Облыс әкімінің аптадағы жұмысы

ШҚО әкімінің жұмыс күндері

     18 қыркүйек

 1.     Кеңейтілген аппарат жиыны

Нәтиже: жұмыссыз жастар бойынша жағдай талдаудан өтіп, оларды негізгі, қосымша мамандыққа оқыту шаралары қолға алынды.     

Еуразиялық даму банкімен (ЕАДБ) жүзеге асырылып жатқан жобалардың байқау қорытындылары бойынша БАҚ пен қоғамдық ұйым өкілдерімен конверттерді ашуға дайындық жүргізілуде.    

2018-2020 жылдарға арналған жарықтандыру мен көгалдандыру есебімен қоса «Менің аулам» бағдарламасы құрылуда.  

Аймақтық тұрақтандыру қорының азық-түлігі сақталған арнайы қоймаға журналистерді апару дайындығы жүріп жатыр. Оларды сақтау шарттарымен таныстырады. 

2018 жылға Алакөл көлін ары қарай абаттандыру мәселесі қаралуда. «Защита-Жалаңашкөл» бағыты бойынша теміржол бағдарын ашуға бюджеттен қаражат бөлу мүмкіндігі қарастырылуда. 

2.     Мектеп және мектепке дейінгі мекемелерге арналған жиһаз өнімдерінің көрмесі

Нәтиже: ШҚО жергілікті жиһаз шығарушыларымен бірге мектептер мен мектепке дейінгі мекемелерге сапалы өнім шығару мүмкіндігі, сондай-ақ тауар өндірушілерді саралай отырып, оларға заманауи жабдықтар сатып алулары үшін «Даму» КДҚ» АҚ арқылы жеңілдетілген несие беру мәселесі қаралып жатыр. 

3.     Индустриаландыру Картасы енген жобалар бойынша жиын 

Нәтиже: «Қазақцемент» ЖШС «Құрғақ әдіс бойынша цемент зауытының құрылысы» жобасының жоспарға сай толық 100 пайыздық жұмысқа шығуы бақылауға алынды. 2017 жылдың соңына дейін Кәсіпкерлікті қолдау картасына енген төрт жоба іске қосылады («Заманауи жабдықты іске қоса отырып, майлы дақылдарды өңдеу бойынша зауыт құрылысы» «ТАГ-ТИН» ЖШС, Өскемен қ.; «Алтын шығару фабрикасында кен өңдеу көлемін және шығарылатын өнім қатарын арттыру» «Алтай Кен-Байыту» ЖШС («Алтын ММ» ЖШС), Глубокое ауданы; «Өндірісті жаңғырту: корпус бөлшектерін - DN300-1200 корпус тиектерін дәнекерлеу үшін роботтандырылған дәнекерлеу кешенін енгізу» «Өскемен арматура зауыты» АҚ; «Эмаль сымдарды шығаруға арналған жабдықтар жиынтығын жаңарту» «Казэлектромаш» ЖШС, Семей қ.).

4.     Ауыл шаруашылығы кооперациялары, сүтті мал шаруашылығы бағдарламасының жүзеге асуы, «Туған жер» бағдарламасы мәселелері бойынша әкімдермен селекторлы жиын 

Нәтиже: «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікді дамыту бағдарламасының» екінші бағыты бойынша қарыз алушылардан түскен өтініштерді, сонымен қатар Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының жарғылық капиталынан тартылған қаражатты қарастыру жұмысы жылдамдатылды. Жасалған келісімшартқа сай уақтылы дайындау және сүт қабылдау және мал сою пункттеріне арналған модульді қондырғыларды орнату жұмысына бақылау қойылды.   

ҚР ауыл шаруашылығы министрлігімен бірге «Үлбі модульдік компаниясы» ЖШС етті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында республикадағы салынып жатқан мал сою цехтары, пункттері мен алаңдары үшін қажетті көлемде модульді жабдықтарды анықтау мен дайындау мәселесі қарастырылып жатыр. 

