РМҚК «Семей мемлекеттік медицина академиясының медицина орталығы»

Директоры – Серік Нурикенович Альжанов

1966 жылы Семей қаласында дүниеге келген, ұлты қазақ.
Ана тілі – қазақ тілі, орыс тілін жетік меңгерген, ағылшын тілін сөздікпен түсінеді.
1973 жылы Семей қаласының № 6 орта мектебіне барып, 1983 жылы мектепті бітірген соң Семей мемлекеттік медициналық институтының емдеу факультетіне оқуға түсті. 1989 жылы институтты емдеу ісі дәрігері мамандығы бойынша бітірді. 1989-1990 жылдары рентгенология мамандығы бойынша интернатурадан өтті. 2000 жылы «Қайнар» университетінің заңгерлік факультетіне түсіп, 2003 жылы «заңгер» мамандығы бойынша аяқтадады. 1990 жылдан бастап Семей мемлекеттік медициналық институтының Рентгенология және радиология кафедрасының ассистенті. 1998 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысының Халықты оңалту орталығы Семей мемлекеттік медицина академиясының клиникалық оқу орталығында рентгенологиялық бөлімшенің меңгерушісі болды. Үйленген, екі ұлы бар.

Медицина орталығы облыстың ірі емдеу – профилактикалық, ғылыми – педагогикалық мекемесі, өзінің ежелді тарихы мен дәстүрі бар, талантты, кәсіби деңгейі жоғары еңбекке қабілетті ұжым. Тарихи облыстық клиникалық аурухана Семей облыстық аткомының № 463-17 шешімімен 30 мамыр 1951 жылы физиоинститут, хирургиялық және қөз емдеу ауруханаларының негізінде құрылған. Облыстық клиникалық балалар ауруханасы облыстық денсулық сақтау бөлімінің № 169 бұйрығымен 1992 жылы ашылған.
Семей полигонының жабылуы, екі облыстың біріктірілуі емдеу мекемелерінің міндетіне өзгерістер әкелді. Тұрғындарды, соның ішінде полигондағы сынақтардан зардап шеккендерді емдеу мен сауықтыруда, дәрігерлер кадрларын жаңа жағдайда дайындауда көкейкесті проблемалар туындады. Жоғарыда аталған проблеманы ескеріп екі облыстық аурухана 1999 біріктіріліп Семей мемлекеттік медицина академиясының клиникалық оқу орталығы болып және Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарының сауықтыру орталығы ретінде бекітілді. 2006ж. денсаулық сақтауды реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарғы бағдарламасы шегінде Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы (ходотайство) және Шығыс Қазақстан облысы әкімінің қаулысы негізінде облыстық орталық комуналдық меншіктен Семей мемлекеттік медицина академиясының кұрылымдық бөлімі ретінде республикалық меншікке берілді. Орталықтың кұрамына 530 төсектік аурухана: оның ішінде 320 ересектерге, 210 балаларға арналған, тәулігіне (смена) 250 ауруларды қабылдап, аса білімді мамандары мен медицина академиясының профессорлар – мүғалімдер құрамы 28 мамандық бойынша қарайтын консультациялық поликлиника, студентерді дайындаумен қатар отбасылық дәрігерлер оқитын отбасылық тренингтік емхана кіреді. Орталықта 900 – ден астам қызметкер еңбек ететін 15 клиниклық бөлімдер, 20 емдеу – сараптау (диагностика) көмекші бөлімдері бар. 2005 жылы компьютерлік томография бөлімі, Семей аймағы тұрғындарын қамтитын жедел және жоспарлы – консультациялық көмек бөлімдері ашылды. Аурухананы алмастыратын медициналық көмекті дамыту мақсатында 30 төсектік күндізгі аурухана және көпбейімді 30 төсектік сервистік бөлім ашылды. 