Орман және аңшылық шаруашылығы

Шығыс Қазақстан облысының ормандары Қазақстан Алтайы мен Сауырдың қоңыр қылқан жапырақты тайгасы мен жапырақты ормандары кіретін Шығыс аймағы мен Ертіс бойының қарағайлы орман жалдары және Қазақ шағын адырының далалық шоқ ормандары мен Тарбағатай кіретін Семей аймағына бөлінеді. Облыстың мемлекеттiк орман ќорыныњ ауданы 3,6 млн. га. Шығыс Қазақстанда бүкіл Қазақстан пайдаланатын ағаш қорының 75% - ы шоғырланған. Облыстың орманды жерлері 6,2 %- ды құрайды.

Орманды құрайтын негізгі ағаш тұқымдары- қарағай, майқарағай, шырша, самырсын және балқарағай. Орман шаруашылығын жүргізу үшін облыста 13 мемлекеттік мекеме жұмыс атқарады. Олардың негізгі міндеттері орманды өрттен және өз еркімен кесуден сақтау, орманды қайта қалпына келтіру, орманды қорғау іс- шаралары жүргізу болып табылады.

Орман шаруашылығын дамытудың болашағы орман шаруашылығын жүргізудің тиімділігін арттыруға және ормандарды қалпына келтіру жұмыстарының көлемін арттыруға бағытталған «2008-2010 жылдарға арналған Жасыл ел» республикалық және өңірлік бағдарламаларында жарық көрген.

Бағдарламаны іске асыру ормандарды қорғауды, күзетуді және молықтыруды ары қарай дамытуға, оларды ұтымды пайдалануға, ормандардың сақталуын қамтамасыз етуге және орман өрттерінен және заңсыз ағаш шабудан келетін залалды азайтуға, орман шаруашылығын бұдан әрі жүргізудің тиімділігін арттыруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Облыстағы бірегей тұқымдарды сақтау үшін жалпы көлемі 1,7 млн. гектар болатын 18 ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылды. Бұлар Марқакөл және Батыс - Алтай мемлекеттік табиғи қорықтары, Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты, 8 мемлекеттік табиғи қорықшалар, 1 республикалық табиғат ескерткіші және 5 облыстық табиғат ескерткіштері. Бұлардың негізгі қызметі биологиялық әралуандықты сақтау және қалпына келтіру, ғылыми - зерттеу, рекреациялық және экологиялық- ағартушылық қызметтерді жүргізу. Келешекте ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесін ары қарай дамыту, қазіргі барларын кеңейту және Сауыр, Тарбағатай, Зайсан қазан шұңқырында жаңадан ерекше қоорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Облыс аумағында құстардың 375 түрі. сүт қоректілердің 109 түрі мекендейді. Олардың ішінен құстардың 38 түрі және сүт қоректілердің 12 түрі Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген. Құдыр, бұғы, марал, қабан, елік, сібір тау ешкісі, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан елеулі түрлердің ішінен - барыс, сабаншы, қызыл қасқыр, арқар сияқты жануарлардың бағалы кәсіптік түрлерінің бізде мекендеуі облымызға тән сипат. Аң аулауға пайдалынылатын жерлердің көлемі 23,6 млн. гектарды құрайды, аның ішінде аң аулауды пайдаланушыларға бекітілгені - 19,8 млн. гектар, жалпы мақсатқа пайдаланылатын жерлер (резервтік қор) - 3,8 млн. гектар.

Облыста аңшылық шаруашылығын жүргізу үшін 24 аңшылық шаруашылығы жұмыс істейді. Негізгі аңшылықты пайдаланушыларға өзінің бөлімшелерінде Семей ауданаралық аңшылар мен балық аулаушылардың қоғамдық бірлестігі бар Аңшылар мен балық аулаушылардың Шығыс Қазақстан облыстық қоғамдық бірлестігі, сондай- ақ Көкпекті ауданындағы «Бритоусов» ЖШС-і, Зайсан ауданындағы «Востоктурсервис», ал Глубокий ауданындағы «Бауыржан» ш/қ және «Черемшанка құс фабрикасы плюс» ЖШС-і сияқты аңшылық шаруашылықтары жатады.

