Жаңалықтар

ШҚО-да  туберкулезге қарсы жаңа диспансер салынбақ

ШҚО әкімі Даниал Ахметов туберкулезге қарсы диспансер салуға арналған жер учаскісін сатып алу үшін облыстық бюджеттен қаражат бөлуді тапсырды.

Облыстық туберкулездік диспансердің материалдық-техникалық базасының ескіруіне байланысты жаңа ғимарат салу қажеттілігі туып отыр. Бастапқы жоспар бойынша оны Глубокое ауданында салу көзделген, бірақ экономикалық тұрғыдан жоба қайта қаралып, медициналық ғимарат Ұлан ауданында салынатын болды. Бұндай шешім таңдалған құрылыс участогы бекітілген талаптарға сәйкес келмеуі және жоба құны қымбатқа соғуына байланысты қабылданды. Сонымен қатар, жаңа емдеу мекемесіндегі жататын орын саны қайта пысықталып 350 орындық аурухананы 200-ге дейін азайтылды. Оның басы себебі, облысымыз бойынша туберкулезбен ауыратындар саны күн арта кемуінде.

 – Бастапқы жобаның соммасы 43 миллиард теңгені құрды. Яғни, Қазақстан бойынша ең қымбат аурухана болып, бюджеттік қаражатты тиімсіз пайдалануы болып саналушы еді. Ал дәл қазір барлық мәселелер шешімін тапты. Біз Акимовка ауылы маңындағы жерді жекеменшік тұлғадан алу үшін 49 миллион теңге көлемінде қаражат қарастыратын боламыз – деп сөзін қортындылады Даниал Ахметов.

Аймақ басшысының сөзіне қарағанда, соңғы жиырма жылда Шығыс Қазақстанда туберкулезбен ауыратындар саны алғаш рет 5,4 пайызға төмендеген. Бұл республикалық орта көрсеткіштен төмен болып саналады.

 

ШҚО әкімі баспасөз қызметі