«Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасы» КМҚК

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасы – бұл үлкен көп бейінді медициналық мекеме, осында амбулаториялық-емханалық, шұғыл, жоспарлы стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсетіледі.   
Өз тарихын ол 1889 жылдан бастайды,  сол кезде Өскемен уезд қаласының базасында 10 төсекке қалалық ауруханасы  ашылған.  40-шы жылдары  аурухана облыстық ауруханасының функцияларын орындайды,  1949 жылы қалалық аурухананы  «Облыстық бірлескен ауруханасы»  атауымен облыстық бюджетке ауыстыру туралы шешім бекітіледі.
Жумаханов Жаик АмангельдиновичҰжымды бас дәрігер Жұмаханов Жайық Амангелдіұлы  басқарады.  Еңбек жолы Семей қаласының облыстық клиникалық ауруханасында анестезиолог-реаниматолог дәрігерінен басталды, әрі қарай Аягөз ауданында МСАК дәрігерінен  «Аягөз ауданының медициналық бірлестігі»  ШЖҚ КМК директорына дейін өсті, бұл мекемені 4 жыл басқарды. 2013 жылдан бастап  осы уақытқа дейін  ШҚО әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасы» ШЖҚ КМК бас дәрігері. 
Облыстық аурухананың құрамына 6 зертхана, 12 клиникалық және 7 параклиникалық бөлімше кіреді, оның ішінде аумақтағы бірден-бір торакалдық және тамырлы хирургия, ортопедия бөлімшелелері бар.
Шығыс Қазақстан облыстық ауруханада 900-дей қызметкер жұмыс істейді, оның ішінде 163 дәрігер, 4 медициналық ғылымдарының кандидаты, 9 дәрігер «Денсаулық сақтау үздігі» кеуде белгісімен наградталған. 
2012 жылдан бастап ауруханада жіті коронарлық синдром бөлімшесі ашылған, онда жіті инфарктпен ауырған аумақтағы барлық науқастар емделуге жатқызылады.   
2013 жылы Инсульт орталығы ашылды, онда пациенттерді ауру пайда болған кезінен бастап  ағза функциялары толық қалпына келгенге дейін қадағалап қарау көзделеді және 20 төсекке кардиохирургия бөлімшесі ашылды.   
Бүгінгі күнде ШҚ облыстық ауруханасында  жүргізілетін мамандандырылған медициналық көмегімен қатар тәжірибеге диагностика мен емдеудін жоғары технологиялық әдістері енгізіліп жатыр.  Бұл жұмыс үш негізгі бағытта жүргізіліп жатыр: кардиохирургия, рентгенэндоваскулярлық хирургия, ортопедия.   2013 жылдың желтоқсан айынан бастап  ШҚОА кардиохирургтары жасанды қанайналым аппаратын пайдаланусыз жұмыс істеп тұрған жүрекке аорто-коронарлық шунттау орындайды.  
2008 жылдың маусым айынан бастап аурухананың базасында эндоваскулярлық хирургия мен интервенциялық кардиология бөлімшесі жұмыс істейді. Бөлімше заманауи жабдықпен жарақтандырылған және жүрек-қантамырлы мен басқа да ауруларын емдеуінде аз инвазивтік араласулар орындауға тоғыстырылған.  Емдеу әдістері жабық әдісімен жүргізіледі, науқастын денесі тілінбейді және оның өмірін ұзартуға, сапасын жақсартуға  мүмкіндік береді, көптеген дәрі-дәрмекті ішуден қалдырады.    2012 жылдан бастап жіті коронарлық синдром бойынша көмек көрсету шеңберінде миокард инфаркті және басқа да тамырлы патологиялар болған кезде шұғыл мен жоспарлы көмек көрсетіп  бөлімше тәулікте 24 сағат пен аптада 7 күн істейді.   
