«Еңбек гигиенасы және кәсіптік сырқаттар ұлттық орталығы» РМҚК ШҚ филиалы

Басшысы: Сұлтанбеков Зейнулла Қабдышұлы – мед. ғылымдарының докторы, профессор, доцент (ВАК-2000 ж.), әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру бойынша жоғары категориялы дәрігер (1996ж).
1944 ж. 4 ақпанда Шығыс-Қазақстан облысының Аягөз қаласында дүниеге келді. Қазақ, жоғары медициналық білімді, 1970 жылы Семей мемлекеттік медициналық институтын  емдік-дәрігер мамандығы бойынша бітірді.
1970-1971 жж.- Самарқанд қ. әскери медсанбат дәрігері;
1971-1972 жж.- Отар п. жеке әскери бөлім  медициналық қызметінің бастығы;
1972-1975 жж. -Өскемен қ. Отоларинолог дәрігері;
1975-1981 жж.- Шығыс-Қазақстан облысы бойынша СССР металлургтер кәсіподағының ОК сенімді дәрігері;
1981-1983 жж. – Облыстық аурухана бас дәрігерінің орынбасары;
1983-1984 жж. – бас дәрігердің орынбасары;
1984-1990 жж. – Профпатологиялық клиниканың бас дәрігері;
1990-1999 жж. –Гигиена және кәсіптік сырқаттар НИИ Өскемен қаласындағы филиалының меңгерушісі;
1999-2002 жж. - Өскмен қ. «Профпатологиялық еклиника» РМҚК-нің директоры және бір мезгілде гигиена мен эпидемиология Ғылыми орталығы профпатология бөлімінің меңгерушісі.
2002 ж. қаңтарда «Еңбек гигиенасы және кәсіптік сырқаттар ұлттық орталығы» РМҚК ШҚ филиалының директоры болып тағайындалды.
Отбасы жағдайы: Үйленген, ұлы бар.

Жұм. тел. 540845
Факс 540457
Электрондық мекен-жай: FNAZCENTER@mail.ru
Мекен-жайы:  Өскемен қ.  Серікбаева к-сі 47, Индекс 070010

қызмет бағыттары:

Металлургия, тау кен, қорғасын, титан-магний, берилли және уран өндірістеріндегі жұмысшылардың еңбек жағдайларын кешенді гигиеналық бағалауды қосқандағы облыстың барлық өнеркәсіп салаларында кәсіптік және аллергологиялық аурулардың алдын-алу және емдеу, жаңа диагностика әдістерін енгізу және дайындау, еңбек гигиенасы, еңбек медицинасы, профпатология, аллергозы және т.б.;  , кәсіптік еңбек қабілетін кәсіптік өтілінің ұзақтығына және қолайсыз  еңбек жағдайлары және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтіндердің денсаулығына өндіріс факторларының  әсер етуіне байланысты қауіп-қатерді бағалау және кәсіптік ауруларға болжам жасау әдістерін дайындап шығару.
1959 жылы « Еңбек гигиенасы және кәсіптік сырқаттар ұлттық орталығы» РМҚК Шығыс-Қазақстандық филиалы. (Үкіметтің 29.10.2001 ж. № 1370 Қаулысымен 2002 ж. «Еңбек гигиенасы және кәсіптік сырқаттар ұлттық орталығы» болып қайта құрылды ). 1977 ж. орталықтың құрамына 110 орындық профпатологиялық емхана кіргізілді.
Қызметінің бағыттары, негізгі экономикалық көрсеткіштер, жетістіктері:
«ЕГҰО және КС» ШҚ филиалының негізгі қызметі – еңбек гигиенасы, профпатология, токсикология, экология және т.б. бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткізу және Павлодар, Алматы, Шығыс-Қазақстан облыстарында қауіпті және зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істеушілерге арнай медициналық, жоғары  білікті көмек көрсету. «ЕГҰО және КС» ШҚ филиалының құрамына кіреді :  110 орындық кәсіптік сырқаттар емханасы және полиметалл өндірісіндегі еңбек медицинасы ғылыми лабораториясы.  
Ұжымның ғылыми-зерттеу жұмысы- Шығыс-Қазақстан облысы тау кен, металлургиялық өндірісінің басты мәселелері және кәсіптік сырқаттарды емдеу, алдын-алу, диагностика, сараптама жасау секілді мәселелерге назар аударады.  Кәсіптік ауруларды ерте сатысында анықтау, апробация және жаңа технологияларды, ем құралдарын, жабдықтар мен құрал-саймандарды енгізуге айрықша назар аударылады.
Ғылыми зерттеулер келесі бағыттар бойынша бағытталған:

Осымен қатар тәжірибе ретінде ауыр металдар мен олардың жиынтығының ағзаға әсер етуі бойынша жануарларға эксперименталдық зерттеулер жүргізілді. Осының арқасында шешілді:

Қатты металдарды ауада, жерде, өсімдіктерде, азық-түліктерде, адам және жануарлардың биологиялық ағзасында анықтау әдістері жасалды: ртут, қорғасын, кадмия, мырыш, мыс, темір, кобальт, магний және т.б.. Дайындалды:

Ғылыми зерттеулердің нәтижелері жыл сайынғы әдістемелік ұсыныстарда, ғылыми еңбек жинақтарында, ақпараттық үндеулерде жарияланады. Ұлттық орталық филиалының  клиникалық және ғылыми базаларында үнемі ғылыми-тәжірибелік семинарлар және конференциялар өткізіліп, жұмыс орындарында мамандарды (дәрігер, лаборанттар) негізгі гигиена  бағыттары және профпатология бойынша оқыту және дайындық жұмыстары жүргізіледі.   2004 ж. 1855 адам және 2005 ж. 6 ай ішінде 1020 адам емделді. 2004 ж. алдын-ала 166 кәсіптік сырқат және 2005 ж. 6 ай ішінде 57 кәсіптік сырқат анықталды.  2005 ж. 6 ай ішінде емделген науқастардың қатарында басым:

1. Созылмалы бронхит - 273 (улағыш, шаңды, химиялық этиология.)
2. Тербелмелі сырқаттар - 203
3. Демікпе - 137
4. ВСП - 114.

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 01.02.2012 / 07.02.2012