Орман және аңшылық шаруашылығы

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ҚОРҒАЛАТЫН АУМАҚТАР ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫНА ТАРИХИ- ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ШОЛУ

Шығыс Қазақстанда қорық аумақтарын құру қажеттілігі туралы мәселе профессор Г.А. Кожевник, академик М.П. Бородин және басқа Россия ғалымдары көтерген идеяның әсерімен ағымдағы жүз жылдықтың басында- ақ туындаған болатын. 1913 жылы Ақмола- Семей егіншілік және мемлекеттік мүлік басқармасының жанындағы Орман кеңесінде алғашқы рет қорғау қажет етілетін табиғи аймақтар белгіленді.
Бұл аймақтардың көбі орман шаруашылығы объектілері болатын және бұлармен қоса Зайсан ойпатында жабайы шошқа паналайтын және сібір елігі қыстайтын жерлердің бірі ретінде Қара Ертістің аймағын, сондай- ақ облыс көлемінде киіктің негізгі мекендеу аймағы ретінде Қара Бөрік шоқысының маңын табиғат ескерткіші деп жариялау көзделді. Сауыр өңірінде аса құнды табиғат бұрыштардың қатарына Тянь-Шянь шыршасы табиғи қалпында сақталған жалғыз жер Теректі қонысы, ал Оңтүстік Алтайда Темір Қаба, Арасан Қаба өзендерінің аңғары, Бұғы мүйіз қонысы және Күршім өзенінің жоғарғы бөлігі жатқызылды.
Алайда бұл аймақтар іс жүзінде дұрыс қорғалмады.
1923 жылы үш жыл мерзімге Өскемен уезінде суда жүзетін құстардың аймақтағы бірінші қаумалы құрылды. Кейінірек Қара Ертіс сағасының маңындағы бөлік (Зайсан уезі) қорық болып жарияланды.
Бірақ Шығыс Қазақстан үшін бұл екі резерват жеткіліксіз болды.
30- жылдардың аяғында бұл аумақтарға түпкілікті зерттеу жүргізіліп, 1940 жылдың тамыз айында екі қорық (Зырян және Катоқарағай аудандары) құру туралы шешім қабылданды, ал 1941 жылдан бастап бұл жерлердің шекарасында аң аулауға тыйым салынды.
Соғыстан кейінгі жылдары 60-жылдардың аяғына дейін қорықтық іс мүлдем дамымады. Балық қорын сақтау үшін бір ғана резерват (1975 ж.) құруға қол жеткізілді. Ол Зайсан көлінің солтүстік- батыс бөлігі мен Ертіс өзенінің бастау көзінен бір километр қашықтықтағы өзен сағасындағы 25 га жерді алып жатыр. Қорықта балық аулауға ғана емес суда жүзетін құстарды аулауға да тыйым салынды. Резерват үш жарым жылдай ғана жұмыс істеді.
Шығыс Қазақстанда 60- жылдардан бастап қазіргі заманғы қорық аумақтарының жүйесі құрыла бастайды, қыстап қалатын киіктерді қорғау үшін 10 жыл мерзімге көлемі 286 мың га (1986 ж.) Тарбағатай (Базарка және Шорға өзендерінің аралығы) және Құлжа (Қызылқұм, Тілеуқабыл құмдары және Құлжа жайылмасы) мемлекеттік зоологиялық қаумалы құрылды. Осы жылы Қалба жотасының солтүстік беткейіндегі оқшауланған майқарағай аймағы (Көкшілтау самырсын тоғайы) табиғат ескерткіші болып жарияланды.
1976 жылы Қазақстан Алтайында Солтүстік Алтай физикалық- географиялық шет аймақтарының табиғат кешендерінің табиғи жағдайын сақтауға арналған екі километрлік қорғау аймағы (30,0 мың га) бар Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы (71,4 мың га) құрылды. Екі жылдан кейін шырғанақ, итмұрын, долана- емдік шөптері бойынша арнайы табиғи ботаникалық қаумалдар- «Қаратал құмы», «Төменгі Тұрғысын» ботаникалық қаумалдары жарияланды (1,3 және 2,2 мың га). Тарбағатай және Құлжа қаумалдарының қызметі тағы 10 жылға ұзартылды.
Бұдан кейін (1979 ж.) «Рахман қайнары» профилакториясының жедел дамуына байланысты ландшафтар мен емдеу- сауықтыру қызметі үшін қолайлы табиғи жағдайларды қорғаумен айналысатын осы аттас ботаникалық- геологиялық қаумал (109,1 мың га) пайда болды. Осымен бір мезгілде Тархан қимасы (2,0 га) облыстық маңызы бар геологиялық ескерткіш және Асубұлақ өзенінің сағасындағы (360 га) пегматитті алаң геологиялық- минералогиялық қаумал болып саналды. Бірақ та соңғысы заңды түрде толық ресімделмеген деп есептеліп қазіргі кезде жұмыс істемейді.
1982 жылы әрқайсысының жер көлемі 2 га облыстық маңызы бар 4 геологиялық ескерткіш- «Ашутас», «Қиын Керіс», «Алаулы адырлар», «Көгілдір бұғаз» құрылды.
Құлжа қаумалының жер көлемі оның құрамына Құлжа және Бөкен өзендерінің атырауындағы жер телімдерінің қосылуына байланысты 3,4 мың га-ға көбейді. Ал 1983 жылы Тарбағатай қаумалы сирек кездесетін жануарлардың көптеп шоғырлануы байқалған Маңырақ жотасы мен Шілікті ойпатындағы жаңа аумаққа көшірілді.
1986 жылы бес қаумалға және «Көкшілтау самырсын тоғайы» табиғат ескерткішіне мемлекеттік қаумалдар және республикалық маңызы бар табиғат ескерткіші мәртебесі берілді. Көлдің маңындағы және Тополевка өзенінің орташа ағысты бөлігіндегі жер телімдері қорықтандырылып, Марқакөл қорығының ауланы 75 мың га-ға дейін кеңейді.
1992 жылы Ақ және Қара Убаның жоғарғы бөлігінде көлемі 56 078 га Батыс Алтай табиғи қорығы- Қазақстанның шығысындағы екінші қорық құрылды.
2001 жылдың шілде айында Оңтүстік Алтайдың бірегей, табиғи кешендік эталонын сақтау, табиғи және мәдени мұраларды сақтау, ғылыми зерттеулер жүргізу және табиғи ортаның жай- күйін қадағалап отыру, туризмді ұйымдастыру мақсатында жалпы көлемі 647 477 га болатын Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ұйымдастырылды.
Осы жылы Үкіметтің 2001 жылғы 27 маусымдағы № 877 қаулысымен республикалық маңызы бар мемлекеттік қаумалдар мен табиғат ескерткіштердің тізбесі бекітілді.
2003 жылғы қаңтар айында Ертіс жағалауының реликті қарағайлы орман жалдарын қорғау және қалпына келтіру мақсатында көлемі 658 832 га «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты құрылды.
 