 

Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан Республикасының қиыр солтүстік шығысында орналасқан. Ол 28, 3 млн гектар жерді алып жатыр, оның 23,09 млн гектары аңшылық алқалаптар болып келеді.
Облыстың аңшылық алқаптары күрделі жер бедерімен және табиғи аймақтарының әртұрлілігімен ерекшеледі.

Облыс аумағында сүтқоректілердің 94 түрі, құстардың 335 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 12 түрі және қос мекенділердің 3 түрі мекендейді және қорғауға алынған. Осылардың ішінен 57 түр Қызыл кітапқа енгізілген. Балықтардан - таймен және сылан, қос мекенділер мен бауырымен жорғалаушылардан – даната құрбақасы, Зайсан батбат кесірткесі, үлкен көз кесіртке, шұбар кесіртке, жолақты әбжылан; сүтқоректілерден – 12 түр және құстардан – 38 түр: жұпар тышқан, қызыл қасқыр, қабылан, өзен кәмшаты, сілеусін, барыс, құлан, кермарал, қарақұйрық, тау арқарының 6 түрі, жалман, қосаяқтың 4 түрі; бірқазан, сарықұтан, ақ және қара дегелек, қоқиқаз, аққу, бүркіт, қыран, ителгі және т.б. Бұл Қызыл кітапқа енгізілгендердің біразы ғана.
Біз осылардың  біреуіне біраз тоқталайық. Жалманселевиния, бұл кішкентай аңның латынша селевиния деген аты Қазақстан табиғатын қажымай зерттеуші Виктор Алексеевич Селевиннің құрметіне берілген. Жалман денесі 97 мм-ден аспайтын кішкентай кеміргіш. Құйрығы денесінен қысқа, түп жағы жуан, бірақ қысқа жүндермен жабылған және сақина тәрізді майда қабыршақтармен қапталған. Артқы аяқтары алдыңғыларына қарағанда сәл ұзын. Жалманның өзіне тән ерекшелігі – үлкен әрі қозғалмалы құлақ қалқанын желпуіш тәрізді жинай алатыны. Соған байланысты оны кейде «Қалқанқұлақ» деп те атайды. Ересек аңдардың салмағы 20-22 г, ал буаздарының салмағы – 27 г-ға дейін жетеді. Таралу аймағына Бетпақдала, Сарысу өзенінің көптеген аудандары, солтүстік шығыс Балқаш өңірінің біраз аудандары, Алакөл және Зайсан ойпаттары кіреді. Жалмандардың мекендейтін ортасы - қалың ағаш пен бұталар өскен жерлер, жалманға әсіресе ұнайтын жерлер – бұталы өсімдік баялыш өсетін жерлер. Бірақ жалманның мекендеу ортасы әртүрлі болатыны анықталып отыр. Ол ешқандай өсімдік өспеген борпылдақ сортаңдарда да, Аягөз қаласы мен Тарбағатай тауының етегіндегі ашық учаскелерде кездеседі.

 

Шығыс Қазақстан облысы аумағында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесінің дамуына тарихи-географиялық шолу

Шығыс Қазақстанда қорықтық аумақтарды құру қажеттілігі туралы мәселе профессор Г.А. Кожевниктің, академик М.П. Бородиннің және Россияның басқа ғалымдарының ықпалымен өткен ғасырдың басында-ақ туындаған болатын. 1913 жылы Ақмола-Семей егін шаруашылығы және мемлекеттік мүлік басқармасының жанындағы Орман Кеңесінің бірінші сессиясында қорғауды қажет ететін табиғат учаскелері белгіленді.

