Сумен жабдықтау
"Курчатов қалалық көп салалы пайдалану кәсіпорны"
"Өскемен Водоканал" МКК
Өскемен қаласы әкімдігінің "Новая Согра"
"Сигма фирмасы" ЖШС
"Семкомстрой" ЖШС
"Лаборатория – Атмосфера" ЖШС
"Водоканалстрой" ЖШС
Акватехника ДК Васильев С.А.

"Нұрлы Жол", Өнірлерді дамыту ("Ақ бұлақ") бағдарламасы шеңберінде сумен жабдықтау және су бұру саласы бойынша мемлекеттік саясатты іске асырыуда бақылауды жүзеге асыру:

2018 жылы жалпы сомасы 16,722 млрд. теңгеге 49 жоба каржыландыруға қолдау тапты, соның ішінде Өңірлерді дамыту («Ақ бұлақ») бағдарламасы шеңберінде 47 жоба 14,93 млрд. теңгеге, «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша несиелендіру аясында 2 жоба 1,79 млрд. теңгеге. 25 жоба аяқталуға жоспарланған, оның 22-сі 2019 жылы жұмысын аяқтайды. 12 аулдан 11,1 мыңнан астам адам сумен жабдықтаумен қосымша қамтамасыз етілетін болады, АЕМ-гі өсім 51,1%-ды құрайды.

Қосымша әзірленген 29 жобалық-сметалық құжаттамалардың жалпы сметалық құны 14,57 млрд. теңге, оның ішінде 12-жобаларды қаржыландыру үшін республикалық бюджеттен 12,7 млрд. теңге, 17 жобаны қаржыландыру үшін облыстық бюджеттен 1,87 млрд. теңге бөлінді.

2018 жылғы 10 сәуірдегі жағдай бойынша орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізу құрады:

- қалалық халықтары - 97,4%;

- ауылдық халқы   - 72,0%;

- ауылдарды сумен қамту – 49,4%.

Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу

2018 жылғы 10 сәуірдегі жағдай бойынша 77 ЖСҚ әзірленуде, бұдан басқа, жалпы құны 14,56 млрд. теңге болатын 29 жаңа жоба жасалуда. Оның ішінде республикалық бюджеттен қаржыландырылатын жобалардың құны - 200,0 млн. теңге, 12,7 млрд. теңгеге 12 жоба, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын 17 жоба 1,87 млрд. теңгеге.

Субсидиялау

18 ауыл тұтынушыларын сумен жабдықтау үшін, коммуналдық қызметтерге шығынның ішінара өтелуі үшін қолдау көрсету үшін субсидиялау механизмі бойынша субсидия бөлінеді. 2018 жылы 105 ауылдық елді мекенде тұратын 80221 адамға 414,03 млн. теңге сомасында субсидия берілді.

Ауыз судың құнын субсидиялауға арналған тізімді қосу үшін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі 2018 жылға жалпы құны 16,59 млн. теңге болатын 2 жаңа операциялық компанияға қызмет көрсететін 4 жаңа жергілікті су құбырына бюджеттік өтінім жіберді, бұл қосымша 7352 адамды субсидиялау.

Геологиялық-барлау жұмыстарын жүргізу

379 ауылдық елді мекеннің 726 АЕМ-де жер асты суларының қоры бекітілген. Қазіргі уақытта облыстың барлық өңірлерінде барлау-іздестіру  жұмыстары жүргізілуде:

- 2018 жылдың соңына қарай 42 ауылда жер асты су қоры нәтиже шығарады.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 01.02.2012 / 20.04.2018