Қазіргі кезде Шығыс Қазақстанның қорғалатын аумақтар жүйесін құрайды:

- 2 мемлекеттік табиғи қорық:
Марқакөл (75040 га) және Батыс Алтай (56078 га);
- Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі (647 477 га);
- «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты (658 832 га);
- 8 мемлекеттік табиғи қаумал: Құлжа (46,0 га) және Тарбағатай (240,0 мың га)
зоологиялық қаумалдары, «Қаратал құмы» (1,3 мың га), Төменгі Тұрғысын (2,2 мың га), «Әлет» (112 га), «Солдат саңылауы» (156 га), «Үржар» (120 га) ботаникалық қаумалдары, «Рахман қайнары» (109,0 мың га) ботаникалық- геологиялық қаумалы;
- «Көкшілтау самырсын тоғайы» табиғат ескерткіші (137 га).

 


Аң аулайтын құстарды тіркеу

Шығыс Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасында еріксіз ұсталатын жыртқыш құстарды тіркеу, оларға төлқұжат беру және микрочиптермен таңбалау жүргізіледі.
«Еріксіз ұсталатын жыртқыш құстарды тіркеу туралы нұсқаулыққа» сәйкес жыртқыш құстар тіркелген питомниктердің, зоологиялық коллекциялардың иелерінен, басқа да заңды иелерден алынады, не АШМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті берген рұқсаттар бойынша табиғи ортадан алынады.

