Облыс әкімінің аптадағы жұмысы

                               ШҚО әкімінің жұмыс күндері

                                     

         25 қыркүйек

1. Шағын аппарат жиыны

Нәтиже: ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты денсаулық сақтау, білім және әлеуметтік маңыздағы өзге нысандар мен тұрғын үйлерге жылу беру басталды.

2017 жылдың қорытындысы бойынша облыстық басқармалардың, қалалар мен аудан әкімдіктерінің бюджет қаражатын игеруі аса бақылауға алынды.

2018 жылы аграрлық секторды несиелеу бойынша Индикативті жоспар істелініп жатыр.

30.10.2017 жылға жоспарланған Комендантка арнасын абаттандыруды аяқтау жұмысы бақылауға алынды. Сонымен қатар, «Нұрлы жол» саябағын көгалдандыру ісі де аяқталуы тиіс.

Өскемендегі 19-шағын ауданда саябақ аймағын орналастыру жобасы, сонымен қатар, облыс орталығындағы жолдарды кеңейту мен дамытуға арналған бас жоспар дайындалуда. 2018 жылы жолдарды орта жөндеу, Семейдің орталық аумағын абаттандыру бағдарламасы әзірленді. Бұдан бөлек 2018 жылға Өскемен мен Семейдегі шағын аудандарды абаттандыру бағдарламасы дайындалып жатыр. Аталған қалалардағы аулаларды абаттандыруға бағытталған жобалалардың жасалынуы бақылауда.

ҒЗТКЖ және Өскемен мен Семейдегі индустриалды аймақтарды дамыту жобалары бойынша апта сайын жиын өткізіледі. 

 

2. Облыстық және республикалық маңыздағы жолдарды жөндеу бойынша жиын

Нәтиже: 2018 жылы республикалық маңыздағы автомобиль жолдарының орта жөндеу жұмыс жоспарына «Өскемен-Семей» бағытындағы жолдың аумақтарын жөндеуді қосу мәселесі қаралды.

2018 жылы облыстық маңыздағы жолдарды қысқы ұстау және ағымдағы жөндеу жұмыстарына қаражат бөлу, сонымен қатар келер жылы Өскемендегі Жибек жолы көшесінен бастап Сәтпаев даңғылы мен К.Маркс даңғылына дейінгі жолды қайта құру жұмыстарын аяқтауға, облыс орталығының жолдарын жаңартуға бағытталған өзге де қолға алынған жобалаларды бітіру үшін қаражат бөлу мәселесі қарастырылуда.

 

3. Семейдегі Радиологиялық орталық құрылысы бойынша жиын

Нәтиже: ақысы төленген, бірақ іске қосу мен жөндеу жұмыстары атқарылмағандықтан қаражатты өндіру үшін радиологиялық орталықты салып жатқан бас мердігерге талап қою арызын беру бойынша іс-шаралар қолға алынды. Орталықтың диагностикалық бөлігіндегі іске қосу және жөндеу жұмыстары бойынша ЖСҚ түзетулер жүргізілуде.

 

4. Жер телімдерін қолдану бойынша жиын 

Нәтиже: жекеменшік компанияларға көпқабатты тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін Өскемендегі 19-шағын ауданда берілген жер учаскелерін қолданылуы туралы толық талдау жасалуда. Құрылыс жұмыстары не себепті жүрмегендігі анықталып жатыр.  Аталған учаскелер бойынша жасалған келісімшарттардың тарихы зерделенуде. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мақсатына сай қолданылмаған жер телімдерін қайтару мәселесі қарастырылуда.   

 

5. Қызметтік жиындар барысында сумен қамту, гранттар бөлу және басқа да мәселелер қаралды.    

Нәтиже: жылу беру маусымына дайындық жүргізулері үшін Курчатов қаласы әкімдігіне облыс әкімінің қорынан қаражат бөлу (40 млн.теңге) мәселесі қаралуда.

 Жарма, Көкпекті, Тарбағатай және Ұлан аудандары әкімдіктері елді-мекендерді сумен қамтамасыз ету жобалары туралы ақпараттар әзірледі. Аталған жобалалар бойынша ЖСҚ әзірлеу үшін қаражат бөлу мәселесі шешілуде. 

