Жаңалықтар

Жаналыктар Зырян ауданы

"Сағат" саяси клубының отырысы

Қазақстанда саяси партиялардың пайда болуы және дамуының тарихи талдауы, партиялы мекемелер лидерлерінің сұхбаты үшін шарттар құру, қатысушыларды "Отан" РСП 9 съезіндегі ҚР Президентінің баяндамасының мазмұнымен таныстыру мақстында, ішкі саясат бөлімі мен "Отан" РСП Зырян филиалының бастамасы бойынша "Қазақстандағы партогенездің ерекшілігі" тақырыбы бойынша "Сағат" саяси клубының кезекті отырысы өтті.

Қлубтың жұмысында ауданның аумағында әрекет ететін барлық партиялардың өкілдері, мекемелер, кәсіпорындар басшылары, БӨҰ өкілдері мен қала жастары қатысты.

Әлеуметтік алдын алу кеңесі

Зырян ауданы – Зырян қаласының құқық бұзушылықты әлеуметтік алдын алу Кеңесінің кезекті отырысында, 2006 жылдың бірінші жарты жылдығына бостандығынан айырылу орындарынан, арнайы емдік – алдын алу және оқу – тәртіптік мекемелерінен оралған азаматтардың еңбек және тұрмыстық қамту және медициналық - әлеуметтік оңалту бойынша Зырян ҚАІІБ, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, денсаулық сақтау бөлімінің, білім бөлімінің жұмысы қарастырылды, құқық бұзушылықты алдын алу және қылмыспен күрестің 2005 – 2007 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын орындау барысы талқыланды. Сондай – ақ Прибрежный кентінің әлеуметтік алдын алу кеңесінің есебі тыңдалды. Барлық қаралған мәселелер бойынша жүргізілген жұмысты жандандыру жөнінде ұсыныстар дайындалды.

"Есірткісіз қала" акциясы

Зырян ауданында ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту, денсаулық сақтау, білім және ҚАІІБ бөлімдерінің бастамасы бойынша "Есірткісіз қала" акциясы өткізілді. Акция шегінде "Голубой залив" демалу аймағында "Мама, папа, я – спортивная семья" көңілді старты өтті. Орталық қалалық кітапханасында жастар үшін денсаулық сабағы өтті. Барлық өткізілген іс – шаралар өмірдің сау бейнесін қалыптастыруға жағдай жасайды, жаман қылықтардан бас тартады.

 

 

Зырян ауданы – Зырян қаласының ішкі саясат бөлімінің бас маманы –
Татьяна Зайцева

 

Парақтағы соңғы өзгерістер: 15.02.2012