Жаңалықтар

ШҚО әкімінің баспасөз-хатшысы  тағайындалды.

 

ШҚО әкімі аппаратына баспасөз қызметінің жаңа жетекшісі таныстырылды.  Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз хатшысы, баспасөз қызметінің жетекшісі болып Есенжолов Нұржан Ерғалиұлы тағайындалды.

Н. Есенжолов 1985 жылы Семей қаласында туған. Екі жоғары білімі бар, 2007 жылы Семей мемлекеттік  педагогикалық институтын «Тарих» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2009 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетін «Заң» мамандығы бойынша бакалавр атанды. Семей мемлекеттік  педагогикалық институтының «Тарих» мамандығы бойынша магистрі. «Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлегі, Ұлыбритания мемлекетінің Шеффилд университетінің «Мемлекеттік саясат және басқару» мамандығы бойынша магистратурасын тәмамдады.     

Еңбек жолын 2007 жылы М.Әуезов атындағы универститеттің «Тарих» пәнінің мұғалімі болып бастады. 2009 жылы Семей қаласы ішкі саясат бөліміне жетекші маман болып қызмет қылды. 2009-2011 жылдары қала әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмыстары бөлімінің жетекші және бас маман қызметтерін атқарды. 2011-2012 жылдары Семей қаласының «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» басшысының орынбасары болып қызмет жасап, 2012-2016 «Ішкі саясат бөлімі» басшысының  орынбасары болып қызмет қылды.

2016 жылдан бастап жаңа орынға тағайындалғанға дейін бас инспектор, Семей қаласы әкімінің баспасөз хатшысы қызметін атқарды.

 

ШҚО баспасөз қызметі