2016-2017 оқу жылы бойынша ҰБТ төмен көрсеткіш көрсеткен Өскемен, Риддер және Бородулиха, Шемонаиха аудандары мектептері директорларының қызметіне талдау жүргізіліп жатыр.

Облыс мектептерінің түлектері ШҚО ЖОО оқуға түсулері үшін 2018 жылы бюджеттен 400 грантқа қаражат (200 млн.теңге) бөлу мәселесі қаралу барысында. 

2018 жылы Өскемендегі Гематологиялық орталық пен Семейдегі «Абай Арена» кешені құрылысын қаржыландырудағы ерекше тұстары нақтылануда.

 

26 қыркүйек

1. Бюджет қаражатын игеру бойынша жиын 

Нәтиже: «Күршім ауданы Боран ауылындағы су құбыры құрылысы» нысанынан «Аягөз ауданы Мамырсу ауылының су құбыры желілерін қайта құру, «Катон-Қарағай ауданы Жаңа-Хайрузовка ауылындағы су құбыры желілері мен құрылысын қайта құру» нысандарына қаражатты қайта бөлу, сонымен қатар, «Рудная көшесіндегі 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы» нысанынан «Өскемен қаласындағы 19-шағын ауданда инженерлік желісімен тұрғын үй құрылысы» нысанына қаражатты қайта бөлу бойынша шаралар қолға алынды.

Шынайы қажеттілік көлемі ескеріле отырып, емханалық-дәрілік қамсыздандыру мәселесі қаралды.

«Аягөз қаласындағы 600 орындық мектеп құрылысы», «Аягөз ауданындағы Оңтүстік кентіндегі мектеп құрылысы» нысандарына бөлінген қаражатты жылдың соңына дейін игерілуі бақылауға алынды.

«Өскемен қаласындағы 20-шағын ауданда жекеменшік тұрғын үй құрылысы аумағындағы тұрғын үйлерге жарығымен 0,4кВ ауа желісінің құрылысы» нысанын ағымдағы жылдың желтоқсанына дейін іске қосу жоспарланды. 

 

2.  Концессиялық жобаларды жүзеге асыру бойынша 

Нәтиже: «VK development group» ЖШС Өскемен қаласындағы Өтепов көшесі, 14 мекен-жайы бойынша балабақша құрылысын жүргізуде. 2018 жылдың қарашасында аяқтау жоспарланып отыр.

«Востоквзрывпром» ЖШС облыс орталығында Революция көшесі, 2 мекен-жайындағы 250 орындық балабақша құрылысын 2017 жылдың қазанында аяқтайды.

  Облыс орталығында балабақшалар салу үшін концессионер жасырын келе жатыр.   

 «Eurasia Power» АҚ (Алматы) Еуразиялық банкі (АДЕБ) арқылы Өскемен қаласында концессиялық балабақшалар құрылысын қаржыландыру мүмкіндіктері қаралуда.

Ағымдағы жылы Семей қаласында 2 концессиялық балабақша құрылысы басталады («Фирма Азия» ЖШС мен «Сат Транс» ЖШС).

 Катон-Қарағай ауданы Приморск ауылындағы мектепті мектеп жанындағы лагерьге қайта құру үшін  ЖСҚ өзгерістер енгізілді, ары қарай мемлекеттік сараптамаға жіберілуі қажет.

 

27 қыркүйек

 

Астанаға іссапар

 

28 қыркүйек

 

Өскеменде өткен ауыл әкімдерінің республикалық форумына қатысу 

Нәтиже: жергілікті өзін-өзі басқаруға дербес бюджет пен коммуналдық жекеменшікті енгізу мәселесі қаралды. Форумға Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарындағы аудан, ауыл, кент, ауылдық округтерінің 500 тарта атқарушы билік өкілдері қатысты. 

 

29  қыркүйек

 

1.  «ҚР Тұңғыш Президенті Қоры» атқарушы директорымен кездесу

Нәтиже: облыс жастарын қолдауға бағытталған бірлескен жобалаларды жүзеге асыру және серіктестік мәселелері талқыланды.   

              

2. ШҚО Достық үйінің 25-жылдық мерейтойына қатысу 

Нәтиже: металлургтер мәдениет сарайы ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясына берілді. Ол жер облыс орталығының достық үйі болады.