«Туған мектеп» бағдарламасы бойынша 404 кабинетті жаңа түрлемімен қамтамасыз ету үшін (Өскемен қаласының «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ үлгісінде) жиһаз шығаратын, оның ішінде  европалық стандартқа сай келетін жиһаз жасай алатын ШҚО кәсіпорындары бойынша ұсыныс енгізілді.

19 қыркүйек

1.    Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыс бойынша жиын  

Нәтиже: облыс орталығындағы ірі кәсіпорындармен бірге өнертапқыштардың жобаларын жүзеге асыру бойынша Жол картасы дайындалуда.  

20 қыркүйек

1.     Семей қаласына жұмыс сапары

НәтижеСемейдегі Ертіс өзені бойын абаттандыру бойынша жұмыстар жалғасуда, Street-workout алаңдары, жүгіру жолағы жасалып, жаттығу құралдары қойылуда, түрлі-түсті жарық тартылып, көгалдандырылып, балалар алаңы кеңейтілуде.    

Қылқанды ағаштар егіліп, қаланың орталық алаңындағы жарық беруші тіреулер ауыстырылды. 

«Абай-арена» кешенінің қасынан тұрғын үйлер, Қарағайлы шағын ауданында балабақша салу және ЖСҚ әзірлеу бойынша шаралар қабылданды.

РК-З қайта құру бойынша үшінші кезекке қосу, басқару қалқанын ауыстыру бойынша шаралар қабылданды.   

Семей қаласы әуежайының ұшу-қону жолағының, жермен жүру жолағы, аэровокзалды қайта қалпына келтіру жұмыстарының барысы бақылауға алынды.

Жылжымалы теміржол құрамына арналған тежегіш қалыптарының өнімдерін сертификаттау барысы аяқталу үстінде.  

Радиологиялық орталықтағы диагностикалық бөлімді іске қосу бойынша Жол картасы әзірленуде. 

2.     Мемлекеттік органдар мен халықтың арасындағы кері байланысты ұйымдастыруға, денсаулық сақтау саласын цифрлендіруге бағытталған жобалардың таныстырылымы бойынша жиын 

Нәтиже: Кері байланыс жүйесімен жұмыс істеу үшін жұмыс тобы құрылды. Жобаны жүзеге асыру бойынша іс-қимыл алгортимі ойластырылуда. Жұмысқа облыс орталығы университеттерінің сарапшылары жұмылдырылды. ШҚ облыстық және №1 қалалық ауруханаларында ELSI Med ақпараттық жүйесін қолдану тиімділігі бойынша талдау жүргізілуде.  

3.     Тұрғын үй құрылысы бойынша жиын 

Нәтиже: Жобалық-сметалық құжаттары дайын тұрғын үй құрылысының 42 жобасы бойынша, сонымен қатар ЖСҚ түзетулерді талап ететін, жүзеге асуы жоспарланған 72 жоба мен ЖСҚ жасалынып жатқан 71 жоба туралы дайындаушыларды және дайындау мерзімін көрсете отырып ақпарат дайындалды. 2017 жылы салынып жатқан және 2018 жылы жоспарланған тұрғын үй құрылыс орнына инженерлік инфрақұрылым желісін тартуға қаражат бөлу мәселесі қарастырылды. «Қазақстан тұрғын үй жинақ банкі» АҚ үшін тиімді деңгейге дейін Зайсан ауданында салынып жатқан 60 пәтерлі 2 үйдің бір шаршы метрінің құнын арзандандату мәселесі зерттеуге алынды. 

Өскемендегі 19-шағын ауданда берілген 37 жер учаскелері бойынша талдау жасалуда. Жер учаскелерінің иелерімен кездесу ұйымдастырып, үй құрылысына қажетті жобалық-сметалық құжаттың бар-жоғын тексеру, егер жерді мақсатсыз қолданған болса, ҚР заңнамасына сәйкес сот арқылы мемлекет мүддесі үшін кері алу шараларын қолға алу тапсырылды. 

