Жерлердің пайдалануы мен қорғалуына мемлекеттік бақылаудың қорытындысы

ШҚО жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасымен 2017 жылы жүргізілген жұмыстары туралы ақпарат

Жердің пайдалануы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау аясында 2017 жылы Басқармамен жүргізілген тексерулер кезінде 39,5 мың га жерден 871 заң бұзушылықтар анықталып, жалпы сомасы  16,2 млн. тенге айыппұл салынды. Жер заңдылығы бұзушылығын жою мақсатында  787 нұсқамалар берілді (23,4 мың га ауыл шаруашылық жерлеріне – 84 нұсқама,  221,6 га құрылыспен байланысты объектілерге – 570 нұсқама, және  64,36 га басқа (бағбандық, бақша, кен орындары) нысандарға – 133 нұсқама).

1) Мемлекет басшысының 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысында жасалған   Жол картасының (іс-шара жоспары) 2.9 «Облыстың жер қорының тиімді пайдалануын жоғарлату» тармағын орындау мақсатында Басқармамен 2017 жылы 4,9 мың га ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің тиімсіз пайдалану 29 фактісі анықталды. Жер пайдаланушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға жер заңдылықтары бұзушылығын жою қажеттігі туралы нұсқамалар берілді.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің ұтымды пайдаланылуы үшін, ауыл шаруашылық құрылымдарына ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобаларын жасатып, оның орындалуы қажеттігі туралы тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп отырады.

2) Мемлекет басшысының 2017 жылғы 18 тамыздағы тапсырмасын іске асыру мақсатында мақсаты бойынша пайдаланылмайтын немесе заңнаманы бұза отырып пайдаланылатын барлық ауыл шаруашылық жерлерді алып қоюды, оларды 2019 жылдың аяғына дейін ауыл шаруашылық айналымына енгізуді қамтамасыз ету бойынша облыста тиісті жұмыс жүргізілуде, нәтижесінде бүгінгі күні 1804,2 мың.га пайдаланылмайтын немесе заңнаманы бұза отырып пайдаланылған жерлер анықталды, соның ішінде 1158,2 мың.га мемлекеттік меншікке қайтарылды, олардың 896,9 мың.га ауылшаруашылық айналымына енгізілді, ал 261,3 мың.га енгізілмеген болып қалды (15,3 мың.га – егістік, 221,2 мың.га - жайылым), 537,0 мың.га – жер пайдаланушылар пайдалануға кірісті, 109,0 мың.га – материалдар мемлекеттік органдардың қаралуында.

Бұдан басқа, басқармамен 2017 жылы құрылыс объектілеріне байланысты, сонымен бірге рекриациялық (Алакөл көлі, Сибина көлдері және Бұхтарма су қоймасы) аймақтарда жалпы ауданы 9,88 га пайдаланылмайтын 38 жер учаскесі мәжбүрленіп алынды. Жерлерді қайтарып алу бойынша жұмыстар жалғасуда.

Бүгінгі күні Басқармамен аталған тапсырманы іске асыру және мақсаты бойынша пайдаланылмайтын немесе заңнаманы бұза отырып пайдаланылатын барлық ауыл шаруашылық жерлерді алып қоюды қамтамасыз ету бойынша прокуратура органдарының қатысуымен ведомствоаралық жедел кеңестер өткізіледі.

3) 2018 жылы алдында қойылған міндеттерден басқа Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халқына Жолдауының ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді тиімді пайдаланылуын бақылау және тиімсіз жер пайдаланушыларға қатысты шара қолдану бойынша үшінші міндетін іске асыру жұмыстары жүргізілетін болады.

2016 жылы жерлердің пайдалануы мен қорғалуына мемлекеттік бақылаудың қорытындысы бойынша ақпарат

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 04.08.2017 / 06.02.2018