Шығыс Қазақстандағы Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі  ҚР Үкіметінің 17 шілдедегі 2001 жылғы № 970 қаулысына сәйкес құрылды, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қарауында.
Катонқарағай мемлекеттік ұлттық паркі- Қазақстанның ең ірі паркі, жалпы аумағы 643477 га. Ұлттық парк Шығыс Қазақстан облысында орналасқан.
Парк "Үлкен Алтай" қазақстан-ресей трансшекаралық биосфералық резерваты халықаралық дәрежеге ие. Бұл дәрежені алу мақсатында үлкен жұмыстар атқарылды. Осы бағыттағы жетістік  2014 жылы 12 маусымда Швецияда өткен МАБ ЮНЕСКО-ның "Адам және биосфера" бағдарламасы бойынша Халықаралық үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында  Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркін  Дүниежүзілік биосфералық резерваттар желісіне қосу туралы шешім қабылдау болды.
2017 жылы 14 маусымда Парижде "Үлкен Алтай" трансшекаралық биосфералық резерваты номинациясы мақұлданды.
2017 жылы қазақстан-ресей трансшекаралық биосфералық резерваты ретінде ЮНЕСКО Дүниежүзілік   биосфералық резерваттар желісіне қосылды.
Ұлттық парктің ұйымдастырушылық құрылымы келесідей:
Әкімшілік-басқару персоналы, алты бөлім және бес филиал. Парк аумағы 10 орманшылық, 30 шеберлік учаске, 248 инспекторлық айналымға бөлінген. Қорғау қызметінің штаты – 335 мемлекеттік инспекторды құрайды.

Басшылық:

Парк құрылымына келесі бөлімдер мен құрылымдық бөлімшелер кіреді:

Парк филиалдары мен орманшылықтар құрылымы:

Өсімдіктер әлемі.

Орманды қорғау және оңдіру саласында өткізілетін негізгі іс-шаралар:

Жануарлар әлемі

Парк аумағында мекендейді:

Жануарлар әлемін қорғау және өңдіру саласында өткізілетін негізгі іс-шаралар:

Ұлттық паркте жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары. 

Катонқарағай ұлттық паркі Катонқарағай ауданының 30 мектептері, мектеп орманшылықтарымен, мектепке дейінгі мекемелермен, балабақшалармен, экологиялық-туристік клубтармен, жергілікті тұрғындармен үздіксіз жұмыс жүргізуде.

Басқа мекемелермен халықаралық ынтымақтастық:

Экологиялық-ағарту және туристік мақсатта өткізілетін негізгі іс-шаралар:

Жергілікті халықтың дәстүрлі табиғатты пайдалану түрлері:

Экологиялық туризм түрлері:

Парк аумағында республикалық маңызы бар 9 геологиялық геоморфологиялық және гидрологиялық нысан бар.
Туристер неғұрлым көп баратын 13 туристік маршруттар мен соқпақтар бар. Маршруттардың жалпы ұзындығы 673 км құрайды . Бүгінгі таңда жаңа маршруттар әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Ұлттық парк кеңінен ақылы қызмет көрсетеді (қонақ үй қызметтері, жылқы , көлік тұрағын ұсыну, көлік жалға беру,  инспектор-жолсерік қызметі және т. б.).
Биосфералық резерваттардың басты мақсаты биоәртүрлілікті сақтаумен қатар жергілікті қауымдастықтардың орнықты дамуына жәрдемдесу болып табылады. Экологиялық және ауылдық туризмді дамытуға үлкен көңіл бөлініп жатыр. Парктің әкімшілік тарапынан  неғұрлым белсенді тұрғындар, халық шеберлері, кәсіпкерлер, ұлттық парк келушілеріне қызмет көрсетуге ниет білдірген шаруа қожалықтарының басшылары анықталып, қолдауға ие болды.   
Ұлттық парктің туристтік өнімдерін  жарнамалау мақсатында экологиялық ағарту және туризм бөлімінің мамандары әртүрлі туристік көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысады.
Катонқарағай МҰТП http://br.katonkaragai.kz/ru/ ресми сайтында парк туралы мәлімет берілген, сонымен қатар әлеуметтік желілерде парақшалары бар.: (https://www.instagram.com/katonkaragayskiignpp/ ,  https://www.facebook.com/katonkaragaygnpp/ ).

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ
Шығыс Қазақстан обласы
Катонқарагай ауданы, Катонқарагай ауылы
О.Бөкей көшесі №115 үй
Тел/факс: 8 (72342) 2-13-45
e-mail: rgu.katongnpp@mail.ru

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 02.02.2012 / 16.08.2018