Жер нарығы

2019 жылдың шілде айында берілген жер учаскелерінің тізімі

2019 жылдың маусым айында берілген жер учаскелерінің тізімі

2019 жылдың мамыр айында берілген жер учаскелерінің тізімі

2019 жылдың сәуір айында берілген жер учаскелерінің тізімі

Берілген жер учаскелері туралы ақпарат 2019 жылдың I-ші тоқсанына

 2018 жылғы қыркүйек-қараша айлары аралығында жергілікті атқарушы органның жер учаскелерін беру бойынша шешімдері

Қалалар мен аудандар бөлінісіндегі бос жер учаскелері

Шығыс Қазақстан облысының жер қоры

Шығыс Қазақстан облысы бойынша жерге  орналастыру жұмыстары өндірісін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар

Жерлердің пайдалануы мен қорғалуына мемлекеттік бақылаудың қорытындысы

 

Негізгі экономикалық көрсеткіштер:


Шығыс Қазақстан облысы
1932 жылы құрылған. Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылдың 3 мамырдағы Жарлығымен оған Семей облысының аймағы қосылды.Жер нарығы

Облыс аймағы 283,3 мың ш.км созылып, жоғарғы Ертіс алабында орналасқан, онтүстікте Қытай және Алматы облысымен, солтүстік шығыста Ресеймен, батыста Қарағанды және Павлодар облыстарымен шекараласады.
Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан Республикасының облыстары арасында аумағы бойынша үшінші орынды еншілейді.
Облыста 19 аумақтық-әкімшілік бірліктер бар, оның ішінде 15 аудандар және 4 қала; Өскемен, Семей, Риддер, Курчатов (аумағы бойынша Павлодар облысына бағынады) қалалары.

Облыс орталығы Өскемен қаласы 1720 жылы құрылып, Кенді Алтай таулында орналасқан.
Облыс алуан түрлі табиғи жағдайымен айрықшаланады. Осында таулы бедердің күрделігімен және бір қатар жалпы климаттық тәртіп құбылыстарымен, сондай-ақ көптеген таулы жоталардың ауа ағысының таралуына әсерімен байланысты климаттың, өсімдіктің және топырақтың вертикальдік аймақтығы көрінеді.

Жер нарығыБіздің өлкеміздің табиғаты таңқалдырар алуан-түрлі. Осында дала, шөлді және таулы тайга ландшафттар: батыста – Ертіс маны және Сарыарқаның жазықтары, шығыста - Алтай деп аталатын таулы өлке. Шығыс Қазақстан жануарлар және өсімдіктер әлемінің түрліліктерімен бай. Облыста республикамыздың орман байлығының 90 % -ы жинақталған. Аймақтың табиғатын сақтап қалуға қорғалатын аумақтар мен қорықтық орындар торабы құрылған. Бұл Марқакөл, Батыс Алтай, Алакөл қорықтары, 8 жануартану мен өсімдіктану қорықшалары, 6 табиғат ескерткіштері, Қатон-Қарағай ұлттық табиғи саябағы.

Аймақтың жер қойнаулары пайдалы қазбаларға бай. Осында қорғасын, мырыш, күміс, алтын, мыс, титан, тантал, магний, кадмий, теллур және т.б. металлдарды өндіру және өңдеу Өскемен, Риддер, Зырян, Шемонайха, Глубокий, Белоусовка және т.б. өнеркәсіп орталықтарымен тау-кен өндіру және қайта өңдеу түсті металлургиясының дамуына мүмкіндігін берді. Сондай-ақ, облыста ірі машинажасау зауыттар, жеңіл, орман, қайта өңдеу, ағаш өңдеу, тамақ өнеркәсібі иен құрылыс индустриясының  кәсіпорындары жинақталған.

Шығыс Қазақстан облысы – үлкен демографиялық, ресурстық, техникалық әлеуеті және бірегей табиғат байлығы бар аймақ, еліміздің тәуелсіздігін бекітуге және оның экономикасының дамуына үлкен үлес қосады.

