Құлжа мемлекеттік зоологиялық қаумалы

Республикалық маңызы бар «Құлжа» мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қаумалы

         «Құлжа» мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қаумалы Қазақ ССР

Министрлер Советінің 1986 жылғы 17 ақпандағы № 69 қаулысымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 27.06.2001 ж. № 877 Қаулысымен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 19.07.2005 ж. № 746 Қаулысымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 10.11.2006 ж. № 1074 Қаулысымен құрылған,  қолданылу мерзімі- мерзімсіз.

Ұйымдастырылу мақсаты: «Құлжа» мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қаумалы сирек және құрып бара жатқан түрлерін, сондай-ақ ғылыми, мәдени және шаруашылық жағынан бағалы түр – Елікті - Capreolus capreolus pygargus қорғау және санын қалпына келтіру мақсатында ұйымдастырылған. Қызылқұм құмдары  сібір елігі қоныс аударғанда қыстайтын жерлердің бірі.

«Құлжа» мемлекеттік табиғи зоологиялық қаумалы меншік иелерінен және пайдаланушылардан алынып қойылмаған жер учаскелерінде құрылған.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің қарауына берілген. (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 10 қарашадағы № 1074 Қаулысы).

         Қаумалды қорғау Марқакөл мемлекеттік табиғи қаумалы (2 инспектор) және  ШҚО Табиғи ресурстар мен табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Самар    орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (1 қорықшы) бірлесе жүзеге асырылады.

Құлжа мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қаумалы Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауданында орналасқан.

«Құлжа» мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қаумалының жалпы алаңы 46 000 га- ны құрайды.

Жануарлар дүниесінің индикаторлық түрі Елік–  Capreolus capreolus pygargus болып табылады.

«Құлжа» мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қаумалында тарихи- мұра объектілері жоқ.

«ЕҚТА туралы» 2006 жылғы 07 шілдедегі № 175-ІІІ ҚР Заңының 69-бабы 1-тармағының 3-тармақшасына және 3-тармағына сәйкес:

«Құлжа» мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қаумалында аң аулауға,балық аулауға, жабаайы жануарларды кез-келген тәсілмен және құралмен олжалауға, өгей өсімдіктер мен жануарларды жерсіндіруге, ұяларды, індерді, апандарды және басқа мекендеу орнын бұзуға, жұмыртқа жинауға және жануарлардың қырылуын тудырған немесе тудыратын басқа да әрекеттерге тыйым салынады.

«Құлжа» мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қаумалы ғылыми, экологиялық- ағартушылық, туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттарда пайдаланылады.

Жер учаскелерінің меншік иелері және жерді пайдаланушылар мемлекеттік табиғи қаумалдарды күзетудің қорықтық  режимімен белгіленген шектеулерді сақтай отырып шаруашылық қызметтерді жүзеге асыруға құқылы.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 02.02.2012 / 06.06.2016