проект

Қазғыш соналарды сақтайық!

ҚАЗҒЫШ СОНАЛАРДЫ САҚТАЙЫҚ!Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында БҰҰ Даму Бағдарламасы арқылы жүзеге асырылатын, Ғаламдық  Экологиялық Қорының Шағын Гранттар Бағдарламасы көмегімен «Неосфера» ҚЖҰ Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркімен бірлесе отырып 2014 жылдың шілдесінен бері «Жасанды ұя жасау арқылы Катонқарағай ауданында қазғыш соналар санын қалпына келтіру мүмкіндіктері» атты жоба жүзеге асыруда.

Катонқарағай ауданы климат жағдайының әртүрлілігімен де өсімдіктер әлемімен жануарлар дүниесінің алуандылығымен де ерекшеленетін Алтай-Саян Экоаймағының қазақстандық бөлігінде орналасқан. Олардың көпшілігі әр түрлі табиғи және антропогенді факторлар әсерінен сиреп, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

Жеке түрлерді сақтау іс-шараларының негізгі бөлігі субъективті себептерге байланысты омыртқалы жануарлар үшін ҚАЗҒЫШ СОНАЛАРДЫ САҚТАЙЫҚ!жүргізіледі. Жалпы алғанда, омыртқасыз жануарлар фаунасы мен энтомофауна көбейіп келе жатқан антропогенді факторлардан кем зардап шекпейді. Катонқарағай ауданында жергілікті халықтың қажеттіліктері үшін саз балшықты пайдалану бұған нақты мысал бола алады. Катонқарағай, Ақсу, Өрел сияқты ірі елді-мекендерде саз балшық белсенді пайдаланылады. Сонымен қатар, саз балшық көптеген жәндіктердің, соның ішінде қазғыш соналар ұяларын салатын субстрат болып табылады. Қазғыш соналар немесе сфецидтер – Жер бетінде 8000 жуық түрлері бар жарғақ қанаттылар тұқымдасы. Қазғыш соналар көптеген зиянды жәндіктердің регенерациясына қатыса отырып табиғатта энтомофагтар ретінде маңызды рөл атқарады. Олар ауыл және орман шаруашылығы зиянкестерін, сонымен қатар ветеринарлық және медициналық кері әсері бар жәндіктер санының азаюына септігін тигізеді. КМҰТП аумағындағы қазғыш соналар 11 жәндіктер отрядына және 1 өрмекшітәрізділер отрядына жатады. Олар тек орман шаруашылығы зиянкестерін ғана емес ауыл шаруашылығы зиянкестерінің де санын реттейді. Қазғыш соналардың  қоректену типі өсімдік (негізінен Asteraceae, Fabaceae, Apiaceae сияқты өсімдіктер тұқымдастарының) гүлдерінен шырынды сору болып табылатындықтан, олар гүлді өсімдіктерді тозаңдандыруда маңызды рөлі атқарады. КМҰТП аумағында 1000 астам жоғары сатылы өсімдіктер өседі, соның ішінде 30 түр ҚР Қызыл кітабына енгізілген. Соған орай, КМҰТП-де қазғыш соналар популяциясын сақтау парктің бай өсімдіктер қауымдастығына пайдалы әсерін тигізеді. Катонқарағай ауданында қазғыш соналардың Podalonia affinis, Ammophila campestris, Mimesa equestris, Mimesa lutaria, Prionyx haberhaueri, Diadontus hialipennis түрлері мекен етеді. Олардың кейбіреуінің - Prionyx haberhaueri сиректілігі соншалық, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

ҚАЗҒЫШ СОНАЛАРДЫ САҚТАЙЫҚ!Катонқарағай ауданында  саз балшықты жергілікті халық құрылыс пен жөндеу жұмыстарына қолданады. Бұл жағдайда  жәндіктер қоныстанатын субстраттың фронтальді қабаты жыл сайын толығымен алынып, соналардың тіршілігіне зиян келеді.

Бұл мәселенің шешімі – көпжылдық  жасанды саз балшықты ұялар дайындау және тұрақты орналастыру. Ұяларды дайындау жеңіл, әрі мектептер мен жекеменшік үйлер аумағында орналастыруға болады. Бір жасанды ұя жәндіктердің бірнеше ондық түрлерін ойдағыдай қоныстандыруды қамтамасыз ете алады. Олардың бірнеше шақырымға ұшу қабілеттіліктерін ескере отырып, 1 ұяны орнату экологиялық баланста 300-400 гааумаққа пайдалы әсер етеді. ҚазғышҚАЗҒЫШ СОНАЛАРДЫ САҚТАЙЫҚ! соналар энтомофагті жәндіктер бола тұра адамға алаңсыздық тудырмайды, керісінше керемет бақылау объектісі бола алады. Қазғыш соналар – жарғаққанатты жәндіктер отряды Сфецидтер тұқымдасына жатады. Бұл жәндіктер құрсағының құрылысына сәйкес  шаққыштарға жатады, бірақ олардың адамдарға зияны жоқ, яғни адамдарды шақпайды, оның құрбандары: қоныздар, шіркейлер личинкалары. Мектеп маңындағы омарталармен салыстырғанда жасанды ұяларды орналастыруда арнайы техника қауіпсіздігі талаптары жоқ.

ҚАЗҒЫШ СОНАЛАРДЫ САҚТАЙЫҚ!Жоба шеңберінде тәжірибелік және теориялық презентациялар, семинарлар, лекциялар сияқты ағарту жұмыстары жүргізілді. Оқушылармен бірлесе отырып 3 ауылдық округте саз балшық орындары тексеріліп, картаға түсіріліп, сипаттама берілді. Бұл жұмыстар саз балшық кендерін мекен ететін жәндіктерге келетін қауіпті білумен, шаруашылық қажеттіліктерге пайдаланатын субстрат көлемін бағалауға қажет болатын. Алынған мәліметтер негізінде қазғыш соналардың мекен ету ортасына антропогендік әсерді азайту ұсыныстары дайындалды. Бұл ұсыныстар ауылдық акиматтарға берілді. Оқушылармен бірлесе отырып 8 жасанды ұя дайындалып орнатылды. Бұл жобаны іске асыруда Катонқарағай ұлттық паркі қызметкерлерінің үлесі зор болғанын айта кеткен жөн. Мемлекеттік инспекторлар, орманшылар, орман шеберлері, инженерлер, ғылыми қызметкерлер және басқа да Катонқарағай МҰТП қызметкерлері, сонымен қатар Катонқарағай, Өрел, Ақсу орта мектептерінің мұғалімдері мен оқушылары жоба барысында лекциялар мен семинарлардан бастап ұялар орнатуға дейін талмай еңбек етіп, туған өлке табиғатын сақтауға деген ықыластарын дәлелдеді.

 

Алия Габдуллина

«Неосфера» ҚЖҰ

Назира Асылбаева

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 03.02.2014 / 20.02.2017