2006 ж. ШҚО денсаулық сақтау департаментінің травматологиялық – ортопедиялық көмекті ұйымдастыру туралы бұйрығымен Семей аймағы балаларына травматологиялық – ортопедиялық жедел көмекті жақсарту мақсатында балалардың травматологиялық – ортопедиялық пункті, ал 2007 жылы ПЦР – зертханасы (полимеразная цепная реакция) ашылды. Аурухананың бөлімдері мен бөлімшелері қазіргі замаңғы тиімділігі жоғары емдеу – сараптама (диагностика) құрылғыларымен және аппараттармен жабдықталған ( газ, электролит, қан анализаторлары, кәзіргі рентгенодиагностикалық, ультрадыбыстық аспаптар, эндоскоптар, эндовидео хирургиясы жабдықтары). 1999 жылдан бастап орталықта телемедицина кабинеті жұмыс жасайды. Япониядағы Нагасаки университетімен жер серігі арқылы (спутник) байланыс ұйымдастырылған – жыл сайын әр түрлі аурулардың алдын ала диагнозын қою үшін мыңдаған анализдер (талдамалар) жіберіледі.
Орталық АҚШ (Хьюстон), Япония (Нагасаки), Германия, Россия клиникаларымен кең көлемде әріптестік байланыстар жасап, олармен бірлесіп. қазіргі заманғы емдеу – диагностикалық технологияларын қолдану мақсатында ғылыми зерттеулер жүргізеді. Орталықтың негізгі мақсаты мен міндеті науқастарды, соның ішінде ядралық полигоннан зардап шеккендерді емдеу мен сауықтыру, жаңа техника мен емдеу тәсілдерін дайындау және алғашқы қолдану, аймақтың медицина қызметкерлерін оқытуды ұйымдастыру. Сонымен қатар орталық Семей мемлекеттік медицина академиясының клиникалық базасы. Академияның 65 қызметкері, соның ішінде 6 профессор мен 15 доцент ғалымдары оқыту - педагогикалық жұмысты емдеу ісімен табысты ұйымдастыруда.
Жыл сайын орталықтан аймақтың 50 мыңнан астам тұрғыны медициналық көмек алады, 16 мыңан астам науқас аурхана бөлімдерінде жатып мамандырылған көмек алады, оның ішінде 4 мыңнан астамы шалғай ауылдардардан. 2002 жылдан бастап клиника жыл сайын Республикалық тендерге қатысып 260-270 науқасқа жоғары мамандандырылған көмек беруге Республикалық бюджеттен қаржыландыратын квота алады.
Диагностика мен емдеудің қазіргі заманғы тәсілдерін қолдану төсек жүйесін тиімді пайдаланып, науқастардың аруханада емделу мерзімін едәуір қысқартуға мүмкіндік берді.

Мекен жайы:
071403 Қазақстан Республикасы Семей қаласы
Сеченов көшесі 1үй
Тел: 8(7222) 53-15-71, 53 –15 –20
Факс: 8(7222) 53-15-20
Қабылдау уақыты: дүйсенбі 14 00 ден 16 00 ге дейін
E-mall: wkocrn@semsk.kz ,vkosgma@mail.ru

 


