Алтай ботаникалық бағы

Алтай ботаникалық бағы биоәртүрлілікті сақтау мақсатында әлемдік және отандық флораның өсімдіктерін зерттейтін, сондай-ақ мәдени флораның құнды түрлермен  байыту жолында қызмет атқаратын ғылыми-зерттеу мекемесі болып табылады.

 Бақтың ерекшелігі тірі өсімдіктер коллекцияларының қолда болуы. ҚР Үкіметінің 2007 жылдың 10 қарашасындағы №1074  қаулысы негізінде Алтай  ботаникалық бағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тізбесіне енгізілген.  Бақтың ғылыми-зерттеу қызметі әлемдік және отандық флораның өсімдіктер әлемін зерттеу жолында  іргелі және қолданбалы,  инновациялық зерттеулер жүргізуге, өсімдіктердің генетикалық ресурстарын тиімді пайдалануға және оларды аймақ жағдайында өсірудің негізін жасауға бағытталған.   Сонымен қатар өсімдіктер әлемінің алуан түрлі байлығын ашып көрсету бағытында ағарту және білім тарату қызметі де жүзеге асырылып келеді.

Өткен қаржы жылында «Алтай ботаникалық бағы» РМК-да еліміздің   интеллектуалдық әлеуеті және өмір туралы ғылым басымдықтары бойынша 4 гранттық және 1 мақсатты бағдарламалық қаржыландыру бағдарламалары орындалды.

Өткен жыл ішінде атқарылған ғылыми-практикалық жұмыстар:

- 88 географиялық нүктелерде 55 түрлі дәрілік шөптердің мекен жайған жерлеріне эколого-фитоценотикалық сипаттама жасап, таратуға және шикізат қорын анықтауға;

- аптекарлық бақша ретінде  ex-situ бастапқы коллекциясын жасау үшін 19 түрлі перспективалы өсімдіктерді  жерсіндіруге;

- Катонқарағай, Риддер, Шемонаиха және Глубокое аудандарында 23 тектес, 64 тұқымдастарға жататын 98 түрлі аз зерттелген, сирек кездесетін әрі жоғалып бара жатқан өсімдіктердің географиялық таралуына мониторинг жасауға, Қазақстандық Алтайда 15 түрлі аз зерттелген, сирек кездесетін әрі жоғалып бара жатқан өсімдіктердің географиялық таралуын,  фитогенетикалық құрамын, тұқымдық өнімділігін анықтап, оларды қорғау шараларын белгілеуге;

- бақта өсірілетін 80 сұрыпты бүлдіргеннің  аймақтың топырақтық-климаттық жағдайына бейімдеудің  биологиялық ерекшеліктерін зерттеуге, жемістің құрамы мен өнімділігінің  биохимиялық құрамына кешенді баға беріп,   бүлдіргенді өсіру жолында өнімділігін молайтуда, аурулары және зиянкестерімен күресуде биопрепараттарды тиімді қолдану тәсілдерін зерттеуге;

- Алтай ботаникалық бағының топырақтық-климаттық жағдайында өсірілген буданды таушымылдықтың 10 сұрпының, буданды  лилейниктің 11 және  буданды сарыгүлдің 10 сұрпының феноырғақтық ерекшелігін,  морфологиялық параметрлерін,  олардың аурулар мен зиянкестерге төзімділігін, өсіп жетілу ерекшеліктерін  анықтап,  аймақтың өсімдіктер мәдениетіне неғұрлым перспективалы сұрыптарын  енгізу  үшін іріктеу жүргізуге;

- Оңтүстік Батыс Алтай және Зайсан ойпаты аумақтарында тараған 113 түрден, 81 тұқымдас, 29 тектес МӨЖТ  242 географиялық орындарың анықтауға мүмкіндік берді.

         Аталмыш мерзімде осы өсімдіктерге   фитоценотикалық сипаттама жасалып, кейбір түрлерінің ресурстық, ал жемісті өсімдіктердің  селекциялық-генетикалық бағасы беріліп, тұқымдар банкін құру үшін тұқымдық материал (70 түрдің, 50 тұқымдас пен 21 тектестің 100 үлгісі) жиналды,  төлқұжаттары жасалды және гербарийлік үлгілері дайындалды.  

ҒЗЖ нәтижелері бойынша отандық және халықаралық басылымдарда  22 ғылыми мақала жарияланды.

Бақтың қызметкерлері мәдени-ағарту жұмыстары аясында Батыс Алтай мемлекеттік қорығы үкіметтік емес ұйымдармен және қаланың білім мекемелерімен бірлесіп өткізген  «Парктер маршы» және «Шыршаны қорғайық» атты табиғатты қорғау акцияларына белсенділікпен қатысты. 

 Риддер қаласының әуесқой бағбандарына арнап аймақта өсіруге ұсынылған және сынақтан өткізілген жеміс-жидекті өсімдіктердің жаңа сұрыптарымен таныстыру,  ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін көтеру үшін замануи препараттарды пайдалану, Кенді Алтайдың таулы-орманды аумағында сарымсақ тұқымдас өсімдіктерді өсіру тақырыптарында  4 лекция оқылды.

Бақтың ғылыми  экспозициясы жанынан ғылыми қызметкерлердің жетекшілігімен «Орман шаруашылығы, бақша-саябақ құрылыс және ландшафтық құрылыс» мамандығы бойынша оқып жүрген студенттер өндірістік тәжірибеден өтті.  

Ғылыми қызметкерлер жүйелі түрде облыс және қала мектептерінің оқушыларына, жоғары оқу орындарының студенттеріне  арнап гүлді-сәндік өсімдіктер экспозицияларында, жергілікті флора мен ағаш-бұтақты өсімдіктер коллекцияларында тегін экскурсиялар өткізіп тұрады.   Қаланың мектептері мен бала бақшаларына отырғызатын материалдар беріп, демеушілік көмек жасайды, өсіру жөнінде ақыл-кеңестер береді.

Алтай ботаникалық бағы бойынша  2015 жылдағы қаржыландыру   бюджет бойынша – 57 043,0 мың теңгені, ғылыми жобалар – 31 000,0  мың теңгені, бағдарламалық-мақсаттық қаржыландыру – 20 000,0 мың теңгені, бюджеттен тыс қаржы  – 1 935,9,0 мың теңгені құрады.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 02.02.2012 / 06.06.2016