«Шығыс Қазақстан облысының туберкулезге қарсы диспансері» КМҚК

«Шығыс Қазақстан облысының туберкулезге қарсы диспансері» КМҚК

Садвакасова Динара ЖамбылқызыСадвакасова Динара Жамбылқызы-  жоғары санатты, денсаулық сақтауды ұйымдастырушы,бас дәрігер.
Туберкулез денсаулық сақтау қоғамында тек Қазақстанда ғана емес, сондай- ақ әлемнің көптеген елдерінде айтарлықтай  мәселе болып жалғасуда, сонымен қатар  туберкулез 2020 жылға дейін  әлемде бірден-бір ауыр дерт болып қала береді. Әлемде туберкулезге қарсы тиімді күресу үшін, БӘДСҰ  ұсынған «The Stop ТБ STRATEGY» кешінді жоспарын іске асыру мақсатталған.
Негізгі мәселелер болып  туберкулез науқастарын ерте және уақытылы анықтау болып табылады, бұл оларды тез және тиімді емдеу үшін керекті жағдай.Туберкулезді ерте және бастапқы кезеңде  анықтау, Туберкулез инфекциясын алдын алудың шешуші  мағынасы бар,оның таралуын ескерту  маңызды орын алады.  Тұрғындардың арасында  туберкулезді ерте анықтау  тәсілдерінің іс-тәжірибеде кең таралған жаппай тексерудің  3 негізгі әдіс қолданылады.
-туберкулин сынамасы (Манту сынамасы );
-кеуде қуысының  флюорографиясы;
-ТМБ болғандағы қақырықты зерттеу;
Балаларды  туберкулезге тексерудің негізгі әдістері туберкулин сынамасы болып табылады. Балалар туберкулин реакциясы пайда болуы бойынша  алғашқы ТМБ жұқтырудың нәтижесін анықтауға болады.
Жасөспірімдер бірінші және екінші ретті өкпе туберкулезімен ауыру қаупі бар, сондықтан жасөспірімдерді тексеру әдісі туберкулин сынамасы және кеуде қуысының флюорографиясы болып табылады.
Кеуде қуысы флюорографиясы және қақырықты «Туберкулез микобактериялары ТМБ» ТМБ-ға микробиологиялық зерттеу ересектерді туберкулезге  тексеру әдісі  болып табылады.
Туберкулездің ерте анықталуы үшін тұрғындардың жоғары қауіп-қатер тобының жаппай флюорографиялық  тексерілуінің алдын алуының үлкен  мағынасы бар.
Жоғары қауіп-қатер тобына
-туберкулезді емдегеннен кейінгі өкпе қабығындағы және өкпеде қалған өзгерістері бар адамдар;
-бірнеше рет бронх-өкпе созылмалы  аурулармен  қайталанған,бірнеше рет жоғарғы тыныс жолдары ауыруларымен қайталанған,аптиялы өкпенің қабынуының қайталануымен ауырған  науқастар;
-экссудативті плевритпен ауырғандар;
-өкпенің шаң-тозаңдық кәсіби  аурумен ауырған науқастар;
-асқазан жарасы  және  он екі елі ішек және осы аурулар үшін ота жасалғандар;
-қант диабетімен ауыратындар;
«Шығыс Қазақстан облысының туберкулезге қарсы диспансері» КМҚК-психикалық сырқаттағыдар;
-ішімдікпен және нашақорлықпен сырқаттағыдар;
-ұзақ гормондық немесе сәулелік терапияны алған науқастар;
-ЖИТС және АИТВ жұқтырған  сырқаттар.
Қақырықты ТМБ-ға тексерту алдын алу әдістерінің негізіне кіреді.Туберкулез жұқпасы ошақтарын зерттеуді күшейту барысында Туберкулез науқастарын қақырықты ТМБ-на тексеру әдісі және  жалпы кешенді диагностикалық шаралар негізінде  туберкулезі науқастарының 10-15 пайызын қосымша  анықтауға мүмкіндік береді.
