Табиғатты қорғау іс-шаралары

2018 жылдың қорытындысы бойынша қоршаған ортаны қорғауға бағытталған іс-шаралар кешені жүзеге  асырылды:


1) атмосфералық ауаны қорғау – Аймақтық өндірістік экологиялық мониторингтің автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (АӨЭМААЖ) және Экологиялық қауіпсіздік орталығының (ЭҚО) қызметі қамтамасыз етілді;

- Өскемен қаласының атмосфералық ауасының ластану жағдайын бақылау мақсатында сынамалар қосымша алынды.


2) жер ресурстарын және радиациялық қауіпсіздікті қорғау

- құрамында сынап бар қалдықтарды облыстың бюджеттік ұйымдарынан жинау және сақтау жүргізілді (58 мыңнан астам дана);

- құрамындасынап бар қалдықтарды демеркуризациялау учаскесінің жұмыс істеуі қамтамасыз етілді (құрамындасынап бар 62 мыңнан астам дана пайдаланылған құралдар мен аспаптар қайта өңделді);

- облыс орталығының тұрғын жер аумағында анықталған радио белсенді ластану ошағын жою жұмыстары жүргізілді.


3) биоресурстарды қорғау және ұдайы ұлғайту – Ұлан ауданының алқаптарында жабайы аңдар мен құстарға табиғи азық қорын ұдайы ұлғайту мақсатында биотехникалық іс-шаралар орындалуда;

- жыртқыш аңдардың санын реттеу мақсатында 358 бас қасқыр және бөлтірік  ату іс-шарасы жүргізілді.

 

Облыстың қалалары мен аудандарының әкімдіктері меншік қаражат есебінен елді мекендерді санитарлық тазалау және көгалдандыру, рұқсатсыз төгілген қоқыстарды жою жұмыстарын жүргізді.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 20.05.2015 / 28.01.2019