Аңшы куәлігін беру

Шығыс Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасында ескі үлгідегі аңшы билетін Қазақстан Республикасының аңшы куәлігіне ауыстыру, сондай- ақ жаңадан кірген аңшыларға аңшы куәлігін беру жүргізіледі.

Жаңадан кірген аңшылар аңшы куәлігін алу үшін Аңшылар мен балық аулаушылардың Шығыс Қазақстан облыстық қоғамдық бірлестігі жүргізетін аңшылық минимум бағдарламасы бойынша дайындық курсынан өтуі және Шығыс Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасында сауалнама-өтініш толтыруы керек.

Және өтінішке қоса мынадай құжаттарды тапсыруы қажет:

1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) өтініш берушінің өзі көрсеткен тұрғылықты жері бойынша тұратынын (тіркелгенін) растайтын құжат (тұрғылықты жерінен анықтама немесе азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі);
3) Қазақстан Республикасы салық төлеушісінің куәлігінің көшірмесі (СТН);
4) көлемі 3х4 түрлі- түсті үш фотосурет;
5) аңшылық минимум бойынша курсты бітіргені туралы құжаттың көшірмесі.

Аумақтық басқарма 10 күн ішінде сауалнама- өтнішті қарайды және өтініш берушіге оның аңшылық минимумы бойынша емтиханға жіберілуі (не жіберуден дәлелді бас тарту туралы), емтиханның күні мен оның өткізілетін жері туралы хабарлайды. Аңшылық минимум бойынша емтихан жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, жабайы жануарлардың биологиясы, аңшылық қаруды және басқа аулау құралдарын, аң аулайтын иттер мен қыран құстарды ұстау мен пайдалану саласындағы заңнама мәселелерін қамтитын уәкілетті орган бекіткен тестілік тапсырмалар бойынша тестілеу әдісімен жүргізіледі.
Аңшылық минимум бойынша емтихан қабылдауды тұрақты жұмыс істейтін емтихан алу комиссиясы жүзеге асырады.
Емтихан тапсырушы бір сағат ішінде 25 тест сұрақтарының 20- сына дұрыс жауап берген жағдайда емтихан нәтижесі оң деп есептеледі. Бес қатеден асқан жағдайда емтихан тапсырылмаған болып есептеледі және өтініш беруші емтиханды қайтадан тапсыруға жіберіледі. Емтиханды қайтадан тапсыра алмаған жағдайда, өтініш берушіге аңшы куәлігін алуға бір жылдан кейін ғана өтініш беру мүмкіндігі беріледі.
Аңшы куәлігін беру емтихан тапсырғаннан кейін 10 күннен кешіктірмей жүргізіледі. Емтихан комиссиясының хаттамасы аңшы куәлігін беруге негіз болып табылады. Аңшы куәлігі 10 жыл мерзімге беріледі және жыл сайын 31 наурызға дейін облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасында (10% ТЕК (МРП) мөлшерінде мемлекеттік баж салығын төлегеннен кейін) міндетті түрде тіркелуге тиіс. Тіркелгені туралы белгісі жоқ аңшы куәлігі жарамсыз деп танылады.
Аңшы облыс аумағынан тыс тұрақты тұрғылықты жерге көшкен кезде облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасынан есептен шығуы керек және 30 күн ішінде жаңа тұрғылықты жері бойынша аумақтық басқармаға есепке тұруы қажет.
Шығыс Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы басқармасы Аң аулау ережесіне сәйкес рұқсат берілген олжалау құралдарының түрлерін (атыс қаруынан басқа), иттер мен қыран құстарды қолданып аң аулауға аңшы куәлігі бар жасы он төртке толған жеке тұлғалардың, аңшылық атыс қаруын қолданып аң аулауға аңшылық атыс қаруын сақтауға және алып жүруге рұқсаты және аңшы куәлігі бар жасы он сегізге толған жеке тұлғалардың құқығы бар екендігін ескертеді.

Біздің мекенжайымыз: Өскемен қаласы, Тоқтаров көшесі, 40-үй, екінші қабат, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау бөлімі, телефон 26-32-28.

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 02.02.2012 / 07.02.2012