Жаңалықтар

Аймақ басшысы Даниал Ахметовтің Жеңіс күнімен құттықтауы

Қымбатты ардагерлер! Құрметті шығысқазақстандықтар! 

Сіздерді Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – қатал сынақ жылдарында өмірлерін аямай жаумен күрескен, еңбек еткен, Отан азаттығы, өз балаларының, немерелері мен шөберелерінің болашағы үшін майданға қолынан келгенше көмектескен адамдарға деген біздің алғысымызды көрсететін жалпыхалықтық мейрам.

Облысымыздың қалалары мен аудандарынан майданға 170 мыңнан астам адам шақырылған болатын. Кеңес Одағының Батыры жоғары атағын Шығыс Қазақстанның 109 жауынгері иеленді. Ұлы Отан соғысы жылдары алыстаған сайын әкелеріміз бен аталарымыздың мәңгілік ерліктері соғұрлым ерекше сезіледі, азаттықты қорғап қалған жауынгерлердің даңқы мен бауырлас халықтар достығының алып күші айқындала түседі. Бірліктің ұлы күші тек ұрыс даласында ғана көрініс тапқан жоқ. Жеңіс үшін теңдессіз ерлікті тыл еңбеккерлері де танытты. Біздің облыс майданмен тығыз байланыста болды, ондаған эвакуацияланған зауытты қабылдады. Сарбаздарды қару-жарақпен, азық-түлікпен, киім-кешекпен қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрі жасалды.

Майдан даласында Отанымызды өмірін аямай қорғағандар алдында бас иеміз. Біз жүрегімізде жауынгерлер ерлігі, олардың Отанға деген махаббаттары мен антқа деген адалдықтары туралы естелікті сақтаймыз. Бейбітшілік үшін күрескен, тылда еңбек еткен, елді көтерген, Жеңіске сенген және күткен жандардың даңқы арты берсін!

Мерекелеріңіз құтты болсын, қымбатты жерлестер! Сіздерге және жақындарыңызға мықты денсаулық, бақыт пен береке тілеймін!