Орман шаруашылығы

Облыстың мемлекеттік орман қорының жалпы ауданы 3,6 миллион гектарды құрайды. Шығыс Қазақстанда Қазақстанның барлық ағаштардың эксплуатациялық қорының 44 % шоғырланған. Облыстың ормандылығы 6,96 % құрайды. Негізгі ормантүзуші тұқымдар – қарағай, самырсын, шырша, балқарағай, көктерек, қайын, терек болып табылады.

Облыста орман шаруашылығын жүргізу үшін ҚР АШМ-нің орман және жануарлар дүниесі шаруашылығы Комитетіне бағынышты, 5 ерекше қорғалатын табиғи аумақ және Шығыс-Қазақстан облысының әкімдігіне бағынышты, орман шаруашылығының 13 коммуналды мемлекеттік мекемесі қызмет етеді, Олардың негізгі міндеттері орманды өрттен және өз бетінен кесуден қорғау, орманды қалпына келтіру, орманды қорғау іс-шаралары болып табылады.

Ерекше қорғалатын табиғат терииторияларының ауданы 1544.76 мың га. құрайды. Оның 41,8 % орманмен көмкерілгені 722,3 мың га.

Орман шаруашлығы коммуналды мемлекеттік мекемелерінің ауданы 2146,9 мың га. құрайды. Оның 58 % орманмен көмкерілгені 1272,3 мың га.

Орман шаруашылығы мекемелерінің негізгі міндеттерінің бірі орман ресурстарын үнемді пайдалану, ұйымдастыру болып табылады.

«Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру жөнінде тендерлер өткізу Ережелеріне» сәйкес Шығыс-Қазақстан облысы бойынша табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен 2005 жылдан бастап 13 тендер өткізілді. Соның нәтежиесінде 198 келісім шарт жасалды, 2016 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметтер бойынша орман ресурстарын ұзақ пайдаланудың 150 шарты қолданыста, соының ішінде: ағшаты дайындау үшін – 16, сауықтыру және рекреациялық мақсаттар үшін – 77, омарта орнату үшін – 50, шөп шабу үшін – 2 және марал өсіру үшін – 2, мал бағу үшін – 8.

Облыс қалаларының және елді мекендерінің әкімшілігімен көгалдандыру іс-шараларын өткізу мақсатында 2016 жылы 120 мың тал ағашты-бұталы тұқымдар жіберіліі және отырғызылды.

Облыстың орман шаруашылығының ресурстық әлеуетін қолданумен кіші және орта бизнесті дамыту мақсатында ҮИИДБ (Үдемелі инновациялық-индустриялық даму бағдарламасы) төңірегінде кішісұрыпты, ұсақтауарлы ағаштарды қайта өңдеу бойынша инвестицииялық жобаларды жүзеге асыру қарастырылған. «Фаворит» ЖШС ағаш өңдеуші және фанера шығарушы кәсіпорынды қайта құру және дамыту, оларды жүзеге асыру 2017 жылға дейін созылады. «Қазақстан» ӨК ағаш түйіршіктерді және ағаш брикеттерді дайындау бойынша цехті құру, жүзеге асыру кезеңі 2017 жыл. «Алтай РИВ» ЖШС жоңқалайтын-цементті плитаны өндіру, үй салу үшін ағаш құрылыс құрылымдарын дайындау бойынша зауытты құру, жүзеге асыру кезеңі 2017 жыл. «Цыкунов А. А.» ЖК ағаш өңдеу өндірісі үшін шикізатты дайындауды ұйымдастыру, жүзеге асыру кезеңі 2017 жыл.

Қазіргі кезде шикізаттық әлеуетінде ағашты қайта өңдеуші өндірісті дамыту бойынша жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігі бар 25 перспективалық орманшылыққа, 16 басты қолданыстағы кесу бойынша дайындаманың мүмкін болатын жыл сайынғы көлемі 470 мың текше.м. болатын  ағашты дайындау бойынша ұзақ мерзімді орман пайдалануға бекітілген.

9 орманшылық басты қолданыс кесуі бойынша ағашты дайындаудың жыл сайынғы көлемі 305 мың текше.м. тендерге шығарылуы мүмкін.

Жыл сайынғы өсім – жылына 1,9 млн текше.м.

Кесудің барлық түрі бойынша ағашты дайындаудың ұсынылатын жыл сайынғы көлемі шамамен 1,4 млн текше.м. құрайды.

Осылайша, ШҚО ағашты қайта өңдеу бойынша өндірісті дамыту үшін жақсы ресурстық әлеуетке ие және шет елдік инвесторларды тартуға мүмкіншілік бар.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 26.04.2017 / 26.07.2018