Жер қойнауы

01.04.2018 жылға жер қойнауын пайдаланудан бос Шығыс Қазақстан облысы бойынша  кең таралған пайдалы қазбалардың кен орындары Тізімі

2018 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайы бойынша Шығыс Қазақстан облысының аумағында жерқойнауын пайдалану 283 объектісі орналасқан, соның ішінде 101 объект қатты пайдалы қазбалары бойынша, 4 көмірсутекті шикізат бойынша (мұнай - , көмір – 3), 22 жерасты сулары бойынша, 148 келісім-шарт кең таралған пайдалы қазбалары бойынша және 8 – барлау мен өңдіруге жатпайтын объект (қалдық қоймалары, күл үйінділері).

Инвестициялар

Жерқойнауын пайдаланушылардың жерқойнауын пайдалануға жасаған инвестициялары Шығыс-Қазақстан облысы бойынша 2017 жылға жылғы жоспар 258,4 млрд. тенге бола тұра 325,6 млрд. тенгені құрады (орындау 126% болды).

Геологиялық барлау жұмыстарына инвестициялар 8,7 млрд. тенге құрады.

Аймақтың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымының дамуына 2017 жылы облыс бюджетіне 831,3 млн. тенге аударылды, ол 2016 жылмен салыстырғанда 2 есе жоғары.

Өңдеу

Полиметаллдар

Шығыс-Қазақстан облысының жерқойнауынан өңделетін полиметаллдардың негізгі көлемі «Казцинк» ЖШС және «Шығыстүстімет» ЖШС кәсіпорындарымен жүргізіледі.

«Казцинк» ЖШС Лениногорск және Зыряновск тау-кен аудандарының белгілі полиметаллды кен орындарын өңдеуде.

«Шығыстүстімет» ЖШС Ертіс маңы тау-кен ауданының полиметаллды кен орындарын өңдеуде.

2017 жылға полиметаллды кендердің жалпы өңделген көлемі 8148,2 мың тоннаны құрады.

Мыс

2015 жылдан «KAZ Minerals Aktogay» ЖШС Актогай ірі мыс кен орнында өңдеу жүргізіп жатыр.

2017 жылдың қорытындылары бойынша 26247,536 мың тонна мыс кендері, оның ішінде – 129818,16 тонна мыс өңделді.

Алтын

Құрамында алтын бар кендерден алтын өңдеу көлемі 2017 жылға 5,33 тонн құрады.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 02.02.2012 / 25.07.2018