Жаңалықтар

«Алтай» екі мәрте ел чемпионы атанды


           Шығысқазақстандық «Алтай» волейбол командасы Ұлттық Лигада ерлер арасында ел чемпионатының жеңімпазы атанды. «Буревестник-Алматы» волейбол командасын 3:0 есебімен ойсырата жеңген алтайлықтар уақытынан бұрын біріншіліктің чемпионы атағына қол жеткізді. Осылайша «Алтай» екі мәрте ел чемпионы атанып, жеңіс тұғырының ең биігінен көрінді.

        Павлодар облысының «Павлодары» екінші орынды иеленсе,  «ТНК «Казхром» командасы чемпионаттың қола жүлдесін қанағат тұтты.
Марапаттау рәсіміне ШҚО әкімі Даниал Ахметов қатысып, жүлдегерлерді құттықтап, жылы лебізін білдірді.

             Реті келгенде айта кетейік, өткен маусымда тарихта бірінші рет «Алтай» волейбол клубы ел біріншілігін жеңіп алған-ды. Ол кезде де чемпионат аяқталмай жатып жеңіске жеткен еді.