Коммуналдық қызметі

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Шығысэнерготрейд» ЖШС хабарламасын қарағанан кейін электр энергиясының орташа босатылған сараланған тарифін тұтынушылар тобы бойынша 1 кВт/сағ     (ҚҚС-сыз) 6,68 теңге мөлшерінде (ҚҚС – есепке алғанда 7,481 теңгеге) келісті. Тұтынушылар тобы бойынша босатылған тарифті ескере отырып, электр энергиясына арналған сараланған тарифі: жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне және тәулік зоналары бойынша 2010 жылдың 1 сәуірінен бастап қолданысқа енгізуге келісілді.

1 кВт/сағ ҚҚС – сыз 6,042 теңгеге (ҚҚС есепке алғанда 6,767 теңгеге) босатылған тарифті ескере отырып,  жеке тұлғалардың электр энергияны тұтыну көлеміне қарай сараланған тарифі, соның ішінде:

Электр плиталарын пайдаланатын жеке тұлғалар үшін (тұтыну көлемі 90 кВт/сағ 1 адамға айына):

Ең төменгі тариф – 1 кВт/сағ ҚҚС-сыз 5,493 теңге (ҚҚС есепке алғанда 6,152 теңге);
Ең жоғары тариф 1 кВт/сағ ҚҚС-сыз 7,25 теңге (ҚҚС есепке алғанда 8,12 теңге);

Электр плиталарын пайдаланбайтын жеке тұлғалар үшін (тұтыну көлемі 70 кВт/сағ 1 адамға айына):

Ең төменгі тариф – 1 кВт/сағ ҚҚС-сыз 5,493 теңге (ҚҚС есепке алғанда 6,152 теңге);
Ең жоғары тариф 1 кВт/сағ ҚҚС-сыз 7,25 теңге (ҚҚС есепке алғанда 8,12 теңге);

Жеке тұлғалар үшін 1 кВт/сағ ҚҚС-сыз 6,042 теңгеге (ҚҚС есепке алғанда 6,767 теңгеге) босатылған тарифті ескере отырып, тәулік зоналары бойынша сараланған тарифтер:

Тұтыну есебінің қос зоналық жүйесінде электр энергиясын тұрмыстық мұқтаждыққа пайдаланатын жеке тұлғалар үшін:

Түнгі уақытта тұтынылатын электр энергиясына арналған тариф (23.00 – ден 8.00 – ге дейін) 1 кВт/сағ ҚҚС-сыз 1,95 теңге (ҚҚС есепке алғанда 2,184 теңге);
Күндізгі уақытта тұтынылатын электр энергиясына арналған тариф (8.00 – ден 23.00 – ге дейін) 1 кВт/сағ ҚҚС-сыз 8,034 теңге (ҚҚС есепке алғанда 8,998 теңге);
Тұтыну есебінің 3 зоналық жүйесінде электр энергиясын тұрмыстық мұқтаждыққа пайдаланатын заңды тұлғалар мен өзге тұтынушылар үшін 1 кВт/сағ ҚҚС-сыз 7,156 теңге (ҚҚС есепке алғанда 8,014 теңге);

Тұтыну есебінің үш зоналық жүйесінде электр энергиясын тұрмыстық мұқтаждыққа пайдаланатын өзге тұтынушылар (жеке тұлғалар, (халық) ескере отырып):

Түнгі уақытта тұтынылатын электр энергиясына арналған тариф   (23.00 – ден 8.00 – ге дейін) 1 кВт/сағ ҚҚС-сыз 2,626 теңге (ҚҚС есепке алғанда 2,941 теңге);
Күндізгі уақытта тұтынылатын электр энергиясына арналған тариф (8.00 – ден 23.00 – ге дейін) 1 кВт/сағ ҚҚС-сыз 7,156 теңге (ҚҚС есепке алғанда 8,014 теңге);
Кешкі уақытта тұтынылатын электр энергиясына арналған тариф (16.00 – ден 23.00 – ге дейін) 1 кВт/сағ ҚҚС-сыз 12,593 теңге (ҚҚС есепке алғанда 14,104 теңге).

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 01.02.2012 / 08.02.2012