өскемен әкіміне облыс орталығындағы Бажов көшесінде жөнделген жүру жолын стандарттарға сай ету үшін шара қолдану  тапсырылды.

2018 жылғы республикалық және облыстық маңыздағы жолдардың орта жөндеу жұмыстарына келесі жол учаскелері қосылды: «Өскемен - Таврия» (20 км), қашықтығы 60 км «Семей – Шүлбі СЭС дейін», «Өскемен - Шемонаиха» (56-80 км), «Шыбынды көліне баратын бағыт» (5 км), «Көк Тау» демалыс базасына баратын бағыт» – 8 км.    

Өскемен мен Семейде орта жөндеу жұмыстары жүретін жолдардың ауқымын арттыру 2018 жылдың жоспарына енгізілді (25 км дейін).

Шыбындыкөл көлінің дамыту жоспары жасалуда.  

«Көк Тау» демалыс базасында зейнеткерлердің демалысын ұйымдастыру мәселесі шешіліп жатыр.   

Өскемен әкіміне (Тұмабаев Қ.М.) Ертіс өзені (Сәтпаев даңғылынан Жібек жолына дейін) арқылы өтетін көпірді қалпына келтіру бойынша жұмысты жалғастыру тапсырылды.  

2018 жылға маңдайалды жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда – Самар тас жолына Сәтпаев даңғылына шығатын автожол, К.Маркс даңғылынан Алматы тас жолына шығатын жол құрылысы, Ахмер ауылынан Алматы тас жолына дейінгі жолды қалпына келтіру.   

«Автомобиль жолдары мен елді-мекендерде сыртқы жарнама құралдары» Ұлттық стандарт талаптарына сай келмейтін жол бойындағы жарнама конструкцияларының санын азайту, бөлшектеу жұмыстары жалғасуда.  

ШҚО аумағында сыртқы жарнаманы орналастыру ережелері жасалуда.    

 

10 қазан

1. ҚР Үкіметінің селекторлық режимдегі жиыны

2. Еуразиялық қайта құру және даму банкі бойынша жиын

Нәтиже: Өскемен қаласындағы қоғамдық көліктерді жаңғырту жобасы аясында әлеуметтік маңыздағы автобус бағдарлары бойынша ЕҚҚДБ кеңесшілеріне субсидия төлеу турасында қаржылай көрсеткіштер мен ұсынылған шешімдер, ТЭН бойынша алдын-ала жасалған қорытындыларына терең талдау жасалуда. 

 

11 қазан

Астана қаласына жұмыс сапары

  

12 қазан

Цифрлендіру бойынша жиын

Нәтиже: қызмет көрсететін қалалық ұйымдар мен құқық қорғау органдарының сапасын, өнімділігін, аралас белсенділігін арттыру мақсатында «Smart Astana» жобасын енгізу және жүзеге асыру тәжірибесі зерделенуде. Аймақта осындай технологияны қолдану бойынша жоба жасалуда.  

 

13 қазан

1. Зырян ауданына жұмыс сапары

Нәтиже: 9,10 шағын аудандарда азқабатты тұрғын үйлер және Зырян қаласының орталығында көпқабатты үйлердің құрылысы жобасы дайындалуда.

Зырянда дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысы мәселесі қаралуда.

2018 жылы сауынды сиыр қатарын 800 басқа дейін жеткізу мүмкіндігі бар «Бородино» шаруа қожалығында сүт-тауарлы фермасын қайта құру бойынша жұмыстар жалғасуда.

Зырян қаласындағы орталық аурухана негізінде инсульт орталығын құру бойынша ерекшеліктері талқылануда.

Зырян қаласында «есту және сөйлеу қабілетінде ауытқушылықтары бар балаларға арналған №2 түзету мектеп-интернаты» КММ негізінде спорт алаңын салу мәселесі шешілуде.

«Зырян қ. Аудандық қазандықты қайта құру» нысанындағы жұмыстарды жылдың аяғына дейін бітіру көзделіп отыр.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өлкетану және Зырян ауданының тарихын зерттеу жұмыстары жанданады. Сонымен қатар көне халық шығармашылығын жинақтау ісі қолға алынады.

 

2. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында көшпелі жиын 

Нәтиже: жер, коммуналдық және әлеуметтік мәселелер бойынша тегін кеңес берулері үшін «Бір терезе» қағидасы аясында кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының қызметіне жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы, прокуратура, әділет департаменті, мемлекеттік кіріс, «ШҚО бойынша МЖС аймақтық орталығы» АҚ өкілдерін тарту шаралары қолға алынды.   

       Қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында «Бір терезе» қағидасы аясында кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының жұмысына талдау жүргізілуде.