Облыстық драма театр артынан тұрғын үй құрылысын жүргізу мәселесі қарастырылуда. 

21 қыркүйек

1.    Қала мен аудан әкімдерімен жиын.  

Нәтиже: Ауылдарға интернет желісін тарту мәселесі қаралуда.  

Алматы қаласы әкімдігімен бірлескен кооперация құру туралы келіссөздер жүруде. Сүт өнімдерін импорттау бойынша талдау жасалынып, ШҚО сүт зауыттарының мүмкіндігі зерделенуде. Алматы қаласының мейрамхана иелерінің қауымдастығымен кездесу ұйымдастырып, ШҚО жоғары сападағы ет жеткізу мәселесін қарастыру тапсырылды.

Сумен жабдықтау және су тарту нысандарының құрылысы бойынша ЖСҚ дайындау бақылауға алынды. 

Облыс мектептері үшін 4000 дана атлас пен 1000 дана «ШҚО физикалық географиясы» оқу құралын сатып алуға 2018 жылғы бюджеттен қаражат бөлу мәселесі қаралуда. 

2.     Семей қаласындағы радиологиялық орталықтың құрылысы туралы жиын 

Нәтиже: ШҚО радиологиялық орталықтың диагностика бөлімін іске қосу үшін жергілікті бюджеттен қаражат бөлу бойынша заңды түрде негізделген ұсынысы бар ақпарат дайындалуда.  

3.     «Трамвай паркі» АҚ мәселесі бойынша жиын

Нәтиже: ШҚО мемлекеттік кіріс департаментіне банктің бас кеңсесімен келісілген салық салуға жататын активтердің құнын негізсіз төмендеткені үшін «Трамвай паркі» АҚ қатысты қылмыстық іс қозғау туралы арыз беру тапсырылды.

4.     Роботталған хирургия орталығын құру туралы жиын

Нәтиже: таза ғимараттар кешенімен роботтандырылған хирургиялық орталық пен Симуалициялық орталық құру үшін есеп-қисап жасалуда.   

22 қыркүйек

Аягөз ауданына жұмыс сапары

Нәтиже:  Салынып жатқан құрылыс нысандарына кәріз жүйесіне каналдар мен оған апарар жол салу үшін жобалау мәселесі қарастырылуда, ұсыныс енгізу қажет. Сонымен қатар Аягөз қаласындағы 5 қабатты 60 пәтерлі тұрғын үй құрылысына жеке инвестиция құю жағдайы қаралуда.  

Аягөз ауданындағы құрылыс материалдары комбинатының құрылысы бақылауға алынды.

«Даму» КДҚ» АҚ арқылы Аягөз қаласындағы «Орталық» қазандығының жөндеу жұмыстарын қаржыландыру мәселесі қаралуда. 

23 қыркүйек

Ауыл шаруашылық кооперациялары, сүтті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері бойынша әкімдермен селекторлы жиын

Нәтиже: «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының 2 бағыты бойынша несие алу және Қордың жарғылық капиталының қаражатын тарту үшін Өскеменнен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ түскен әр өтініш бойынша талдау жүргізілуде.   

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының екінші бағыты бойынша қаражатты игеру және Қордың жарғылық капиталынан тартылған қаражаттың өтеу кестесі зерттелді. ҚР ауыл шаруашылығы министрлігіне 2017 жылға «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына» бағдарламаның екінші бағыты бойынша бөлінген қаражатты игеру мерзімінің бұзылғандығы туралы телефонограмма жолданды.  

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының 2 бағыты бойынша және Қордың жарғылық капиталынан тартылған қаражаттардың игерілуіне күн сайын мониторинг жүргізілуде.   

Қалалар мен аудандарда бағдарламаның екінші бағыты бойынша Қордың жұмысын талдайтын жұмыс тобы құрылды.