«ШҚО аймақтық Апат медицинасы орталығы» ММ

Раисов Мырзагазы Казезович

Раисов Мырзагазы Казезович

1947 жылы 12 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы, Үлкен Нарын ауданы, Жұлдыз аулында дүниеге келді. 1965 жылы Таврия орта мектебін бітіріп, сол жылы Семей мемлекеттік медицина институтына оқуға түсті. 1971 жылы емдеу факультетін аяқтап, ЖМКА реанимация бөліміне анестезиолог-реаниматолог болып жұмысқа түсті. 1971, 1976, 1980 жылдары дәрігерлердің білімдерін жетілдіруге арналған Алматы институтынан, 1983 жылы Ташкент қаласындағы дәрігерлердің білімдердерін жетілдіру институтынан мамандандырылудан өтті.

1985 жылы Москва қаласындағы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының меңгерушілеріне арналған білім жетілдіру институтынан, Запорожье қаласындағы денсаулық сақтауды және әлеуметтік гигиенаны ұйымдастыру бойынша дәрігерлердің білімдерін жетілдіру институтынан, 2002, 2004 жылдары Алматы қаласындағы денсаулық сақтауды ұйымдастыру бойынша білімін жетілдіру институтынан білімін жетілдіруден өтті. 1980 жылы №4 қалалық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары, 1982 жылы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының орынбасары болып тағайындалды.

2002 жылдан бастап ММ «ШҚО аймақтық Апат медицинасы орталығының» директоры және ШҚО Денсаулық сақтау Департаментінің шұғыл медициналық көмек көрсету жөніндегі штаттан тыс бас маманы болып тағайындалды. Үйленген, 2 баласы бар. Тарихи кітаптар оқуды және саяжаймен айналысуды ұнатады.

Мекеменің атауы: «Шығыс Қазақстан облыстық аймақтық Апат медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесі Құрылған жылы: 05.01.2000 ж. Негіз: 31.12.1998 ж. ҚР Үкіметінің «Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнінде ҚР халқына медициналық-санитарлық көмек беруді ұйымдастыруды жетілдіруде кезек күттірмейтін шаралар туралы» №1382 Қаулысына және ШҚО әкімдігінің 31.08.1999 ж. № 737 өкіміне, Шығыс Қазақстан облыстық Денсаулық сақтау басқармасының 05.01.2000 ж. № 04 бұйрығына сәйкес құрылды.

Регламенттеу құжаттары – Қазақстан Республикасының «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» 05.07.1996 ж. Заңы, Қазақстан Республикасының «Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнінде ҚР халқына медициналық-санитарлық көмек беруді ұйымдастыруды жетілдіруде кезек күттірмейтін шаралар туралы» 31.12.1998 ж. №1382 Қаулысы, Денсаулық сақтау комитетінің 03.02.1999 ж. «Төтенше жағдайларда ҚР Шұғыл медициналық жәрдем қызметтерін дамыту және жетілдіру туралы» №47 бұйрығы, «ШҚО аймақтық Апат медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесінің Жарғысы, Аймақтық Апат медицинасы орталығы туралы Ережесі. Директордың лауазымдық міндеттері – «ШҚО ААМО» ММ басқару, АҚ пен ТЖ мәселелері бойынша дәрігерлер мен медициналық бикелерді, облыс орталығы және облыс қалалары мен аудандарын даярлау.

 Қабылдау күндері: сейсенбі, жұма сағат 10:00-ден – 17:00-ге дейін.
 Телефоны: 521-204

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 01.02.2012 / 20.02.2017