Жаңалықтар

Облыс әкімі Даниал Ахметовтің шығысқазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтауы

Құрметті жерлестер! Баршаларыңызды жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болып табылатын Ұлыстың ұлы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Тамырын тереңнен тартқан байырғы мейрам бірлігімізді бекемдеп, татулығымызды нығайтып, риясыз куанышқа кенелте берсін.

Ұлтымыздың мерейін асқақтатып, бар болмысымызды айшықтай түсетін Әз Наурыз Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен дамудың даңғыл жолымен жүріп келе жатқан елімізге жаңа жетістіктер әкелсін.

Ардақты ағайын! Мерейлі мерекеге орай әрбіріңізге мықты денсаулық, жемісті еңбек, әр шаңыраққа ынтымақ пен шаттық, бақыт пен молшылық тілеймін. Асыл армандарыңыз бен ақ тілектеріңіз орындалсын.

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!