Біздің аурухананың тағы да бір жоғары технологиялық  бөлімшесі -  ортопедия бөлімшесі.  2001 жылдың мамыр айынан бастап  «ШҚОА» ортопедия бөлімшесінде ұршық буындарын,  ал  2007 жылдың  желтоқсан айынан тізе  буындарын эндопротездеу бойынша операциялар жүргізіледі.  Қазіргі уақыттағы технологияларын қолдануы ойдағыдай емдеуге және ұршық пен тізе буынның артрозы асқынған жағдайларда пациенттерді белсенді өмірге келтіруге мүмкіндік береді.  2013 жылдан бастап ортопедия бөлімшесінде мына әдістер енгізілген: алдыңғы крест тәрiздес байланыстың  артроскопиялық  пластикасы; жамбас сүйектері сынған кезде заманауи сыртына бекітілетін қондырғыны немесе шор суйек остеосинтезге арналған конструкцияларын қолданып операциялар жасау; туа біткен буын шығуымен байланысты дисплазия нәтижесіндегі ұршық буынды жаппай эндопротездеу; эндопротездің жаңа тексерісті жүйелерін қолданумен ұршық пен тізе буындарына тексерісті эндопротездеу жасау.
Бұдан басқа мамандандырылған медициналық көмек шеңберінде диагностика мен емдеудің жоғары технологиялық әдістері енгізіліп жатыр. 
Тамырлы хирургия мамандарымен 2014 жылы сатып алынған жабдықта  көктамыр кеңейген кезде көктамырды эндовазалды лазерлік коагуляциялау бойынша операциясы   тәжірибеге енгізілді, бұл әдіс аз инвазивті және пациентті оңалту уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.   
Гинекологиялық операциялар құрылымында жатыр миомасында, анабездің қатерсіз ісіктерінде, жатырдан тыс жүктілікте ағзаларды сақтап қалатын лапароскопиялық операциялары басым бағыты болып табылады.
Хирургиялық бөлімшесінде де лапароскопиялық операцияларының көлемі кеңейді, 2014 жылы  аппараттық тоқ ішек анастомозын салу бойынша операциясы тәжірибеге енгізілді.    
2015 жылы лазерлік жабдықты сатып алғаннан кейін  офтальмология бөлімшесінің базасында тамырлы патология кабинеті ашылды. 2015 жылдың тамыз айынан бастап көз алмасының артқы бөлігіне лазерлік операциялар жүргізіледі.   Денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасына сәйкес күндізгі стационар жағдайларында катарактаны операциялық емдеуі белсенді енгізіліп жатыр.
ЛОР аурулар құрылымында 2016 жылдың басынан бастап есту қабілетін жақсарту бойынша операциялары тәжірибеге енгізілді.   
Біздің аурухананың  айқын ерекшелігі - әр түрлі бейінді  бөлімшелерінің өз арасындағы тығыз  ынтымақтастығы. Біздің аурухананың  ұзақ мерзімді даму концепциясының негізінде кәсіптік идеологиясы жатыр:  емдеу процесін дәл және сауатты ұйымдастыру, медициналық қызметкерлерінің  жоғары кәсіпқойлығы, шұғыл патологиясы бар науқастарға уақытында тиімді көмек көрсету, сондай-ақ халыққа жоспарлы тәртіпте қөмек көрсету мақсатында аурухананы заманауи медициналық жабдықтармен жарақтандыру және отандық пен шетел медициналық ғылымының озат жетістіктерін тәжірибеге енгізу. Біздің ауруханада заманауи диагностикалық жабдықтарды мен емдеудің озат әдістерін қолдана отырып  Сізге жүрек, ми, асқазан-ішек жолы, кіші жамбас ағзаларының, жүрек-қантамырлы жүйесінің және басқа да  ауруларын емдеуге көмектеседі. Біз Қазақстан халқына медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту жолында тоқтамаймыз, біздің жоспарымызда емдеудің жаңа және тиімді технологияларын әрі қарай енгізу.   

Мекен жайы: Казақстан  Республикасы, Өскемен қаласы
Стационар:   Протозанов көш., 7, (7232) 26-28-01, 24-99-90
Консультативтік-диагностикалық  орталығы: Әуезов даңғ.,  26, (7232) 25-52-51
ШҚОА тіркеу орнының Emailreg_ob@mail.ru
ШҚОА ақылы тіркеу орнының Email:  regpl_ob@mail.ru

Жеке қабылдау күндері: бейсенбі сағ. 14.00-ден  сағ. 17.00-ге дейін

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 01.02.2012 / 12.04.2017