Көгалдандыру

"Озеленитель" ЖШС

Облыстың елді мекендерін санитарлық тазарту және көріктендіру туралы

Облыс әкімі Б.М. Сапарбаевтың өкіміне сәйкес 2009 жылғы 1 қазаннан  1 қараша аралығында облыстың елді мекендерін санитарлық тазарту мен көріктендіру бойынша айлық өткізу жарияланды.
Осыған байланысты қалалар мен аудандардың әкімдерімен ведомствоға қарасты аумақтарда тиісті өтінімдер қабылданып, мекемелер мен ұйымдарға «иесіз» аумақтар бекітілді.

Ағымдағы мезетке облыстың барлық елді мекендерінде аумақтарды қыс алдындағы тазарту бойынша жұмыстар жүргізілуде, апта сайын таза бейсенбілер, жұмалар мен сенбіліктер жүргізілуде.
Халықпен ПИК-тің көп пәтерлі үйлері мен жеке секторға жатқызылатын аумақтарды санитарлық тазарту туралы түсіндіру жұмыстар жүргізілуде.

Облыста өткізілген іс-шаралардың қорытындылары бойынша: 3715 (75 %) шақырым көше мен жол; 700 (88 %) га бақ пен алаңның аумағы;1970 (90,4 %) көп пәтерлі тұрғын үйдің аулалық аумағы; 1267 (96 %)  мектеп пен мәдениет мекемесінің аумағы тазаланды. 53 мың текше метр қоқыс шығарылды. 15118 ағаш көшеті мен 34698 мың құма метр бұта отырғызылды.
Іс-шараларға 169 мыңға жуық адам қатысты, ақылы қоғамдық жұмыстарға 1323 адам тартылды.
Қалалар мен аудандарда іс-шараларды жүргізу барысы бұқаралық ақпарат құралдары мен теледидарларда жарияланды.

Көгалдандыру
Көгалдандыру

Елді мекендердің аумақтарын тиісті жағдайға келтіру және көріктендіру бойынша жұмыстардың улкен көлеміне қарамастан, бүгінді таңда қалалар мен аудандарда «иесіз» аумақтарды, бағбандық серіктестік, гараж кооперативтерінің, қараусыз қалған ғимараттар мен имараттардың, қорғалатын су аймақтарының, өзең жағалауының аумақтарын жинау және қоқысты шығару мәселесі  проблемалық болып қалуда.

Сондай-ақ ағымдағы жылы мемлекет Басшысының Қазақстан халқына «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты 2009 жылғы 6 наурыздағы Жолдауын іске асыру мақсатында Жол картасының шеңбірінде елді мекендерді көріктендіру бойынша 36 жоба іске асырылды, соның ішінде қазіргі уақытта 28-інде жұмыс аяқталды.
Жол картасын іске асыру нәтижесінде Өскемен және Семей қалаларында аулалық аумақтарды жөндеу бойынша улкен жұмыс атқарылды.

Мәселен, Өскемен қаласы бойынша 291 аулалық аумақты жайластыру, әр аулада кіші сәулеттік нысандардың кешенің, соның ішінде балаларға арналған ойын аландарын, жасанды жерімен 25 спорт алаңын жайластыру жоспарланды. Қазіргі уақытта 269 аулалық аумақ көріктелінді. «Жол картасы» бағдарламасы бойынша орындалған жұмыстардың сапасына бақылау жасау мақсатында атқарылған жұмыстар бойынша технологиялық жағынан алып жүруді жүзеге асыратын «Жол-Консалтинг» ЖШС-мен шартқа қол қойылды.
Семей қаласы бойынша асфальтті жөндеуге жоспарланған 50 ауланың 47-інде жұмыстар орындалды. Қатты-тұрмыстық қалдықтарға арналған 420 контейнер дайын болды, бұл жоспардан 84 %-ды құрайды. ҚТҚ үшін 93 алаңды орнату бойынша жұмыстар аяқталды.

Белсенді демалысқа арналған 21 алаңды орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы мезетке 3 алаңның жабдығын орнату бойынша жұмыстар толығымен орындалды, 11 алаңда тренажерлар орнатылды.

Сондай-ақ 346 апаттық ағаш және 638 ағаштың артық бұтақтарын кесу бойынша жұмыстар жүргізілді. Облыс бойынша көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазарту бойынша жұмыстар жалғасуда.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 01.02.2012 / 20.02.2017