Тұрғын үй жинақ банкі Семей

Сабитов Равиль Кенжебекович

Сабитов Равиль Кенжебекович, 1984 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған.

2001 жылдан 2005 жылға дейін Өскемен қ. Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Техникалық университетінде, «Ұйым менеджменті»  мамандығы бойынша «Экономика және менджмент» факультетінде білім алды.

2001 жылдан 2005 жылға дейін Алматы қ. Т. Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық университетінің  Халықаралық Бизнес Мектебінде(IBS) оқыды, мамандығы –«МВА Жалпы менеджмент», академиялық дәрежесі – Іскерлік басқару магистрі (МВА)/.

2005 жылдан 2008 жылға дейін «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалында менеджер ассистенті, сосын Персональды сервис орталығында менеджер болып еңбек етті.

2008 жылдың қыркүйегінен қазіргі кезге дейін Р.К. Сабитов «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-да жұмыс істейді. Банктегі еңбек жолын тәуекел-менеджер қызметінен бастады. Осы 8 жыл ішінде қарапайым клиенттермен жұмыс жүргізу менеджерінен филиал директорына дейін көтерілді. 2013-2014 жылдары Өскемен қ. Банк филиалының қызмет көрсету орталығының бастығы болып қызмет етті. Сосын 2014 жылдың наурыз айында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның Алматы қ. Орталық аппаратына Өңірлік менеджер қызметіне ауысты. Аталған жылдың қыркүйек айында Алматы облыстық филиалына филиал директорының орынбасары болып жіберілді. 2016 жылғы маусым айында Равиль Кенжебекович  «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқармасының шешімімен Семей қ. филиалдың директоры қызметіне тағайындалды.

2014 жылы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқармасы Төрағасының Құрмет грамотасымен марапатталды. 2013 ж. Өскемен қ. Әкімінен қаланың қоғамдық-саяси өміріне қосқан үлесі үшін Алғыс хат алды. 

ФИЛИАЛ туралы:

Тұрғын үй жинақ банкі Семей

Байланыс нөмірлері:

8 (7222) 56 66 35,     8 (7222) 52 69 62,     8 (7222) 60 47 03

Мекен- жайы:

ШҚО Семей қ., Шайжүнісов көш.,152 «а»

 Қазақстан үшін әлеуметтік саясаттың ең маңызды бағыттарының бірі – азаматтарды қолжетімді әрі сапалы тұрғын үймен қамтамасыз ету. Бұл міндетті шешу үшін 2000 ж. 7 желтоқсандағы «ҚР тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы»  Заңмен реттелетін тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі қабылданды.

2003 жылы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ акционерлік қоғамы құрылды. Ол тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша жұмыс істейтін еліміздегі жалғыз банк болып табылады. Бағыты – салымшылардың ақшасын тұрғын үй құрылыс депозиттеріне тарту және оларға тұрғын үй заемын беру арқылы халықтың тұрғын үй жағдайын жақсарту. Сол жылы Банктің филиал желісін дамыту және тұрғын үй құрылыс депозиттеріне салымшылар тарту бойынша кең көлемде жұмыс жасалды.

2006 жылғы маусым айынан бастап Семей қаласында Банктің өкілдігі ашылды. Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне деген қала тұрғындарының қызығушылығының артуын ескере отырып, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Орталық аппараты тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін азаматтарға толыққанды қызмет көрсете алатын  филиал ашу туралы шешім қабылдады.

2008 жылы маусым айында Семей қаласында Банк филиалының ашылу салтанаты өтті.

Филиал ұжымы білімді әрі білікті мамандардан тұрады. Олар тату әрі жинақы жұмысының арқасында көптеген мемлекеттік жобаларды жүзеге асырды. Атап айтқанда:  2005-2007 ж. 2008-2010 ж. арналған ҚР-дағы мемлекеттік тұрғын үй құрылыс бағдарламасы,  2011-2014 ж. арналғанҚР-дағы тұрғын үй құрылыс бағдарламасы, «Қолжетімді тұрғын үй – 2020», «Өңірлерді дамыту – 2020». Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің Семей қ. филиалында бүгінгі күні 7,7 млрд. теңгеден асатын 19 мың салым ашылып, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға 7 млрд. теңгеден асатын 2 мың заем берілді.

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Семей қ. филиалы бүгінгі күні өңірімізде тұрғын үй құрылысы саласында белсенді жұмыс жасап келеді. Мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үйді өткізумен қатар, Банк ШҚО Өңірлік тұрғын үй құрылысы бағдарламасына және «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасына қатысады. Азаматтарға екінші нарықтан үй алуға көмектеседі, бірлескен жобалар жайлы жекеменшік құрылыс салушылармен келіссөз жүргізеді, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «Өз үйім» атты бағдарламасын енгізеді, сондай-ақ мақсаты ҚР әрбір азаматының тұрғын үй жағдайын жақсарту болып табылатын басқа да бағыттарда жұмыс істейді.

 «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»  АҚ жобаларына  қатысуға өтініш қабылдайтынын хабарлайды. 

Дата создания / изменения страницы: 07.12.2016 / 20.02.2017