Облыс әкімінің аптадағы жұмысы

9 қыркүйек

 1. Сүтті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру бағдарламасы бойынша қала және аудан әкімдерімен селекторлы жиын

Нәтиже: Кооператив құру, оған қатысушыларды тарту, индикативті көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша жұмыстар жалғасын тапты. Сүт-тауарлы фермалар құрылысы мен қалпына келтіру бағытында жұмыстар атқарылуда. Егін жинау науқаны кестеге сай жүріп жатыр. 

Тұрғын үй және әлеуметтік-мәдени маңыздағы нысандарын жылу беру маусымына дайындау барысы бақылауға алынды. 

Модульді жабдық алу, дайындау және орнату үшін келісім-шарттарға қол қоюды жылдамдату, сонымен қатар ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге мезгілінде несиелер мен субсидияларды төлеу мәселесі қаралды.

Қолданыстағы Бюджет кодексі негізінде құрылысында заманауи жабдықтарды қолданатын, қалпына келітіріп және істегісін қайта жаңғыртатын сүтті-тауарлы фермаларды субсидиялау мүмкіндіктерін қарастыру ұсынысы енгізілді.

2018 жылға құрылысы енді басталатын тұрғын үйлер көлемін 700 мың ш.м дейін  арттыра отырып, 2018-2020 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысының Жоспары жасалуда.

2. Өскемен тұрғын шағын ауданында жиын 

 Нәтиже: Питер коммунарлары көшесіндегі 20, 22, 24, 26 тұрғын үйлерінің аулаішілік аумағын абаттандыру бойынша іс-шаралар қолға алынды. Жоспарға сай 2018 жылы жүзеге асатын аулаларды абаттандыру ісінің типтік жобасы жасалды. 2018 жылы Өскеменде 103 үй аулаларының аумағын абаттандыру жұмысын қаржыландыру бойынша ұсыныстар енгізілді. Аталған жұмыстарға депутаттық және қоғамдық бақылау жасау мәселесі қаралды. ЖМК шағын ауданына қарасты аумақты абаттандыра отырып,  су арнасын жүргізу мәселесі қаралып, ұсыныс енгізілді.

Облыс орталығында 200 төсек балалар ауруханасы құрылыс жұмыстарын аяқтау кестесі әзірленді. 

Омарташыларға субсидия беру мәлесесі қаралды.

3. Тұрғын үй құрылысы бойынша жиын

Нәтиже: Өскемен мен Семейдегі 2018 жылы құрылысы енді басталатын тұрғын үйлер көлемін 700 мың ш.м дейін арттыру бойынша барлық мәселе жеке-жеке қаралды.   

Өскемендегі 18, 19 шағын аудандарда берілген жер учаскелері бойынша талдау жүргізілуде. 

 

11-12 қыркүйек

1. Қазақстан-Қытай аймақаралық ынтымақтастық Форумына қатысу,  Наньнин қ., КХР. 

 

13 қыркүйек

1. Құрылыс бойынша жиын  

Нәтиже: «Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ желісі бойынша Зайсан ауданында екі 60 пәтерлі үй құрылысының мәселесі шешілді. 2017-2020 жылдары несиеге берілетін үйлерді қолданысқа беру есебі әзірленді, «Қазақстан ТҮҚЖБ» АҚ ШҚФ мүмкіндігімен есеп ара қатынасы белгіленді. 2017-2020 жылдарға бөлінген 318 үй ЖСҚ бары туралы ақпараттар әзірленіп, берілді. Семейдегі Ақсай шағын ауданында бірегей ықтимал салушыны шақыру арқылы жер учаскелерінің иелерімен кездесуге, жеке тұрғын үй құрылысы бойынша 7-8 жобаның таныстырылымына дайындық жүруде.

2. Дәрі-дәрмек құралдарын сатып алу бойынша жиын

Нәтиже: Дәрі-дәрмек құралдарына тұрғындардың қажеттілігі туралы салыстырмалы талдау жасау.  

Облыс денсаулық сақтау желісін дамытудың бірегей болашағы бар жаспар дайындалды.

3. Германия елшісі Рольфом Мафаэльмен кездесу

Нәтиже: Шығыс Қазақстан мен Германияның экономикалық, әлеуметтік және мәдени саладағы ынтымақтастығы қарастылды.