Медицина орталығы облыстың ірі емдеу – профилактикалық, ғылыми – педагогикалық мекемесі, өзінің ежелді тарихы мен дәстүрі бар, талантты, кәсіби деңгейі жоғары еңбекке қабілетті ұжым. Тарихи облыстық клиникалық аурухана Семей облыстық аткомының № 463-17 шешімімен 30 мамыр 1951 жылы физиоинститут, хирургиялық және қөз емдеу ауруханаларының негізінде құрылған. Облыстық клиникалық балалар ауруханасы облыстық денсулық сақтау бөлімінің № 169 бұйрығымен 1992 жылы ашылған.
РМҚК «Семей мемлекеттік медицина академиясының медицина орталығы»Семей полигонының жабылуы, екі облыстың біріктірілуі емдеу мекемелерінің міндетіне өзгерістер әкелді. Тұрғындарды, соның ішінде полигондағы сынақтардан зардап шеккендерді емдеу мен сауықтыруда, дәрігерлер кадрларын жаңа жағдайда дайындауда көкейкесті проблемалар туындады. Жоғарыда аталған проблеманы ескеріп екі облыстық аурухана 1999 біріктіріліп Семей мемлекеттік медицина академиясының клиникалық оқу орталығы болып және Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарының сауықтыру орталығы ретінде бекітілді. 2006ж. денсаулық сақтауды реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарғы бағдарламасы шегінде Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы (ходотайство) және Шығыс Қазақстан облысы әкімінің қаулысы негізінде облыстық орталық комуналдық меншіктен Семей мемлекеттік медицина академиясының кұрылымдық бөлімі ретінде республикалық меншікке берілді. Орталықтың кұрамына 530 төсектік аурухана: оның ішінде 320 ересектерге, 210 балаларға арналған, тәулігіне (смена) 250 ауруларды қабылдап, аса білімді мамандары мен медицина академиясының профессорлар – мүғалімдер құрамы 28 мамандық бойынша қарайтын консультациялық поликлиника, студентерді дайындаумен қатар отбасылық дәрігерлер оқитын отбасылық тренингтік емхана кіреді. Орталықта 900 – ден астам қызметкер еңбек ететін 15 клиниклық бөлімдер, 20 емдеу – сараптау (диагностика) көмекші бөлімдері бар. 2005 жылы компьютерлік томография бөлімі, Семей аймағы тұрғындарын қамтитын жедел және жоспарлы – консультациялық көмек бөлімдері ашылды. Аурухананы алмастыратын медициналық көмекті дамыту мақсатында 30 төсектік күндізгі аурухана және көпбейімді 30 төсектік сервистік бөлім ашылды. 2006 ж. ШҚО денсаулық сақтау департаментінің травматологиялық – ортопедиялық көмекті ұйымдастыру туралы бұйрығымен Семей аймағы балаларына травматологиялық – ортопедиялық жедел көмекті жақсарту мақсатында балалардың травматологиялық – ортопедиялық пункті, ал 2007 жылы ПЦР – зертханасы (полимеразная цепная реакция) ашылды. Аурухананың бөлімдері мен бөлімшелері қазіргі замаңғы тиімділігі жоғары емдеу – сараптама (диагностика) құрылғыларымен және аппараттармен жабдықталған ( газ, электролит, қан анализаторлары, кәзіргі рентгенодиагностикалық, ультрадыбыстық аспаптар, эндоскоптар, эндовидео хирургиясы жабдықтары). 1999 жылдан бастап орталықта телемедицина кабинеті жұмыс жасайды. Япониядағы Нагасаки университетімен жер серігі арқылы (спутник) байланыс ұйымдастырылған – жыл сайын әр түрлі аурулардың алдын ала диагнозын қою үшін мыңдаған анализдер (талдамалар) жіберіледі.
Орталық АҚШ (Хьюстон), Япония (Нагасаки), Германия, Россия клиникаларымен кең көлемде әріптестік байланыстар жасап, олармен бірлесіп. қазіргі заманғы емдеу – диагностикалық технологияларын қолдану мақсатында ғылыми зерттеулер жүргізеді. Орталықтың негізгі мақсаты мен міндеті науқастарды, соның ішінде ядралық полигоннан зардап шеккендерді емдеу мен сауықтыру, жаңа техника мен емдеу тәсілдерін дайындау және алғашқы қолдану, аймақтың медицина қызметкерлерін оқытуды ұйымдастыру. Сонымен қатар орталық Семей мемлекеттік медицина академиясының клиникалық базасы. Академияның 65 қызметкері, соның ішінде 6 профессор мен 15 доцент ғалымдары оқыту - педагогикалық жұмысты емдеу ісімен табысты ұйымдастыруда.
Жыл сайын орталықтан аймақтың 50 мыңнан астам тұрғыны медициналық көмек алады, 16 мыңан астам науқас аурхана бөлімдерінде жатып мамандырылған көмек алады, оның ішінде 4 мыңнан астамы шалғай ауылдардардан. 2002 жылдан бастап клиника жыл сайын Республикалық тендерге қатысып 260-270 науқасқа жоғары мамандандырылған көмек беруге Республикалық бюджеттен қаржыландыратын квота алады.
Диагностика мен емдеудің қазіргі заманғы тәсілдерін қолдану төсек жүйесін тиімді пайдаланып, науқастардың аруханада емделу мерзімін едәуір қысқартуға мүмкіндік берді.

