Өскемен қаласы әкімдігінің "Новая Согра"

Зеленюк Владимир Романович

Директор - Зеленюк Владимир Романович,

Зеленюк Владимир Романович 1948 жылы 18 қазанда Глубокий ауданының Предгорный ауылында жұмысшы отбасында дүниеге келді. 1956 жылы Веселовка аулында мектепке барып 1966 жылы мектепті бітірді. 1966 жылдан 1967 жылға дейін Өскемен қаласының полуфабрикаттар комбинатында слесарь болып жұмыс істеді. 1967 жылдан 1696 жылдың желтоқсан айына дейін Совет Армиясы қатарында қызмет атқарды. 1970 жылдан 1975 жылға дейін Өскемен қаласының жол-құрылыс институтында оқыды. Институт бітіргеннен кейін «Водоканал» басқармасына жұмысқа жіберілді. 1976 жылдың қараша айынан 1977 жылдың қазанына дейін Үлбі ауданының су құбыры мен канализация цехының бастығы. 1977 жылдан бастап «Водоканал» басқармасының бас инженері. 1988 жылдың 25.07 «Водоканал» басқармасы бастығының орынбасары. 1977 жылдың желтоқсанынан «Новая Согра» мемлекеттік кәсіпорынның директоры. Үйленген, екі баласы- ұлы, қызы бар.

Өскемен қаласы әкімдігінің "Новая Согра" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны 1996 жылы 5 маусымда ШҚ облыстық әділет басқармасымен заңды тұлға ретінде тіркелді (тіркеу нөмірі 1116-1917-ГП) Кәсіпорынның уәкілетті басқару органы "Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жол-дары бөлімі» ММ болып табылады, мүлік иесі – Шығыс Қазақстан облысы-ның коммуналдық меншік басқармасы. Кәсіпорын Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық жүйесін реформалау кезеңінде "Өскемен ТМК" АҚ тұрғын үй-коммуналдық бөлімінің негізінде құрылған. 1996 жылы қыркүйек айында кәсіпорынның балансына 140 мың шаршы метрден астам тұрғын үй қоры, әлеуметтік саласының бірнеше қатар нысандары, инженерлік желілер мен жылу-сумен қамту коммуникациялары берілген болатын.

Кейін тұрғын үй қорының негізінде пәтерлердің меншік иелері кооперативі құрылды. 1998 жылы маусым айында кәсіпорынға шаруашылық ауыз су бас тоғаны мен "Өскемен ТМК" АҚ шаруашылық тұрмыстық ағындыларын тазарту имарат-тары берілді. Кәсіпорынның жарғылық капиталы қазіргі уақытта 180.053.571 теңгені құрайды. Мүлік шаруашылықты жүргізу құқығында кәсіпорын иесіне берілді. Жарғы, ҚР қолданыстағы заңнама және Қазақстан Республикасындағы арнайы суды пайдалануға рұқсаты негізінде қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыра отырып, кәсіпорын тұтынушыларға жер астындағы суды алуды, сатуды жүргізеді.

Инженерлік желілер мен коммуникациялар бойынша ша-руашылық тұрмыстық ағындыларды қабылдайды және тазартады. 1996 жылдан бастап 2005 жылдың 15.08. дейін Өскемен қаласының әкімі шешімдерімен және ШҚ облыстық мемлекеттік мүлік пен жекеше-лендіру жөніндегі комитетінің қаулысымен кәсіпорын балансына сонымен бірге "Өскемен ТМК" ААҚ, "Өскемен жылу комбинаты" АТАҚ "Согра көлік құрылыс зауыты" АҚ, Өскемен қаласының қарттар мен мүгедектердің интернат үйі, Новая Согра ауданының және Радужный мен Солнечный кентінің тұрғын үй массивтерінің квартал ішіндегі жылумен қамту желілері берілді. Кәсіпорынның балансында барлығы 37989 п.м. су құбыры, 27952 – канализация желілері, «науада» 22333 п.м. жылу жүйелері бар. "Новая Согра" МКК Солнечный, 45 кентінің өндірістік, құрылыс, ауыл шаруашылық көлігінің 24 кәсіпорынын, жеке кәсіпкерліктің 45 нысандарын, Глубокий ау-данының Новая Согра, Радужный, Солнечный кенттеріндегі халықтың 8400 адамын су тұтыну мен суды бұру қызметтерімен қамтамасыз етеді. Ірі кәсіпорындар мен мекемелер: "Өскемен ТМК" АҚ, Согра ЖЭО, "Титан" ЖШС, қарттар мен мүгедектер интернаты, "Алтын-Аймақ" ЖШС, Глубокий ауданының Солнечный кентіндегі май дақылдарының тәжірибе шаруашы-лығы, 156/20 ОВ мекемесі, ҚР ІІМ кәсіби дайындау училищесі. ШҚО бойынша табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі Қазақстан Республикасы агенттігі Департаментінің 2002 жылғы 19 сәуірдегі № 37 бұйрығымен "Новая Согра" мемлекеттік кәсіпорыны жылу энергиясын беру, су шаруашылығы мен канализациялық жүйе қызметі бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілді. Кәсіпорынның әкімшілік-шаруашылық корпустан, механикалық ше-берхандан, қойма үй-жайларынан, гараж және жөндеу бокстарынан тұратын дамыған өндірістік базасы бар. 2004 жылдың 01.11 жағдайы бойынша кәсіпорында 110 жұмысшы және ИТЖ мен қызметкердің 30 адамы жұмыс істейді. Бухгалтерия мен абоненттік қызметпен бірге кәсіпорында 10 адамнан тұратын бас энергетика, 13 адамнан тұратын механика, 12 адамнан тұратын диспетчерлік қызметтері, 19 адамнан тұратын автокөліктік цехы, 7 адамнан тұратын жөндеу-құрылыс звеносы бар.

