«Восток-Росс-Комплект» ЖШС

«Восток-Росс-Комплект» ЖШС 2002 жылы құрылды.
Қазақстан Республикасының аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында жұмыстарды орындауға мемлекеттік рұқсат (№ 011264 08-МР).

Қолда бар рұқсат бойынша жауапкершілік деңгейі: жауапкершіліктің II- III-деңгейлеріндегі ғимараттар мен имараттар.

«Восток-Росс-Комплект» ЖШС құрылыс компаниясының негізгі қызметі - өндіріс және азаматтық ғимараттар құрылысы, құрылыс материалдары өндіру және көпір ғимараттарын, автожолдарды, Өскемен және Қазақстан Республикасының басқа да қалаларында инженерлік және магистралді желілерді салу.

Аталған қызмет түрі бойынша жұмыс өтілі: 4 жыл.
Қазіргі уақыта компания ШҚО ірі құрылыс компаниясы болып табылады.
Жұмысшылардың жалпы саны 1220 адамды құрайды.
Орташа айлықақы: 29 748 теңге.

Өндіріс базасы және жылына өндіру қуаты:

«ҚҚЦ» - құрылыс құрылымдарының цехі

Темірбетон құрылымдарының, тауарлық бетонның әртүрлі маркаларының, құрылыс ерітіндісінің, арматура мен металл құрылымдарының кең түржиынын шығарады:
- бетон зауыты – қуаты жылына 30 мың текше метр;
- ерітінді түйіні – қуаты жылына 10 мың текше метр;
- құрамды темірбетон мен бетон дайындау зауыты - қуаты жылына 20 мың текше метр;
- механикалық цех – металл құрылымдарын шығару зауыты - қуаты жылына 300тонна;
- ТБҚ мен тауарлық арматураларға арматураларды дайындау цехі - қуаты жылына 117 000 тонна;
- металл-пластик терезелер мен есіктерді дайындау бойынша арматуралық цех;
- столярлық және слесарлық цехтар;
- кіші сәулеттік нысандарды өндіру цехі.

«ММЦ» - машиналар мен механизмдер цехі:

Жұмыстар мен автокөлікті механикаландыру базасы жүк көтергіш, құрылыс және жер қазатын машиналардан (барлығы 150 бірлік) тұрады, сондай-ақ келесі учаскелерден тұрады:
- ауданы 624 шаршы метр болатын жер қазатын машиналарды жөндеу және қызмет көрсету цехі;
- ауданы 668 шаршы метр болатын жүк көтергіш машиналарды жөндеу және қызмет көрсету цехі;
- ауданы 2076 шаршы метр болатын күрделі жөндеу бас корпусы;
- ауданы 1098 шаршы метр болатын қосалқы бөлшектер қоймасы;
- ауданы 2700 шаршы метр болатын құрылыс машиналарын жөндеу және қызмет көрсету профилакториі;
- 1080 шаршы метр болатын тұрақ боксі;
- тұрмыстық бөлмелер;
- электр цехі;
- жуу бөлмесі.

Дата создания / изменения страницы: 01.02.2012 / 04.05.2012