Жануарлар дүниесі

Жалпы ақпарат

Шығыс Қазақстан облысы табиғи-климаттық аймақтарының үлкен әр түрлілігімен ерекшеленеді, бұл өз кезегінде зор биологиялық әр түрлілігімен түсіндіріледі.

Облыс аумағында құстардың 379 түрі және сүтқоректілердің 110 түрі мекендейді, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген, құрып бара жатқан және сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлардың 50 түрі кездеседі.

Облыстың біршама аумағын, ал ол 2 млн 124 мың га-дан асатын жер, ерекше күтілетін табиғат аймақтары алып жатыр (мемлекеттік қорықтар, табиғи резерваттар мен қаумалдар). Шығыс Қазақстанда олар – 12.

Ерекше күтілетін табиғи аумақтарды құруға құрып кету қаупі бар және сирек кездесетін жануарлар түрлерінің санын сақтау мен көбейту мүмкіндік туғызды. Облыс аумағында ілбіс, сабаншы, алтай құлжасы, арқар, ақтөс сусарысы, алтай ұлары, қара ләйлек, бүркіт, ителгі, лашын, аққұйрық субүркіт, дуадақ, балықтардың эндемикалық түрлері –  майқан, үскіш, таймень секілді жануарлар мекендейді және олар қорғалады.

Осы түрлердің әрбіреуі Батыс және Оңтүстік Алтай табиғаты қазынасының қоржынында асыл тастар болып табылады.

Бүгінгі күні облыста 15,9 млн. га алаңды құрайтын 57 аңшылық шаруашылығы бар. Шығыс Қазақстан облысы бойынша аңшылық жерлер алаңын бекіту пайызы 81,3%-ды құрайды.

Биоалуантүрлілікті сақтау

Жүргізілген биотехникалық іс-шаралар нәтижесінде жабайы жануарлардың негізгі аңшылық-кәсіптік түрлері популяциясының жағдайын тұрақтандыруға және олардың санының орнықты өсуіне жетуге мүмкіндік берді. Жабайы тұяқтылардың саны 2012 жылдан 2017 жылға дейінгі мерзімде 11,7%-ға (бұлан, марал, елік, сібір тау ешкісі, қабан), қарағай орманының ақ құсы 25,8 %-ға (саңырау құр, құр, сұр құр, кекілік) ұлғайды.

Облыста барлығы 37 жабайы жануарлардың аңшылық-кәсіпшілік түрі бар. Аңшылық алқаптарда қасқырлардың, жабайыланған иттердің, орманда және суда жүзетін қыр құстардың ұя салу жерлерінде сұр қарғаның басымдылығын төмендету бойынша биотехникалық іс-шаралары тиімді жүргізілуде.

Табиғат қорғау бағдарламаларының шеңберінде облыс әкімдігі жыл сайын қасқырларды ату іс-шараларын жүргізеді. Жергілікті бюджет қаражатының есебінен бұл мақсаттарға жыл сайын 10 млн. теңге шамасында бөлініп, 400-ге таяу қасқыр атылады.

2016 жылдан бастап алғаш рет жергілікті бюджет есебінен облыстық су айдындарын балықтандыруға қол жеткізілді. Жалпы 12 млн. 236 мың теңге сомасында барлығы 640 мың ұсақ тұқы жіберілді.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 02.02.2012 / 26.10.2018