Жаңалықтар

Аймақ басшысы Даниал Ахметовтің Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы

 

Ұлтаралық келісімнің жарқын үлгісін таныттық

 

Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймыз. Біз үшін бұл – аса маңызды мерекелердің бірі. Біз бәріміз бірлесе отырып мықты мемлекет құрып жатырмыз. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ біздің жеріміздегі бейбітшілікті сақтауға үлкен көңіл бөліп келеді. Соның арқасында бүгінде біз көптеген елдер үшін келісім мен ауызбіршіліктің жарқын үлгісіне айналдық. Қазақстанда бір шаңырақ астында 150-ден астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде.

Ұлтаралық келісімнің отандық моделін нығайтуға Елбасы құрған бірегей қоғамдық институт – Қазақстан халқы Ассамблеясы елеулі үлес қосуда.

Бүгінде азаматтық құқықтар мен еркіндіктерге ел Конституциясы кепілдік береді. Қазақстанда тұрып жатқан халықтың мәдениетін, тілін және салт-дәстүрін дамыту үшін барлық қажетті жағдайлар жасаған. Бұл – мемлекеттің және бүкіл қоғамымыздың зор еңбегі.

Мереке күні барлық шығысқазақстандықтарға мықты денсаулық, бақыт және береке-бірлік тілейміз. Әрбір үйде бейбіт өмір мен ырыс-ынтымақ салтанат құрсын!