Су ресурстары

Шығыс Қазақстан облысында өзендер, көлдер, батпақтар, тоғандар, су қоймалары, жерастысулары мен мұздықтар бар.

Облыста 222 гидротехникалық құрылым бар. Өңірде гидротехникалық құрылымдарды қауіпсіз пайдалану мәселелері бойынша Мемлекет Басшысының алдыға қойған міндеттерін орындау шеңберінде, 2010 жылы Алматы облысының Қызылағаш ауылында қиратушы тасқын судан болған қайғылы оқиғалардансоң, 2011 жылы облыс әкімдігінің қаулысымен «Шығыс су қоймалары» КММ құрылып, оның негізгі міндеті – облыс аумағында иесіз гидротехникалық құрылымдарды анықтау, оларды коммуналдық меншікке қабылдау, құрылымдарды төлқұжаттау және кейіннен республикалық меншікке беру болды.

2012-2013 жылдар ішінде иесіз гидротехникалық құрылымдарды анықтау, есепке қою, 119 су шаруашылығы объектілерін тексеру, кейіннен кезең-кезеңмен коммуналдық меншікке қабылдаумен төлқұжаттау жұмыстары жүргізілді.

2016-2017 жылдар аралығында тағы 37 магистралдық каналды коммуналдық меншіктен республикалық меншікке беру жұмыстары аяқталды.

01.07.2018 ж. жағдай бойынша «Шығыс су қоймалары» КММ балансында 66 су шаруашылығы объектісі, оның 61 гидротехникалық тіреу құрылымы, 3 дамба, 2 шлюз-реттеуші тұр.

2018 жылытасқын су кезеңіне дайындық іс-шараларының жиынтығы өткізіліп, ол ведомствоға қарасты гидротехникалық құрылымдарды пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Басқарма және «Шығыс су қоймалары» КММ бірлесіп коммуналдық меншікте тұрған су шаруашылығы құрылымдарын басқару жұмыстарын тұрақты жүргізеді.

Су қорғау аумақтары мен су объектілерінің алқаптарын орнату жөнінде облыс әкімдігінің 18 қаулысы шығарылды. Су қорғау аумақтары мен су объектілерінің алқаптарын орнату жөнінде1 жоба жобаланды(Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданындаУрунхайка өзені тұстамасынан Алтайская Бухта айлағына дейінгі Октябрьский кентінен, Бұқтырма су қоймасының жағалауында су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу бойынша жобасы)

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 02.02.2012 / 26.07.2018