ШҚО  туберкулезге қарсы қызметі, ЮСАИД-ың көмегімен уақытында ілгері басты, 2014 жылдан бастап туберкулез диагностикасының  жаңа инновациялық гендік- молекулярлық  Хреrt  МТВ /RIF технологиясы  еңгізілді. Қазіргі уақытта автоматтандырылған  гендердің өзгеру кешенін рифампицинге резистенттілігін 2 сағат ішінде ДНҚ МТБ толықтай полимеразалық тізбек реакция (ПТР)  әдісімен анықтау мүмкіндігі туды.
Сонымен қатар  ВАСТЕК МGIT-960 толықтай  автоматтандырылған дақылдық диагностика , сұйық орталар қолдану арқылы жүзеге асатын дәрілік тұрақтылықты анықтауға арналған құрылғы, туберкулезді диагностикалау уақытын айтарлықтай қыстартты «21 күнге дейін». Қазіргі таңда осындай диагностика түрлерін Шығыс Қазақстан облысы бойынша Облыстық туберкулезге қарсы диспансер Өскемен қаласы және Аймақтық туберкулезге қарсы диспансер Семей қаласында жүргізіледі.
Диагностиканың  жетекші әдістерінің бірі ретінде бронхоскопия болып есептеледі. Алдын –алу және емдеуге арналған тиімді  тәсіл.
Туберкулезбен қарсы күрес барысында тиімді емдеу тәсілдердің құрамында туберкулезге қарсы дәрі-дәрмектер болып табылады. Кох таяқтаяшасы толығымен жойылып, адам ағзасы тазарғанша емдеуді үзбей жалғастыру өте маңызды орын алады. Қазіргі таңда көптеген кешенді емдеу жүйесі қалыптасқан. Соның құрамында:
«Шығыс Қазақстан облысының туберкулезге қарсы диспансері» КМҚК-Химиотерапия
-Коллапсотерапия «хирургиялық  және дәрі-дәрмекті тәсілдердің біріккен жүйесі» 
-Қосымша дәрі-дәрмектік емдеу жүйесі.
-Ем-дәмдік және санитарлы-шипажайлық ем
Хирургиялық емдеу тәсілдері өкпенің жараланған бөліктерін алып тастау оқшаулауға бағыттанға. Колапсохирургия  өкпе тіндерін алмай қысым арқылы емдеу жүргізеді. Резекциялық хирургиялық тәсілдердің  «сегментарлы резекция, комбинирленген резекция, лобэктамия, пневмоэктомия » жүргізу арқылы өкпедегі ыдырау мен бактерия бөлуді тоқтату үшін арналған.
Күнделікті тұрмыста туберкулезді алдын-алу үшін қарапайым жеке бас гигиенасын ұстану, жиі-жиі желдету, таза ауада серуендеу, уй жиыстыру хлор қоспалы ерітінділермен жасау. Кох таяқшалары күн сәулесіне жылдам өледі «5минут» , ыстық темпаратураға төзімсіз 60 с градуста 20 мин, 70с градуста 5 минутта бактериялар тіршілігін жояды.
Барлық осы іс-шаралар туберкулездің негізгі қауіп-қатер  факторының дамуының төмендеуіне ерік береді,елімізде,облыста және аумақтарда туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдайды жақсартуға әкеліп соқтырады.

Байланыс  деректері :
Орналасқан орны : ШҚО Глубокое ауданы,Опытное поле ауылы
Филиалы: «ШҚО Өскемен  қаласы, рабочая көшесі » Ересектер диспансерлік бөлімшесі  және КДЗ.
«ШҚО Өскемен  қаласы, Белинский көшесі,39. Балалар  диспансерлік бөлімшесі
Жұмыс тәртібі: 8:00-15:42                                   
Тұрғындармен жұмыс бойынша байланыс телефондары:
ауруларды қабылдау бөлмесі 8(723)2-54-48-62,
бас дәрігердің қабылдау бөлімі -8(723)2-52-47-75,
ересектер диспансері бөлімшесінің тіркеу бөлімі-8(723)2-77-27-04.
Ресми сайт:http://tubdispanser.kz

 
 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 01.02.2012 / 12.04.2017