Жаңалықтар

Облыс әкімі Даниал Ахметовтің шығысқазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтауы

 

Құрметті Отан қорғаушылар!

 

Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен – еліміздегі барлық ұрпақты біріктіретін Қазақстанның әскери даңқ мерекесімен құттықтаймын. Біздің батырлар әр заманда туған жерінің тыныштығы мен өсіп-өркендеуі күзетінде абыроймен тұра білген.

Шығысқазақстандықтар әскер қатарында адал қызмет етуде. Тәуелсіз Қазақстанның құрылған сәтінен бастап олар өз отандастарымен бірге өздеріне зор міндет жүктеді, ол – елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету болатын. Осы мереке күні облысымыздың барлық тұрғындары атынан Сіздерге ерен еңбектеріңіз, ерліктеріңіз пен қайсарлықтарыңыз үшін алғыс білдіремін.

Сіздердің мойымас рухтарыңыз, ауызбіршіліктеріңіз бен парызға деген адалдықтарыңыз – шынайы отансүйгіштіктің жарқын үлгісі. Ел Сіздердей ұлдарын мақтан тұтады. Шын жүрегіммен Сіздерге мықты денсаулық, елімізге бейбітшілік пен құт-береке тілеймін.