"Әлет" мемлекеттік ботаникалық қаумалы

Республикалық маңызы бар «Көкшілтау самырсын тоғайы» мемлекеттік  табиғат ескерткіші

          1981 жылы орман қоры аумағында Қазақ ССР Министрлер Советінің 17.04.1981 ж.  № 182  қаулысымен құрылған. (Қазақ    ССР    Министрлер     Кабинетінің 19.06.92 ж.  № 537 қаулысымен күші жойылды.). Қазақстан Республикасы Үкіметінің 19.07.2005 ж. № 746 Қаулысымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 10.11.2006 ж. № 1074 Қаулысымен құрылған, қолданылу мерзімі-   мерзімсіз.

Ұйымдастырылу мақаты: «Көкшілтау самырсын тоғайы» мемлекеттік табиғат ескерткіші елеулі ғылыми және мәдени- ағартушылық  маңызы бар Ертістің сол жағалауындағы қарағай мен көктерек шашырай орналасқан жалғыз реликті самырсын сирек тоғайын сақтау мақсатында ұйымдастырылған.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қарауына берілген (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 10.11.2006 ж. № 1074 Қаулысы).

Қаумалды қорғауды Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, «Асубұлақ орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.

«Көкшілтау самырсын тоғайы» мемлекеттік табиғат ескерткішінің орналасқан жері: Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Асубұлақ ауылы, Жаңа орман шаруашылығы-  «Орман шаруашылығының Асубұлақ мемлекеттік мекемесі» ММ.

 «Көкшілтау самырсын тоғайы» мемлекеттік табиғат ескерткішінің аумағы орман шаруашылығының Асубұлақ мемлекеттік мекемесі, Көктау орманшылығында, 278- орамда, Көктау жотасындағы Медведка тауының солтүстік беткейінде орналасқан. Абсолюттік биіктігі- теңіз деңгейінен 780 метр биіктікте.

«Көкшілтау самырсын тоғайы» мемлекеттік табиғат ескерткішінің аумағы солтүстігінде және оңтүстігінде Ұлан әкімшілік ауданының жерлері- мен шектеседі.Оңтүстігінде және батысында орман шаруашылығының Асубұлақ мемлекеттік мекемесі Көктау орманшылығының 4, 9, 10, 12- орман орамдарымен шектеседі.

«Көкшілтау самырсын тоғайы» мемлекеттік табиғат ескерткішінің жалпы алаңы- 137 га.

«Көкшілтау самырсын тоғайы» мемлекеттік табиғат ескерткішінің аумағында индикаторлық түр болып сібір майқарағайы - Abies sibirica саналады.

Өсімдіктер: Сібір қандығы,  алтай рауғашы, алтай гимноспермиумы, алтай жуасы, аналық таға, сібір қисықбасы, еркек усасыр,  бұйра лалагүл,  шұғылық, алтай күнгелдісі, кәдімгі мойыл. 

Жануарлар:Қабан, қасқыр, қоян, түлкі, қарсақ, суыр, шұбар тышқан,  тиін.

«Көкшілтау самырсын тоғайы» мемлекеттік табиғат ескерткішінің ғылыми, экологиялық- ағартушылық және оқу мақсаттарында пайдаланылады; мемлекеттік табиғат ескерткіштерінің сақталуын бұзатын кез- келген қызметтерге тыйым салынады.

«Көкшілтау самырсын тоғайы» мемлекеттік табиғат ескерткішінің барлық аумағында қорғаудың қорықтық режімі белгіленген, қорықтық режім бойынша мына әрекеттерге тыйым салынады:

1) аумақтың гидрологиялық режімін өзгертетін әрекеттерге;

2) мемлекеттік табиғи қорықтың қызметімен байланысты емес ғимараттар (құрылыстар мен имараттар), жолдар, құбыр желілері, электр берілісі жүйелері және басқа да байланыстар мен объектілерді салуға;

3) геологиялық барлау жұмыстарына және пайдалы қазбаларды алуға;

4) топырақ қабатын зақымдауға, минералдардың шығу көздерін және тау жыныстарының ашылымдарын бүлдіруге;

5) орманды сауықтыру және күтіп- баптау мақсатында кесуді қоса алғанда барлық орман пайдаланудың түрлеріне, азықтық, дәрілік және техникалық өсімдіктерді, гүлдерді, тұқымдарды дайындауға, шөп шабуға, мал жаюға және өсімдік жамылғысын бұзатын өсімдіктер дүниесін пайдаланудың басқа түрлеріне;

6) уәкілетті органмен белгіленген тәртіпте арнайы бөлінген учаскелерде мемлекеттік табиғи қорықтың қорғаныш аймағында тұратын жергілікті халықтың қажеттілігін өтеуге рұқсат етілетін  әуесқойлық балық аулаудан басқа аң аулауға және балық аулауға;

7) жануарларды аулауға және жоюға, олардың  мекендеу ортасы мен жағдайларын бұзуға;

8) жануарлар мен өсімдіктердің жаңа түрлерін жерсіндіруге, пайдаланылатын жердің табиғи сиымдылығынан артық жануарлардың жеке түрлерінінің санын арттыру бойынша іс- шараларды жүргізуге;

9) мемлекеттік табиғи қорықтың коллекцияларын қалыптастырудан басқа коллекциялық материалдарды жинауға;

10) жануар және өсімдік зиянкестерімен күресте, сондай- ақ жануарлар санын реттеу үшін химиялық және биологиялық әдістерді қолдануға;

11) үй жануарларын айдап өтуге;

12) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның келісімімен уәкілетті орган белгілеген нормалардан асыра шу шығару және басқа жасанды түрдегі акустикалық әсер етулерге;

13) қорғалатын ландшафтардың табиғи бейнесін өзгертуге  апарып соғатын немесе экологиялық жүйенің тұрақтылығын бұзатын немесе аса бағалы табиғат ресурстарының сақталуы мен қайта жаңғыруына қауіп төндіретін қызметтерге.

Мемлекеттік табиғат ескерткішінің аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу және сөндіру бойынша жерден және әуеден жұмыстар жүргізуге рұқсат етіледі.

Орман шаруашылығының Асубұлақ мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік орман қорғау қызметкерлерінен, сондай- ақ қарамағына мемлекеттік табиғат паркі қарайтын мемлекеттік органның лауазымды тұлғаларынан басқа жеке тұлғалардың мемлекеттік табиғат ескерткішінің аумағына баруына рұқсат қағаздары болғанда ғана рұқсат етіледі.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 02.02.2012 / 06.06.2016