Төменгі тұрғысын мемлекеттікботаникалық қаумалы

Республикалық маңызы бар Төменгі Тұрғысын мемлекеттік табиғи (ботаникалық) қаумалы

         Төменгі Тұрғысын мемлекеттік табиғи (ботаникалық)  қаумалы Қазақ ССР Министрлер Советінің 1986 жылғы 17.02.1986 ж. № 69 қаулысымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 27.06.2001 ж. № 877 Қаулысымен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 19.07.2005 ж. № 746 Қаулысымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 10.11.2006 ж. № 1074 Қаулысымен құрылған, қолданылу мерзімі- мерзімсіз.

         Ұйымдастырылу мақсаты: Төменгі Тұрғысын мемлекеттік табиғи (ботаникалық)  қаумалы долана мен итмұрынның бірегей қалың бұталарын сақтау және қалпына келтіру мақсатында ұйымдастырылған. Төменгі Тұрғысын мемлекеттік табиғи ботаникалық  қаумалы меншік иелерінен және пайдаланушылардан алынып қойылмаған жер учаскелерінде құрылған.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қарауына берілген. (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 10.11.2006 ж. № 1074 Қаулысы).

Қаумалды қорғауды Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, «Зырян орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі» жүзеге асырады. (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 10.11.2006 ж. № 1074 Қаулысы).

Төменгі Тұрғысын мемлекеттік табиғи (ботаникалық)  қаумалының орналасқан жері: Шығыс Қазақстан облысы, Зырян ауданы, «Орман шаруашылығының Зырян мемлекеттік мекемесі» ММ-сі аумағында, Төменгі Тұрғысын орманшылығы, 224, 225, 226, 231, 232, 235, 236- орамдар.

Қаумалдың нақты шекарасы жоқ және Төменгі Тұрғысын орманшылығы аумағында ұсақ учаскелермен орналасқан.

Зырян ауданында Бұқтырма, Тұрғысын, Бобровка өзендерінің аралығында, орман шаруашылығының Зырян мемлекеттік мекемесінің Тұрғысын орманшылығының 224, 225, 226, 231, 232, 235, 236- орамдарында орналасқан.

Төменгі тұрғысын мемлекеттік табиғи (ботаникалық) қаумалының жалпы алаңы 2200 га- ны құрайды.

Төменгі Тұрғысын мемлекеттік табиғи (ботаникалық) қаумалында өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің жай- күйін айқындайтын индикаторлық түрлері - Сары долана - Crataegus chlorocarpa Тікенді итмұрын - Rosa acicularis, Бұлжыр итмұрын – Rosa, Тікенекті итмұрын, тікенғалдақ - Rosa spinosissima.

Төменгі Тұрғысын мемлекеттік табиғи (ботаникалық) қаумалы ғылыми, экологиялық- ағартушылық, туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттарда пайдаланылады; мал жаюға, шөп шабуға, орман кесудің барлық түріне, гүл жинауға,  өсімдіктердің тамырын, түйнегін, жуашықтарын қазып алуға, от жағуға, көлік құралдарымен бар жолдардан басқа жерлермен кіруге және жүруге, өгей өсімдіктер мен жануарларды жерсіндіруге, басқа да өсімдіктерді зақымдаған немесе жойған, сондай- ақ зақымдайтын немесе жоятын басқа да әрекеттерді жасауға тыйым салынады.

Жер учаскелерінің меншік иелері және жерді пайдаланушылар мемлекеттік табиғи қаумалдарды күзетудің қорықтық  режимімен белгіленген шектеулерді сақтай отырып шаруашылық қызметтерді жүзеге асыруға құқылы.

Дата создания / изменения страницы: 02.02.2012 / 06.06.2016