Кардиоревматология бөлімі: ғылыми жетекшісі профессор Жумадилова З.К., бөлім меңгерушісі бірінші санатты дәрігер Садыбекова Жанна Танибергенқызы. Бөлімде біріктіруші (тұтастырушы) тканның диффузды ауларын ( жүйелі қызыл жегі, жүйелі склеродермия, дермотомиозиттер), ревматоидтық артрит, остеопороз, артропатия, жүрек ревматизмі, жүректін ишемиялық ауруларын емдеу мен сараптаудын қазіргі заманғы тәсілдері қолданылады. Ғылыми зерттеуелрдің негізгі бағыты ревматизм проблемалары болып келеді.

Асқазан – ішек аурулары бөлімі: Ғылыми жетекшісі профессор Жұмадилова З.К., бөлім меңгерушісі медицина ғылымдарының кандидаты, жоғарғы санатты дәрігер Құлмағамбетов Аманғали Оразұлы. Бөлімде асқазан – ішек жолдары патологиясы бар науқастарға зерттеулер жасалып, емделеді. HELICOBACTER PILORI қосылған асқазан мен ұлтабардын ойық жарасын (язва) емдеудін қазіргі заманғы тәсілдері еңгізілген. Ғылыми зерттеулердің негізгі бағыты бауыр және ішек ауруларын емдеу мен сараптау.

РМҚК «Семей мемлекеттік медицина академиясының медицина орталығы»Қан тамырлары хирургиясы бөлімі: ғылыми жетекшісі профессор Рахметов Нұрлан Рахметұлы, бөлім меңгерушісі медицина ғылымдыры кандидаты, жоғарғы санатты дәрігер жүрек – тамырлары хирургі Сағандыков Ирлан Нигметжанұлы. Бөлімде қолқа мен күре тамырларға және барлық қан тамырларына қалпына келтіру (реконструкция) операциялары жасалады. Шұғыл мамандандырылған көмек көрсететін жылжымалы бригада қан тамырлары жарақатанған және жараланған жағдайда операцияның барлық түрін жасайды. Ғылыми зертеу бағыттары: тромбоблитерация ауруларын сараптау мен емдеуді жете зерттеу, операциясының мелоинвазивтік тәсілдерін енгізу.

Неврология бөлімі: Ғылыми жетекшісі – неврология курсының жектекшісі, доцент Хайбулин Талғат Нұрмуханұлы, бөлім меңгерушісі жоғары санатты дәрігер – невропатолог Оспанов Бауржан Төлеуұлы. Бөлімде остехондрозы бар науқастарға, бас сүйек - ми жарақатты салдарлары мен тұқым қуалаушы ауруларға ем жасалады. Миастения, таралған склероз, ми жарақатынан болған талма ауруларына, эпилепсия және церебральды арахноидтар ауруларына ғылыми зерттеулер жүргізіледі.