Штаттық кестеге сәйкес кәсіпорында техника қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі инженер, заңгер кеңесші жұмыс істейді. Мемлекеттік кәсіпорын инженерлік желілер мен жылу-сумен қамту және канализация имараттарында құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу үшін қажетті автокөлік құралдарының жиытығымен, жабдықтармен және ме-ханизмдермен жабдықталған. Кәсіпорынмен көрсетілетін қызметтердің тарифі ШҚО бойынша табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі ҚР агенттігі Департаментімен бекітіледі. Кәсіпорын бойынша жұмыстар мен қызметтер көлемі тұрақты болып табылады және жылына орта есеппен сумен қамту бойынша 3560 мың текше метрді, канализация бойынша 4050 мың текше метрді құрайды. Кәсіпорын қызметтерінің тарифтері 2005 жылдың 01.04 белгіленген: сумен қамту бойынша 12,5 теңге/м3, канализация бойынша 9,38 теңге/м3. Кәсіпорын бойынша өткен 2 жылдағы жалпы - 2003 жылы кіріс 80902,2 мың теңгені, көрсетілген қызметтердің шығыны 79950 мың теңгені, 2004 жылы – пайда 0951,8 мың теңгені, сатудан кіріс 80145 мың теңгені, сату бойынша шығын-дар 64504 мың теңгені құрайды, пайдасы 2432,0 мың теңге. Жыл сайын бюджетке салық төленеді.

Жоспарланатын жылға алдын-ала есептеу бойынша: жер салығы 742 мың теңгені, мүліктік салық 1523,0 мың теңгені, роялти 2704 мың теңгені, қорғау қоры 1523,0 мың теңгені құрайды. Кәсіпорынның бюджетке төлемдер бойынша және еңбек ақы бойынша берешегі жоқ. 2000 жылдың сәуір, мамыр айларында кәсіпорында «Алтайтехэнерго» ЖШС мамандарымен еңбек шарты бойынша жұмыс орындарын аттестаттау жүргізілді, осының нәтижесі бойынша ШҚО бойынша мемлекеттік еңбек ин-спекциясымен оңды қорытынды берілді. Жыл сайын кәсіпорын еңбектің қауіпсіз жағдайын қамтамасыз етуге бірталай қаражатты жоспарлап және жұмсап отыр. Осылай 2004 жылы бұл мақсаттарға 900 мың теңгеден артық қаражат жұмсалды. Кәсіпорынның бас мамандары білімді тексеру, еңбекті қорғау жөніндегі емтихандық комиссиямен аттестатталған. Кәсіпорын үшін еңбекті қорғау және ТҚ мәселесі жөніндегі бақылаушы орган ШҚО бойынша еңбекті қорғау Департаменті болып табылады.

Кәсіпорынның сумен қамту және канализация нсыандарында құрылыс-монтаж жұмыстарын орындауға, сонымен бірге жылу энергиясын беруге және үлестіруге мемлекеттік лицензиясы бар. 1996 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі кезеңінде "Новая Согра" ММ қызмет көрсетілетін жылу жүйелерінде, су құбыры мен канализациялар-да авариялық жағдайлар болған жоқ. Кәсіпорынмен 2006 жылы іске қосылуы жоспарланып отырған "Береговой" ауыз су бас тоғанын кеңіту бойынша инвестициялық жоба жүзеге асырылады, жұмыс құны 24,4 млн.теңгені құрайды. Жобаның мақсаты жоға-ры сапалы ауыз суды алу және ұңғымалардағы жабдықтарды жетілдіру болып табылады.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 01.02.2012 / 20.02.2017