Жыртқыш құстарды қолда ұстау үшін аумақтық орман және аңшылық шаруашылығына мынадай құжаттар ұсынылады:
1) жыртқыш құсты қолда ұстауға өтініш, өтніште жыртқыш құстың түрі, еріксіз ұстау мақсаты, ұстаудың болжамды мерзімі, құс ұстауға арналған жағдайдың болуы, өтініш берушінің толық төлқұжаттық деректері мен мекенжайы көрсетілуі керек;
2) аңшы куәлігі (аң аулау мақсатымен жыртқыш құстарды қолда ұстауға рұқсат алу үшін);
3) жеке басының куәлігі (төлқұжаты), (заңды тұлғаны тіркеу туралы куәліктің көшірмесі).

Аумақтық басқарма жыртқыш құстарды ұстауға арналған жағдайды, құстармен қарым- қатынас жасауға білімі мен дағдысын бағалайды. Аумақтық басқарманың өтініш берушіге берілген жыртқыш құсты ұстауға келісімі жырқыш құсты қолда ұстаудың мақсаты, түрі, саны көрсетіліп мөрмен куәландырылған фирмалық бланкіде ресімделеді.
Жыртқыш құсты алғаннан кейін немесе табиғи ортадан алынғаннан кейін, ол 10 күн ішінде аумақтық басқармада тіркелуі керек. Басқармада жыртқыш құсты тұрақты ұстаудың және оны тіркеудің заңдылығын куәландыратын Жыртқыш құстың төлқұжаты ресімделеді. Төлқұжат өтініш берілген кезден бастап 10 күннен кешіктірмей беріледі.

Жыртқыш құстың төлқұжатын ресімдеу үшін аумақтық басқармаға мынадай құжаттар ұсынылады:
1) өтініш, онда жыртқыш құстың түрі, жынысы, туған жылы, еріксіз ұсталу мақсаты, ұсталатын болжамды кезеңі, құс ұсталған жер және оны ұстау тәсілі, жыртқыш құсты ұстап алудың заңдылығын растайтын құжаттың нөмірі мен күні, егер бар болса, құстың өзіне тән белгілері, сақиналары мен микрочиптерінің болуы, құсты қолда ұстауға арналған жағдайдың болуы, өтініш берушінің төлқұжаттық деректері мен мекенжайы көрсетілуі тиіс;
2) жыртқыш құсты қолда ұстаудың заңдылығын растайтын құжаттар немесе бұрнғы иесінің атына ресімделген Жыртқыш құстың төлқұжаты;
3) аңшы куәлігі (аң аулау мақсатында қолда ұстауға арналған Жыртқыш құстың төлқұжатын алу үшін);
4) жеке басының куәлігі (төлқұжаты), (заңды тұлғаны тіркеу туралы куәліктің көшірмесі).

Аумақтық басқарма құстардың түрінің (жынысының, жасының) және сипатының, олардың таңбаларының сәйкестігін, қажет болса- құстарды қолда ұстауға арналған жағдайдың болуын тексереді. Тұрақты ұстауға арналған жыртқыш құстар шешілмейтін сақиналармен не микрочиптермен таңбалануға тиіс. Жыртқыш құстарда таңба болмаған жағдайларда аумақтық басқарма жыртқыш құстардың иелерінің есебінен микрочиптермен таңбалауды ұйымдастырады.
Тіркелген аң аулайтын құстарды аң аулауға пайдаланған жағдайда аңшы куәлігіне жыртқыш құстың түрі, сақинаның немесе микрочиптің нөмірі, Жыртқыш құстың төлқұжатының нөмірі, ал жыртқыш құсты уақытша қолда ұстаған кезде аумақтық басқарма куәландырған ұстау мерзімі жазылады.
Жыртқыш құстың тұрғылықты жері ауыстырылған немесе иесі өзгертілген кезде, жыртқыш құстың иесі жыртқыш құстың төлқұжатын қайта ресімдеу үшін 10 күн мерзімде аумақтық басқармаға өтініш береді. Жыртқыш құстың иесі оны аумақтық басқармамен келісімі бар басқа адамға беруге (сатуға, сыйлауға, айырбастауға) құқылы. Жыртқыш құс жаңа иесіне төлқұжатпен бірге беріледі.
Жыртқыш құс опат болған жағдайда ветеринарлық қадағалау органы мен аумақтық басқарма өкілдерінің қатысуымен тұрғылықты жер бойынша кесім жасалады (қажет болған жағдайда ветеринарлық сараптама жүргізіледі) және аумақтық басқармаға беріледі.
Жыртқыш құсты аң аулау кезінде жоғалтқан жағдайда құстың иесі акт жасайды және оны соңынан аумақтық басқармаға тапсырады. Аталған жағдайлардың бәрінде опат болған Жыртқыш құстың төлқұжаты аумақтық басқармаға тапсырылады.
Осы Нұсқауда белгіленген тәртіпте ресімделмеген жыртқыш құстар заңсыз ауланған деп есептеледі.

