Шығыс Қазақстан облыстық ЖҚТБ орталығы бойынша

Петр Николаевич КолларОрталықты бас дәрігер басқарады. Петр Николаевич Коллар - бас дәрігер,

Қарағанды қаласында 1954 жылы 23 қарашада дүниеге келген, білімі жоғары, 1978 жылы Қарағанды Мемлекеттік медицина институтының санитарлық-дәрігер/эпидемиолог мамандығы бойынша санитарлық-гигиеналық факультетін тамамдаған. Біліктілігі жоғары санаттағы дәрігер эпидемиолог. Институтты аяқтағаннан кейін Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау саласында 26 жыл істеп келеді, санитарлық-гигиеналық бөлім меңгерушісі, Зырян аудандық санэпидстанциясының санитарлық-эпидемиологиялық бөлім меңгерушісі. 1990 жылдан Шығыс Қазақстан облысының ЖҚТБ-мен күрес және оның алдын алу жөніндегі орталықтың бас дәрігері. Үйленген, үш баласы және үш немересі бар.

Саяжайда жұмыс істегенді ұнатады.

Бас дәрігердің қабылдау күндері күнделікті сағ 15-00 ден 17 – 00 дейін.

ШҚ ЖҚТБ-мен күрес және оның алдын алу жөніндегі облыстық орталығы мына мекенжайда орналасқан:
Өскемен қаласы Буров көшесі 21/1.
Тел/факс  8 323 2265999
e/mail: vkoaids@ukg.kz  

 

ШҚ ЖҚТБ-мен күрес және оның алдын алу жөніндегі облыстық орталық мемлекеттік мекеме болып табылады.

Орталық 1990 жылдың қаңтарында «Қазақ ССР ЖҚТБ алдын алу қызметін ұйымдастыру туралы» Қазақ ССР денсаулық сақтау Министрлігінің 1989 жылғы 12 мамырдағы № 343 бұйрығының, облыстық денсаулық сақтау бөлімінің 1990 жылғы 22 қаңтардағы № 20-Л бұйрығының негізінде ашылды.

Орталық Шығыс Қазақстан облысы аумағында АҚТҚ-жұқпасын емдеу және диагностикалау, жаңа профилактикалық әдістерді әзірлеп енгізу жөніндегі үйлестіруші, ұйымдастыру-әдістемелік, консультативтік-диагностикалық мекеме болып табылады.

Мекемені құрушы Шығыс Қазақстан облысының Әкімдігі болып табылады. «Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау департаменті» ММ мекеменің басқарма органы болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері мыналар:

- эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
- облыс тұрғындары арасында АҚТҚ-жұқпасынан сақтандыру үшін індетке қарсы және профилактикалық шаралардың бағыттарын жасап енгізу;
- ЖҚТБ науқастанғандарға және АҚТҚ зақымданғандарға медициналық-әлеуметтік көмек ұйымдастырып, оларға диспансерлік қадағалау жүргізу;
- АҚТҚ/ЖҚТБ мәселесі бойынша облыс тұрғындарына психо-әлеуметтік кеңес жүргізу;
- АҚТҚ-жұқпасының алдын алу және емдеу, диагностика бойынша облыста денсаулық сақтау мекемелерінің және органдардың басқа да қызығушылық танытқан ведомстволардың жұмыстарын ұйымдастыруды бақылау және осы мәселелер бойынша әдістемелік құжаттарды дайындау.
- кадрларды дайындау ;
- тұрғындар арасында жастарға және мінез-құлқы қауіпті тұлғалрға АҚТҚ-жұқпасының алдын алу үшін ақпараттық-насихаттау жұмыстарына әдістемелік басшылықты жүзеге асыру:

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 01.02.2012 / 20.02.2017