Табиғат ресурстары

Жер ресурстары
Жер қойнауы
Жануарлар дүниесі
Орман және аңшылық шаруашылығы
Су ресурстары
Экология
Табиғатты қорғау іс-шаралары
 Орман шаруашылығы
Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуi жөнiндегi тұжырымдама
Қазғыш соналарды сақтайық!
  2016 жылға арналған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларға бюджет  шығыстары туралы ақпарат 

Шығыс Қазақстан облысы салаларының жағдайы

Шығыс Қазақстан облысының экологиялық жағдайын тұрақтандыру мақсатында стратегиялық бағдарламалық құжат әрекет етеді – 2016-2020 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысының аумағын дамыту бағдарламасы («Экология мен жер ресурстары» бөлімі).
Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде бірнеше бағыт бойынша күтілетін нәтижелерге қол жеткізілді, ал дәлірек:
- статистика органдарының деректеріне сәйкес атмосфералық ауаны қорғау бойынша жүргізілген іс-шаралар стационарлық көздерден шығарындыларды ұстау мен зиянсыз ету 92,5% деңгейге қол жеткізуге әсер етті. 2016 жылы атмосфералық ауаның ластаушы индексі 5,6 құрады.
Ластаушы заттар шығарындыларының жалпы көлемі үрдісінің төмендеуі байқалады.
2010 жылдан 2015 жыл аралығында стационарлық көздерден атмосфераға ластаушы заттардың жалпы шығарындылары 147,0 мың тоннадан 127,2 мың тоннаға дейін төмендеген, Өскемен қаласы бойынша 62,1 мың тоннадан 51,1 мың тоннаға төмендеген.
- облыстық су объектілерінің су шаруашылық жағдайының талдауы ластану индексі мен сапалық класының көрсеткіштері бойынша жерүсті сулары сапасының тұрақтандыру үрдісін жалғастыруын көрсетеді, бұл облыстағы ең үлкен су арнасы - Ертіс өзенінің жағдайында байқалады.
Барлық деңгейдегі бюджеттен табиғатты қорғау іс-шараларын қаржыландыруға 2016 жылы 3,7 млрд. теңгеден аса қаражат бөлінді, игерілгені  3,2 млрд. теңге, оның ішінде: республикалық бюджет – 1,2 млрд. теңге, облыстық бюджет – 1,4 млрд. теңге, қалалық және аудандық бюджеттер – 0,6 млрд. теңге.
Есептік кезеңде қоршаған ортаға эмиссияға төлемдер 5,879 млрд. теңгені құрады, бұл болжамды кезеңнен 26,9% жоғары.
Жоғарыда аталған бағдарламалық құжаттар аясында 2016 жылы табиғатты қорғаудың кешенді іс-шаралары іске асырылды, бағыттары:

1) атмосфералық ауаны қорғау

- Өндірістік экологиялық мониторингтің Аумақтық автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің (ӨЭМАААЖ) және облыс орталығындағы Экологиялық қауіпсіздік орталығының (ЭҚО) жұмыс істеуі қамтамасыз етілді;
- табиғи ортаның қорғасынмен ластану деңгейіне тексеру жүргізілді және Өскемен қаласының Солтүстік промузелі санитарлық-сақтану шекарасы селитебті аумағының жер қыртысы жамылғысын кезең-кезеңмен қалпына келтіру жоспары әзірленді;
- Өскемен қаласының атмосфералық ауасының ластану жағдайын бақылау мақсатында сынамалардың қосымша іріктелуі жүргізілді.
2)  жер ресурстарын және радиациялық қауіпсіздікті қорғау
- облыстық бюджеттік ұйымдардан сынаптан тұратын қалдықтардың жиналуы және сақталуы іске асырылды (143 мың данадан аса);
- сынаптан тұратын қалдықтардың демеркуризациялау учаскесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету (өңделген сынаптан тұратын аспаптар мен бұйымдардың 276 мыңнан көп данасы қайта өңделді);
- облыс орталығының тұрғылықты жерінің аумағында радиобелсенді ластанудың бір анықталған ошағын жою бойынша жұмыстар жүргізілді.
3) биоресурстарды қорғау және молайту
- Ұлан, Көкпекті және Үржар аудандарының алқаптарында жабайы аңдар мен құстар үшін табиғи қоректену базасын қалпына келтіру мақсатында биотехникалық іс-шаралар орындалды;
- жыртқыш аңдардың санын реттеу мақсатында 388 бас қасқыр мен бөлтіріктер атылды.
4) облыс тұрғындары арасында ағартушылық жұмыстардың кешенді іс-шаралары орындалды.
Сонымен қатар, 2016 жылы аймақта «ШҚО Өскемен қаласы канализациясының тазалау құрылғыларын дамыту» бірінші кезектегі жобаны жүзеге асыру аяқталды және екінші кезектегі жобалық-сметалық құжаттаманы дайындау басталды. Үржар ауылының тазалау құрылғылары мен канализацияларының құрылысына жобалы-сметалық құжаттаманы дайындау басталды.
Облыстық қала және аудандық әкімдіктер өз қаражаттары есебінен 0,6 млрд. теңге сомасында санкцияланбаған қоқысты жерлерді жою, тұрғылықты жерлерді санитарлық тазалау және көгалдандыру жөніндегі жұмыстарды жүргізді.  

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 15.12.2011 / 30.06.2017