Балалар неврологиясі бөлімі: ғылыми жетекшісі доцент Хайбуллин Талғат Нурмуханұлы, бөлімді жоғарғы санаты дәрігер, невропатолог Өлмесекова Гульмира Базарбайқызы басқарады. Бөлімде орталық жүйке (нерв) жүйесінің перинатальдық патологиясы бар балалар, церебральдық параличі (сал), эпилепсия, әртүрлі этиологиядағы талма синдромы, орталық жүйке жүйесі жарақатымен жұқпалы (инфекция) аурулар салдарлары бар балаларға оңалту емдері жасалады.
Жақ – бет хирургиясы бөлімі: ғылыми жетекшісі, хирургиялық стаматология курсы меңгерушісі Садуақасова Ляззат Меңдібайқызы. Бөлімді бірінші санатты стоматолог дәрігер Бөленбаев Азат Қорғанбайұлы басқарады. Бөлімде жақ – бет айналасының қабынуы мен жарақаты жағдайдаларына тәуілік бойына көмек көрсетіледі. Туа біткен кемістіктерге, прогения, ісік және ісік тәрізді патологиялық жағдайларға, беттің кемістігіне, тыртығы мен жарасына (язва) пластикалық операциялар жасалады.

Отоларингология бөлімі: ғылыми жетекшісі құлақ, мүрын және тамақ (ЛОР) аурулары курсының меңгерушісі, медицина ғылымдары кандидаты Жакиянова Жанат Оразмухаметқызы. Бөлімді жоғары санатты отоларинголог дәрігер Даумбаев Қайырбек Нұрділдәнұлы басқарады. Бөлімді ЛОР мүшелерінің (органдарының) жарақаты мен патологиясы бар науқастарға тәулік бойына көмек көрсетіледі. Бөлім жоспарлы түрде күрделі пластикалық қалпына келтіру (реконструкция) операцияларын жасайды.

Балалар отоларингологиясы бөлімі: бөлімді екінші санатты дәрігер Жарылғапова Нуржан Сұраутайқызы басқарады. Бөлімде 15 жасқа дейінгі балаларға тәулік бойы көмек көрсетіледі, қалпына келтіру (реконструкция) және пластикалық сипаттағы операциялары жасалады.

Жалпы хирургия бөлімі: ғылыми жетекшісі профессор, медицина ғылымдарынын докторы Рахметов Нұрлан Рахметұлы, бөлімді жоғары санатты дәрігер, ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі Чиныбаев Әбилбек Игасимұлы басқарады. Бөлімде жедел және жоспарлы хирургиялық көмек көрсетіледі, қәзіргі замаңғы малоинвазивтік технологиялар кеңінен қолданылады. Зертеулердің негізі ғылыми бағыты асқазан мен ұлтабардың, ойық жарасына (язваға) және бауыр мен өт жолдарына мүше сақтайтын және қалпына келтіретің (реконструкция) операцияларды жасау.

Балалар хирургиясы бөлімі: ғылыми жетекшісі медицина ғылымдарының докторы, профессор Дюсембаев Азат Ануарбекұлы. Бөлімді медицина ғылымдарының кандидаты жоғарғы санатты хирург дәрігер Аубакиров Марат Токенұлы басқарады. Бөлім 15 жасқа дейінгі балаларға тәулік бойы көмек жасайды. Асқазан – ішек жолдарының, өкпенің, несеп шығару жолдарының туабітті кемістіктеріне, барлық жарақаттарға жоспарлы түрде операциялар жасалады. Ғылыми ізденістердің негізгі бағыты перотониттер мен бас сүйек -ми жарақаттарының ауыр түрлерін сараптау мен емдеу тәсілдерін жетілдіру.

Нейрохирургия бөлімі: ғылыми неврология курсының жетекшісі, доцент Хайбулин Талғат Нұрмуханұлы. Бөлімді жоғарғы санатты дәрігер – нейрохирург Чайко Влапдимир Иванович басқарады. Бөлімде омыртқа жотасының остеохондрозына, жұлын және ми ісігіне, балалар нейрохирургиясына – операция жасау және зерттеулерге кең қолданылған. Ғылыми ізденістердің басты бағыты бассүйек – ми жарақаттарына сараптау мен оңалту әдістерін жетілдіру.

