Экология

Мемлекеттік экологиялық сараптама

2018 жылдың 9 айында мемлекеттік экологиялық сараптама бөлімімен 393 құжат қаралып және сәйкесінше қорытындылар берілді.

Аталған мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызмет көрсету регламенті мен стандартына сәйкес «Е-Лицензиялау» АЖ-да көрсетіледі.

Құрылыс жобалары (техникалық-экономикалық негіздемелер және сметалық-жобалау құжаттамасы), сондай-ақ қала құрылысы аумақтарды жоспарлау жобалары бойынша экологиялық сараптама ведомстводан тыс кешенді сараптамада құрылыс жобаларының немесе кешенді қала құрылысы сараптамасын қала құрылысы жобаларын Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметтері тәртібі заңнамасымен айқындалатын сарапшылар жүзеге асырады. Барлық құжаттама бизнес-процестерді оңайлату, яғни "бір терезе" қағидатын енгізу және әкімшілік кедергілерді жою шеңберінде енгізілген ҚР заңнамасындағы өзгерістерге сәйкес ведомстводан тыс кешенді ақпараттық жүйе арқылы беріледі.

Басқарма мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу кезінде қоғамдық тыңдауларды ұйымдастырады және өткізеді. 2018 жылдың 9 айында Шығыс Қазақстан облысының әртүрлі аудандары мен қалаларында 37 тыңдаулар өткізілді.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 02.02.2012 / 26.10.2018