Учаскелердің көбі орман шаруашылығы сипатындағы объектілер, сонымен бірге жабайы қабанның паналайтын жері, сібір елігінің қыстайтын орындарының бірі ретінде Зайсан ойпатында Қара Ертіс учаскесін, сондай-ақ киіктің облыс шегіндегі негізгі мекендеу орны ретінде Қара – Бөрік шоқысының маңын табиғат ескерткіштері  деп жариялау болжанды. Сауыр жоталарында тянь-шянь шыршасының табиғи екпелері сақталған жалғыз жер Теректі қонысы, ал оңтүстік Алтайда  –Темір-Қаба, Арасан-Қаба өзенінің аңғарлары, Бұғымүйіз шатқалы және Күршімнің бас жағы бағалы табиғат бұрышының қатарына жатқызылды.
Алайда бұл аймақтарды сақтау іс жүзінде дұрыс жолға қойылған жоқ. Өскемен уезінде 1923 жылы суда жүзетін құстарға арналған қаумал үш жыл мерзімге құрылды. Кейінірек Қара Ертістің сағасына жақын бөлік (Зайсан уезі) қорық болып жарияланды.

Шығыс Қазақстан үшін екі резерват жеткіліксіз еді. 30-жылдардың аяғында аумақтарға табиғи зерттеулер жүргізілді, 1940 жылдың тамызында екі қорық ұйымдастыру (Зырян және Катонқарағай аудандарында) туралы шешім қабылданды, 1941 жылдан бастап бұл қорықтардың шекарасында аң аулауға тыйым салынды. Соғыстан кейінгі жылдары, тіпті 60 жылдардың аяғына дейін қорық  ісі  мүлдем  дамыған  жоқ. Балық  қорын  қорғау  үшін  бір  резерват   қана
(1975 ж.).  құрылды. Зайсан өзенінің солтүстік-батыс бөлігін және өзен бастауынан 1 шақырым қашықтықта орналасқан Ертіс аңғарының учаскесін алып жатқан бұл резерваттың ауданы 25 мың гектарды құрады. Мұнда балық аулауға ғана емес, суда жүзетін құстарды аулауға да тыйым салынды. Резерват бар-жоғы үш жарым жыл жұмыс істеді. Біздің аймақта қазіргі заманғы қорықтық аумақтарды құру 60-жылдардан басталды, қыстап қалатын киіктерді қорғау үшін (1968 ж.) 10 жыл мерзімге  286 мың гектар алаңда Тарбағатай (Базар және Шорға өзендерінің аралығы) және Құлжа (Қызылқұм, Тілеуқабыл құмдары және Құлжа өзенінің жайылмасы) мемлекеттік зоологиялық қаумалдары құрылды. Осы жылы Қалба жотасының солтүстік макробелдеуіндегі оқшауланған самырсын учаскесі табиғат ескерткіші болып жарияланды (Көкшілтау самырсын тоғайы).

1976 жылы Қазақстан Алтайында бірінші рет екі шақырымдық қорғау аймағы (30,0 мың га) бар  Оңтүстік Алтай физико-географиялық шет аймақтарының табиғи кешендерін табиғи қалпында сақтауға арналған Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы  (71,4 мың га) ұйымдастырылды. Екі жылдан кейін шырғанақ, итмұрын, долана –дәрілік шөптері бойынша мамандандырылған «Қаратал құмдары». «Төменгі Тұрғысын» (1,3 және 2,2 мың гектар) табиғи ботаникалық қаумалдары жарияланды. Тарбағатай және Құлжа қаумалдарының әрекет ету мерзімдері тағы 10 жылға ұзартылды.

Бұдан  кейін (1979 ж.) «Рахман  бұлағы» профилакториясының  дамуын тездетумен байланысты осы аттас  ботаникалық- геологиялық қаумал (109,1 мың га) пайда болды, оның қызметіне ландшафтарды және емдеу-сауықтыру қызметтері үшін қолайлы табиғи жағдайларды қорғау жатады. Дәл осы кезде Тархан қимасы (2,0 га) және геологиялық-минералдық қаумал -  Асубұлақ өзені аңғарындағы пегматитті учаске алаңы облыстық маңызы бар геологиялық ескерткіш болып саналды. Алайда соңғысы аяғына дейін заңды ресімделмегендіктен қазіргі уақытта маңызын жоғалтқан.
1982  жылы  облыстық  маңызы  бар  әрқайсысысын алаңы 2 гектар болатын