Біздің мекенжайымыз: Өскемен қаласы, Тоқтаров көшесі, 40- үй, екінші қабат, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау бөлімі, телефон 26-32-28.

Аңшы иттерді тіркеу

Шығыс Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасында аңшы иттеріне тіркеу жүргізіледі. ҚР АШМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 129 бұйрығымен бекітілген Аңшы иттерді тіркеу ережесіне сәйкес, аңшы иттерге аң аулайтын алқаптарда жабайы аңдар мен құстардың ізіне түсу және аулау үшін пайдаланылатын алты айға толған барлық асыл тұқымды және тексіз иттер жатады.

Тіркеуден өту үшін мынадай құжаттарды тапсыру керек:
1) барлық иттер үшін (асыл тұқымды және тексіз иттер)- ветеринарлық клиникаларда учаскелік дәрігерлер берген және белгіленген үлгідегі мемлекеттік ветеринарлық инспекторлар куәландырған иттің төлқұжаты;
2) асыл тұқымды аңшы иттері үшін- аңшы иттермен тұқымын асылдандыру жұмысын жүргізетін кинологтар клубтары, олардың қауымдастықтары, аңшылар қоғамдары беретін Аңшы иттің шығу тегі туралы анықтама немесе Аңшы итке берілетін куәлік.

Аңшылармен бірге аң аулаутын жерлерде болатын барлық иттер тіркеуден өтуі қажет екенін естеріңізге саламыз. Тіркеуден өтпеген иттер қаңғыбас иттер деп танылады, ал олардың иелері Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жауапты болады.

Біздің мекенжайымыз: Өскемен қаласы, Тоқтаров көшесі, 40- үй, екінші қабат, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау бөлімі, телефон 26-32-28

Жоғары өтімді арнайы машиналарды тіркеу (қаршаналар, квадроциклдер)

Шығыс Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасы қаршаналар мен квадроциклдердің және басқа да жоғары өтімді арнайы машиналардың иелерін ҚР АШМ Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық басқармасы Мемлекеттік техникалық инспекциясының қалалық және аудандық бөлімшелерінде осы машиналарға тіркеу жүргізілетіні туралы хабардар етеді.

Тіркеу үшін тіркеу орындарына мынадай құжаттарды тапсыру қажет:

1) өтініш;
2) жеке тұлғалар үшін- көлік иелерінің тұрғылықты жері мен жеке
басын куәландыратын құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмелері, заңды тұлғалар үшін- статистикалық картаның, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмелері;
3) мемлекеттік тіркеу, машинаны тіркеу құжаты, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі, қайта тіркелгені және машинаны тіркеу құжатының дубликаты берілгені үшін алым төленгені туралы құжат (түбіртек);
4) машинаның өзін (жарамсыз деп танылмаса, есептен шығарылмаса);
5) машинаға меншік құқығын растайтын құжаттар (сату- сатып алу, айырбастау, сыйға тарту, қарызға беру келісім- шарттарының нотариалды куәландырылған көшірмелері; машинаны қабылдау- беру актісі, анықтама- шот, кіріс кассалық ордердің түбіртегі, сот шешімі, сатып алғанын, сондай- ақ машиналардың ҚР кедендік аумағына әкелгендігін растайтын құжаттардың (ЖКД) түпнұсқалары, нотариалды тәртіппен куәландырылған мұрагерлік құқығы туралы құжат, заңды тұлғаның машинаны жеке тұлғаға беру туралы бұйрығы және басқа да құжаттар).
6) жаңа және қолдан құрастырылған немесе ҚР аумағына әкелінген машиналарға берілген ҚР- ның сәйкестік сертификаты немесе қауіпсіздік техниекасының белгіленген талаптарына сәйкестігін растайтын басқа құжат;
7) егер машина шетелден сатып алынса, кеден жүк декларациясы және құжатты берген кеден органдарымен куәландырылған кедендік құжаттардың көшірмелері.

Аудандық және қалалық аумақтық инспекциялардың техникалық инспекторларының деректері:

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 02.02.2012 / 07.02.2012