Жаңалықтар

Жер учаскелерінің мәліметтер базасы жасалмақ

Облыста бизнеске жарамды жер участкелерінің мәліметтер базасы жасалмақ. Бұл жөнінде облыс әкімі Даниал Ахметов әкімдікте өткен кеңесте мәлім етті.

 

Облыс басшысы әр аудан мен ауылдық округтің бос жатқан жерлерін мұқият зерттеуді тапсырды.

- Әр ауданның пайдаланылмаған жерлерінде шағын және орта бизнесті дамыту үшін тиісті инфроқұрылымды дамытуға болады. Сондықтан да бос жатқан жер учаскелерінің мәліметтер базасын жинақтау үшін олардың тізімі қажет, - деп атап өтті Даниал Ахметов.

Бос жатқан жерлердің тізімі ауданның әлеуетін анықтайтын болады.

 

ШҚО әкімінің баспасөз қызметі