 

Конституция – жер заңнамасының негізі

Қазақстан Республикасында жер заңнамасы Қазақстан Республикасының Контитуциясына  негізделген  және 2003 жылы 20 маусымда қабылданған № 442-ІІ Жер кодексінен және  оған сәйкес қабылданатын Қазақстан Республикасының нормативті-құқықтық актілерінен (ҚР ЖК 6-бабының 1 тармағы) тұрады.

Конституция біздің еліміздің қоғамдық және экономикалық қатарының негізін, басқару түрі мен мемлекеттік  құрылымды, тұлғаның құқықтық жағдайын, билік органдарының құзіреті мен ұйымдасу тәртібін, сайлау жүйесінің, сот төрелігін негізгі қағидалары мен ұйымдасуын  бекітетін мемлекеттің  негізгі заңы болып табылады. Конституция құқықтық жүйеде үстемдікке, жоғары заңды күшке ие, құқық саласының барлық саласы үшін негізгі ережелерді құрайды.

Жер кодексін әзірлегенде Қазақстан Республикасының Парламенті  жер туралы заңнаманы құқықтық реттеуге негіз ретінде алынған  Қазақстан Республикасының Конституциясының келесідей ережелеріне  сүйенген:

  1. негізгі бастамалар және қағидалар (2 баптың 2 т., 4 баптың 1және    2. т., 5 баптың 1 және 2 т., 6 бап);
  2. азаматтардың бостандығы мен конституциялық құқықтарын реттейтін нормалар (12 баптың 2 және 5 т., 13 баптың 2 т., 14 бап, 26 баптың 2, 3 және 4 т., 31 баптың 1 т., 38 бап, 39 баптың 1 т.).

Бұл конституциялық нормалар, жер қатынастарын реттеген кезде Конституцияның жер айналымы мен меншіктің құқықтық режимін анықтаған кезде, тіпті жерге  ерекше мемлекеттік  меншіктің құқық режимін белгілегенге дейін  мемлекеттік үстемдікті  бекітетінін білдіреді. Осы ретте меншік пен жер қатынастарының құқықтық сұрақтары Республикамыздың Конституциясының нормалары мен жалпы бастамалары негізінде, республикамызда  бірдей заңды  күшке ие  заңдар және заңнамалық актілермен реттеледі.

Жер қатынастарына қолданылатын Жер кодексі азаматтардың әлеументтік – экономикалық салада өздерінің конституциялық құқықтары мен бостандықтарын соның ішінде, Конституцияның 6 бабының 3 тармағына сәйкес жерлердің кейбір санаттарын жеке меншікке беру арқылы  жүзеге асыруға кепілдік беруге және жағымды заңды жағдай жасауға бағытталған  акті болып табылады.

Аталған конституциялық норма жерлерді нарықтық айналымға тартуға, жерге қолдануға болатын  мүліктік қатынастардың құқықтық режимінің қажетті түсініктерімен бірге таратылуына, жер құқығы субьектілерінің құрылымын өзгертуге  жол ашты.

Қазіргі заманғы жер заңнамасы жеке меншік құқығын қорғау арқылы адамдардың құқығын қамтамасыз етуге бағытталған. Әртүрлі өзгерістерге және азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарының қорғалуына көз жеткізу үшін Қазақстан Республикасының 1990 және 2003 жылдардағы Жер Кодекстерін салыстыру жеткілікті. Бұрынғы заңнамада жер тек қана мемлекет меншігінде болды, жер учаскелерін сату-сатып алуға, сыйға тартуға, кепілге салуға және өз бетінше айырбастауға  рұхсат берілмеді (1990 жылғы Жер Кодексінің  3 бабы). Қазіргі заманғы заңнамада жерге мемлекеттік меншік те және жеке меншік те  бірдей танылады және тең дәрежеде қорғалады.    

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 02.02.2012 / 14.08.2019