4 геологиялық ескерткіш – «Ашутас», «Қиын Керіш», «Алаулы адырлар», «Көгілдір бұғаз» құрылды. Құрамына  Құлжа және Бөкен өзендерінің атырауларының учаскелері кіруі есебінен Құлжа қаумалының алаңы 3,4 мың гектарға артты. 1983 жылы Тарбағатай қаумалы  жаңа аумаққа – сирек кездесетін жануарлардың түрлері шоғырланған Маңырақ жотасы мен  Шілікті ойпатына көшірілді.
1986 жылы бес қаумалға және «Көкшілтау самырсын тоғайы» табиғат ескерткішіне мемлекеттік қаумал және республикалық маңызы бар табиғат ескерткіші мәртебесі берілді, Марқакөл мемлекеттік қаумалының ауданы 75 мың гектарға дейін ұлғайтылды, көл айдынының көптеген учаскелері және Тополевка өзенінің бөлігі қорықтандырылды.
1992 жылы Қазақстанның шығысында Қара және Ақ Үбінің жоғарғы бөлігінде 56078 гектар ауданда екінші қорық Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы құрылды.
2001 жылдың маусымында  бірегей, Оңтүстік Алтайдың эталондық табиғи кешендерін сақтау, табиғи және мәдени мұра учаскелері мен объектілерін сақтау; ғылыми зерттеулер жүргізу және табиғат ортасының жай-күйін бақылап отыруды ұйымдастыру; туризмді ұйымдастыру мақсатында облыстағы бірінші жалпы алаңы 647477 гектар Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ұйымдастырылды.
Осы жылы Үкіметтің 2001 жылғы 21 маусымдағы  № 877 қаулысымен мемлекеттік маңызы бар мемлекеттік қаумалдар мен табиғат ескерткіштерінің тізбесі бекітілді.
2006 жылғы қаңтарда Ертіс жағалауының реликті қарағайлы ормандарын сақтау және қалпына келтіру мақсатында 665502 гектар алаңда «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты құрылды. Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстандағы қорғалатын аумақтар жүйесін мыналар құрайды:
- 2 мемлекеттік табиғи қорық: Марқакөл (102979 га) және Батыс Алтай
(86122 га);

  1. Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі (643477 га);
  2. «Семей орманы» мемлекетік орман табиғи резерваты  (665502 га);
  3. 4 мемлекеттік табиғи қаумал – Құлжа (46000 га) және Тарбағатай зоологиялық қаумалы (240000 га), ботаникалық қаумалдар – «Қаратал құмы» (1300 га), «Төменгі Тұрғысын» (2200 га);
  4. 1 табиғат ескерткіші -  Көкшілтау самырсын тоғайы» (137 га).

Алматы (17710 га) және Шығыс Қазақстан (2290 га) облыстарының аумағында Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы (20000 га) орналасқан.    

 

Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы
«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» мемлекеттік мекемесі
Батыс- Алтай мемлекеттік табиғи қорығы
Алтай ботаникалық бағы
Қатонқарағаймемлекеттік ұлттық табиғи паркi

Құлжа мемлекеттік зоологиялық қаумалы
Тарбагатай мемлекеттікзоологиялық қаумалы
"Қаратал Құмы" мемлекеттікботаникалық қаумалы
Төменгі тұрғысын мемлекеттікботаникалық қаумалы
"Әлет" мемлекеттікботаникалық қаумалы

 

Орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің басшылық құрамдағы қызметкерлерінің тізімі
Аңшы иттерді тіркеу
Аң аулайтын құстарды тіркеу
Аңшы куәлігін беру
Шығыс Қазақстан облысының республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының тізбесі
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ҚОРҒАЛАТЫН АУМАҚТАР ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫНА ТАРИХИ- ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ШОЛУ
Қызыл кiтап
Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік орман қорының учаскелерінде сағыз және сүрек сөлін дайындауға арналған төлемақы ставкалары
   

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 02.02.2012 / 16.08.2018