Гематология бөлімі: ғылыми жетекшісі медицина ғылымдарының докторы, профессор Жаксылыкова Куляш Қалиханқызы. Бөлімді жоғарғы санатты дәрігер – педиатр Қикимбаева Раушан Құсайынқызы басқарады. Бөлімде 15 жасқа дейінгі балалардың гематологиялық, эндокринологиялық, токсикологиялық, пульмонологиялық, жалпытерапиялық ауруларына емдеу жасалады БФМ бағдарламасы бойынша лейкоз науқастарына емдеу тәсілдері енгізілген. Ғылыми зерттеулердің басты бағыты арынды (острый) лейкозбен ауырған науқастарға емдеу мен оңалтуды түпкілікті зерттеу болып келеді.

Нәрестелер патологиясы бөлімі. Ғылыми жетекшісі доцент Балкобекова Дәмеш Молдаханқызы, бөлімді жоғарғы санатты дәрігер неонатолог Қалиев Сағынтай Хайырлұлы басқарады. Бөлім нәрестелерге көмек беруге қажетті қазіргі заманғы кұрылғылармен жабдықталған.

Реанимация және интенсивті терапия бөлімі: дербес жұмыс жасайтын екі бөлім бар. Ғылыми жетекшісі профессор Тулеутаев Тлеутай Байсарұлы, ересектер бөлімін жоғарғы санатты дәрігер Рахимжанов Нұрлан Муратұлы, балалар бөлімін жоғарғы санатты дәрігер Саламбаев Рысбек Шарипханұлы басқарады. Екі бөлімде де реанимациялық (жандандыру) шаралар жасауға және организмның витальдық қызметтін (функцияларын) бақылау жасайтын қазіргі заманғы кұрылғылармен жабдықталған, америка технологиясымен жасайтын медбикелер стандарты қолданысқа енген. Ғылыми зерттеулердің негізгі бағыты перитониттің ауыр түрлерін, көп мүшелік (полиорганная) жетімсіздіктерді және бас сүйек – ми жарақатының ауып түрлерін емдеу тәсілдерін жетілдіру.

Эндоскопия бөлімі: бөлімді медицина ғылымдарының кандидаты, ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі, жоғарғы санатты дәрігер Нұралинов Қабдыслям Қарибжанұлы. Бөлімді асқазан – ішек жолдары патологиясы бар науқастарға зерттеулер мен емдер жасалады.

Жоғарғы қысымды оттегімен (барокамера) емдеу бөлімі: бөлімді жоғарғы санатты дәрігер Баельев Сергей Жүнүспайұлы басқарады. Жүрек қан – тамырлары жүйесі патологиясы бар науқастарға, уланғандарға, анаэробтық жұқпа (инфекция), біріктіруші ткандардың жүйелі ауруларына, жуйке (нерв) жүйесі ауруларына, зат алмасуы бұзулған науқастарға емдер жасалады.

Физиотерапия және емдік дене тәрбиесі бөлімі. Бөлімді жоғары санатты дәрігер Адишева Маржан Сағатбекқызы басқарады. Бөлімде қазіргі заманғы аппаратардың көмегімен оңалту (сауықтыру) тәсілдері қолданылады.

РМҚК «Семей мемлекеттік медицина академиясының медицина орталығы»
РМҚК «Семей мемлекеттік медицина академиясының медицина орталығы»

 Мекен жайы:
071403 Қазақстан Республикасы Семей қаласы
Сеченов көшесі 1үй
Тел: (3222) 53-15-71, 53 –15 –20
Факс: (3222) 53-15-20
E-mall: wkocrn@semsk.kz , vkosgma@mail.ru

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 01.02.2012 / 20.02.2017