Жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын және бюджеттік программа жобаларын  "Ашық НҚА" және  "Ашық бюджеттер" интернет-порталында талқылау.


Ашық нормативтік құқықтық актілер https://legalacts.egov.kz/
 
Ашық нормативтік құқықтық актілер – Ашық үкіметтің тағы бір компоненті болып табылады. Бұл портал қоғамдық бастамаларды, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және де мемлекеттік органдардың шешімдерін сараптауға азаматтардың қатысуын қамтамасыз етеді.  
Осыған дейін электрондық үкімет порталында міндетті түрде мемлекеттік қызметтердің стандарттары талқыланған болса, «Ақпаратқа қолжетімділік туралы» Заңының қабылдануының арқасында барлық заң жобалары, нормативтік құқықтық актілер жобалары міндетті түрде нормативтік құқықтық актілер  интернет порталында қоғамдық талқылаудан өтеді.

Ашық бюджеттер http://www.budget.egov.kz
Портал азаматтардың мемлекеттік «бюджеттік жоспарлау» ұғымының тұжырымдамасымен тереңірек танысып,белсенді азаматтық позицияны бюджет қаражатының жұмсалуын қоғамдық бақылауы арқылы дамыту үшін құрылған.
Ашық бюджеттер порталында бюджеттік есептілік, шоғырландырылған қаржы есебі мен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелері туралы ақпарат орналасқан. Сондай-ақ, бюджеттік бағдарлама жобаларының және өткен қаржылық жыл бойынша бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерінің қоғамдық талқылауы өтеді.
Қоғамдық талқылау, мемлекеттік бюджет қаражатын бөлу үрдісіне халықтың белсенді қатысуы арқылы, азаматтар мен үкімет арасындағы өзара қатынасты нығайтуға бағытталған. Азаматтар, мемлекеттік органдар ескеріп, алдағы жұмыстарында есепке ала алатын ұсыныстарды, бюджеттік бағдарламалар жобалары/бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептері бойынша ой-пікірлерді енгізуге құқығы бар.