Жаңалықтар

Зырян ауданы жаналыктар

Ашық есік күні

Зырян қаласының орталық қалалық кітапханасында «Отан» партиясының «Ашық есік күні» өтті. Бұл шараның мақсаты Қазақстанның әлемдегі 50 бәсәкеге жарамды елдің қатарына кіру стратегиясын жүзеге асыру және насихаттау, партияның бейнесін көтеру, оның қатарына жаңа мүшелерді қабылдау.

Зырян аудандық «Отан» партиясының ұйымы «Асар» партиясымен қосылғаннан кейін 2000 артық мүше саналады. Конференцияда қалалық Саяси кеңестің үш мүшесіне саяси билеттер берілді, СССР халық мұғалімі Қ.Нұрғалиев атындағы колледждің 25 студенті «Жас Отан» жастар қанатын толтыруға тілектерін білдірді.

«Ашық есік күні» мәслихат хатшысы, Саяси кеңес мүшесі Г.В.Денисовамен жүздесу мүмкіндігі болды, өз сөзінде қалалық мәслихат «Отан» саяси фракциясының қызметімен қатысушыларды таныстырды.

«Жас Отан» жастар ұйымының көшбасшысы Е.А.Путилинаның сөзі есте қаларлықтай болды.

«Отан» партиясының VIII съезд жұмысы туралы Саяси кеңес мүшесі, делегат С.С.Винивитин өз әсерімен бөлісті.

«Отан» партиясының «Ашық есік күнінде» қатысушыларға, «Отан» партиясының қызметі мен мәнін ашатын, буклет пен суреттер көрмесі көрсетілді.

 

Ішкі саясат бөлімінің
бас маманы Инна Коломиец

 

Балалар сапалы білім алып, тамақтануы қажет

Зырян ауданы -Зырян қаласының әкімі А.М.Барбашовтың төралығымен өткен кезекті әкімдік отырысында жалпы орта білімді жүзеге асыру үшін білім беру бөлімі және жалпы білім беретін мектептер басшылығының жауапкершілігін арттыру мәселелері қарастырылды.

Білім беру бөлімімен аудан оқушыларының жалпы орта білімін қамту бойынша жұмыс жүргізіледі, оқушыларды жеткізіп салу және тамақтандыруды ұйымдастыру, оқу орындарының материалдык- техникалық базасын жақсарту мәселелерін шешу әкімдікте белгіленді. Бірақ, бүгінгі таңда интернат мектептерінен жалпы білім беретін мектептерге ауыстырылған оқушылардың бейімделу мәселесі шешілмей қалып отыр. Дивианттық мінез- құлықтары бар балаларға арналған интернат мектебіне қиын жасөспірімдердің келуі жыл бойында жақсы нәтижелер әкелмеуде. Ауданның барлық мектептерінде оқушыларды тамақтандыру ұйымдастырылмаған және де біздің аудан біріңғай ұлттық тестілеу нәтижесімен облыс бойынша негізінен бірінші орындарда емес. Ең бірінші кезекте дәл осы сұрақтардың шешімін өтеу білім беру бөліміне тапсырылды.

Жүргізілген құқықтық түсіндірме жұмысы, құқықтық оқыту мен азаматтарды тәрбиелеу, қыс жағдайына жол қызметтерінің жұмыстарын даярлау туралы әкімдікте тыңдалған ақпараттар мәлімдемеге алынды.

 

Зырян ауданы- Зырян қаласы
әкімінің баспасөз қызметі

 

Ардагерлердің сұрақтарына әкім жауап берді

Аудандық ардагерлер кеңесінде Зырян ауданы- Зырян қаласы әкімінің қала ардагерлерімен, ҰОС мүгедектерімен және зейнеткерлерімен кездесуі өтті.

А.М. Барбашов кездесудің басында қатысушыларды аудандағы әлеуметтік- экономикалық жағдаймен таныстырды, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың жұмысына, жаңа өндірістердің ашылуына, мемлекеттік бағдарламаның іске асуына, сондай- ақ ауданның дамуындағы келешегіне толығырақ тоқтала кетті.

Ұсынылған ақпараттардан басқа әкім Зырян қаласындағы сауда қызметінің құрылыс нысаналарына жататын және қаламыздың орталық саябағын көріктендіруге, көшелердің жолдарын жөндеу мен жарықтандыру, қоғамдық моншаның ашылуы мен көп қабатты үйлердің тұрғындарының жалпы үй мүліктерін ұстау, саяжай телімдерін күзету және телефон сымдарын ұрлауға қарсы күрес бойынша қолданатын шаралар, дәріханаларда сатылатын дәрілердің сапасын бақылауды ұйымдастыру және тағы басқа сұрақтарға жауап берді.

Кездесуде осы қызметтердің жұмысына қарайтын сұрақтарына түсіндірме берген әкім орынбасары Н.Е.Игнашин, ЗҚАІІБ бастығының орынбасары С.Н.Забродин, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бастығының орынбасары З.И. Сакенова, денсаулық сақтау бөлімінің бас маманы Л.Ю.Голикова қатысты.

 

Зырян ауданы- Зырян қаласы
әкімінің баспасөз қызметі

Парақтағы соңғы өзгерістер: 15.02.2012