Жаңалықтар

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына жаңа басшы тағайындалды

 

Облыс әкімі Даниал Ахметовтің өкімімен облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы лауазымына аталмыш басқарманың табиғатты қорғау бағдарламаларын іске асыру жөніндегі басшысының орынсабары болып еңбек еткен Медет Нұрмолдаұлы Нұрғалиев тағайындалды.

 

Медет Нұрғалиев 1978 жылы 2 қарашада Ұлан ауданының Асубұлақ кентінде дүниеге келген. 1998 жылы Өскемен политехникалық колледжін «техник-технолог» мамандығы бойынша, сондай-ақ, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-ды «инженер-экономист, менеджер» және «инженер-эколог» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2000 жылы «Востоктрансстрой» ЖАҚ-да екінші разрядты монтаждаушы болып бастаған.

2002 жылы Өскемен қаласы бойынша салық комитетінде салық инспекторының міндетін атқарушы, одан кейін салық комитетінің инспекторы, сондай-ақ, облыстық табиғатты қорғау бағдарламаларын іске асыру басқармасында және Шығыс Қазақстан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментінде бас маман қызметтерін атқарды. 

2008 жылдың қаңтар айында облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшылығына тағайындалды.

2005 жылдан 2007 жылға дейін Шығыс Қазақстан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментінің бас маманы болып еңбек етті.

2010 жылдың наурыз айынан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы табиғатты қорғау бағдарламалары бөлімін басқарды.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі